kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саңырауқұлақтар әлеміне саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саңырауқұлақтармен таныстыру,олардың орманда өсетіндігі жайлы түсініктерін кеңейтіп, сөздік қорын молайту. Екі бөліктен тұратын қалпағы мен аяғын біріктіру тәсілін қолдана отырып, табиғатқа деген қызығушылыты қалыптастыру, табиғатта жүргенде өздерін ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саңырауқұлақтар әлеміне саяхат»



Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Ақсу ауылы.

Окапова Асель Сыдыковна «Еркетай» бөбекжай-бақшасы» КМҚК-ның тәрбиешісі.


Саңырауқұлақтар әлеміне саяхат

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Оқу іс- әрекеті: Мүсіндеу.

Мақсаты: Саңырауқұлақтармен таныстыру,олардың орманда өсетіндігі жайлы түсініктерін кеңейтіп, сөздік қорын молайту. Екі бөліктен тұратын қалпағы мен аяғын біріктіру тәсілін қолдана отырып, табиғатқа деген қызығушылыты қалыптастыру, табиғатта жүргенде өздерін ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Саңырауқұлақ суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: Ермексаз, сулық.

Сөздік жұмыс: Саңырауқұлақ.

Қостілділік компонент: Саңырауқұлақтар-грибы.

Тәрбиеші: Балаларды шаттық шенберге ұйымдастырамын.

Шаттық шенбер:

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

ренжуді білмейміз.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Араймен атқан күнге.

Балалар тәрбиешімен бірге сәлемдесу рәсімін жасайды.

Тәрбиеші: балалар, бүгін мен сендерді орманға серуендеуге шақырғым келіп тұр.

-Сендер қарсы емессіңдер ме?

-Жоқ.

Ғажайып сәт:

-Балалар, олай болса шеңберге тұрып, «Орманға саяхат» деген ойынымызды ойнап жіберейік.

Амасың ба, таңғажайып орман,

Ертегімен, сиқырға толы!

Ал жапырақтар не деп шулайды,

Қараңғы түнде қорқытып.

Орманда қандай сыр жатыр,

Бұл қандай аң, қаңдай құс?

Жасырмай бізге, бәрін айт,

Достарың саған келіп тұр.

Тәрбиеші: Міне, балалар біздер ормандағы көгалға да келдік. Құстардың сайраған дауыстары, ағып жатқан судың сылдыры шығады. (аудио жазба қосамын). Көгал қандай әдемі, қандай керемет.

-Балалар, қараңдаршы, мына жерде біреу тығылып жатқан сияқты.

Тәрбиеші: Ой, балалар бұл тиын екен ғой. Тиынның көңіл-күйі жоқ, қабағын түйіп алған.

Тиын: Мен орманның көңілді тиынымын. Амансыңдар ма, балалар! Сендер менімен дос боласыңдар ма?

Тәрбиеші: Балалар, тиынмен дос боламыз ба?

Балалар: Ия, дос боламыз.

-Құрметті дос, неге сен көңілді тиынға ұқсамайсың, көңіл-күйің жоқ, сені біреу өкпелетті ме? Бізге айтып берші. (балалар кілемнің үстіне отырады).

Тиын: Менің көгалымда көптеген санырауқұлақтар өсетін еді. Бір күні орманға екі қыз келіп барлық санырауқұлақтарымды жұлып, алып кетті.Қыздар өздерінің қателіктерін түсінді, орманның сұлулығын жойды, бірақ бәрі кеш еді, қолдарынан не келеді?

Тәрбиеші: Ия, өте көңілсіз жағдай екен. Балалар,біздер тиынға көмектесіп, көгалды қалпына келтірейік. Олай болса, біздер ермексаздан мүсіндеу арқылы тиынға санырауқұлақтар жасап берейік. Тиын сен мына жерге отыр да, балалардың жұмысын бақыла.

Балаларға саңырауқұлақтың суретін көрсетіп, саңырауқұлақ жайлы түсінік беремін. Саңырауқұлақ орманда, ағаш түбіртектерінде көп болады. Олар кейде топтала да өседі. Саңырауқұлақтың екі түрі бар: улы және жеуге жарамды. Саңырауқұлақтың шыбынжұт, қозықұйрық, майқұлақ, сияқты түрлері болады. Саңырауқұлақ екі бөліктен тұрады: қалпағы, аяғы бар.

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетемін.

Қызыл түсті ермексазды екі алақанымыздың ортасына салып, жұмсартып,қалпақ жасаймыз. Ортасын ойық жасау үшін, саусағымызбен басамыз. Ақ түсті ермексаздан сабағын жасаймыз. Ол үшін оны "шұжықша" пішінге келтіреміз. Қалпағы мен сабағын біріктіріп, тегістеп қоямыз.

-Жапсыру кезінде бірінші сабағын жапсырып, одан соң қалпағын жапсыру орындалады.Балалардың жұмысына көмектесу. Қай топ жақсы жұмыс жасағаның көрейік.

Сергіту сәті.

"Күн мен жаңбыр" ойыны.

Тәрбиеші "Күн шықты" дегенде балалар саңырауқұлақ теріп жүгіріп жүреді. "Жаңбыр жауды" дегенде қолшатырдың астына жиналады. Балалар ойынға қызыға қатысады.

Балаларды орнына отырғызып, жұмыстарын талқылау. Жасаған саңырауқұлақтарымызды көрмеге қояйық.

Тәрбиеші: Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырамын шешуін таба аласыңдар ма?

Бір аяғы, қалқиған қалпағы бар,

Ағаш түбінде тұрағы бар.

Ол не?

Балалардың жауабы: Саңырауқұлақ.

Дұрыс. Ол саңырауқұлақ екен.

Саңырауқұлақты орысша "грибы" деп айтамыз.

Балалар: "Грибы" деп қайталайды. Жасаған жұмыстарын көгалға апарып жайғастырады. Тиын қуанып, балаларға алғыс айтады.балалармен қоштасып шығып кетеді.

Қорытынды:

Тәрбиеші:Балалар, бүгін біз не мүсіндедік?

Балалар: Саңырауқұлақты мүсіндедік.

Тәрбиеші: Саңырауқұлақ қайда өседі?

Балалар: Орманда өседі.

Тәрбиеші: Ол неше бөліктен тұрады?

Балалар: 2 бөліктен тұрады, қалпағы және сабағы.

Балаларды мақтап, мадақтаймын.

Балалар қуанады.











































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Саңырауқұлақтар әлеміне саяхат

Автор: Окапова Асель Сыдыковна

Дата: 15.01.2021

Номер свидетельства: 570148

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) ""Сиқырлы табиғат әлеміне саяхат""
    ["seo_title"] => string(31) "sikyrly_tabigat_lemine_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "507053"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1555245680"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(49) "Орман әлеміне саяхат жасау"
    ["seo_title"] => string(30) "orman_lieminie_saiakhat_zhasau"
    ["file_id"] => string(6) "419467"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1496129148"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Сыныптан тыс сабақ: Физика әлеміне саяхат"
    ["seo_title"] => string(43) "synyptan_tys_sabak_fizika_lieminie_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "356599"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1478602805"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "?ас?ыр мен 7 ла?. 7 санын "+" "-" (Ертегілер ?леміне саяхат) "
    ["seo_title"] => string(59) "k-ask-yr-mien-7-lak-7-sanyn-iertieghilier-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "170454"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423561032"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "4 санына к?бейту ж?не б?лу"
    ["seo_title"] => string(24) "4sanynakobieituzhniebolu"
    ["file_id"] => string(6) "278529"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453106553"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства