Мақсаты: Өткен тақырыптарды қайталау.10 сан көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау. Балалардың тілін дамыту, іс-әрекет дағдыларын меңгерту, геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажырата білуге,тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: «Математика әлеміне саяхат»»
Мектепалды даярлық топ
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: «Математика әлеміне» саяхат
Мақсаты: Өткен тақырыптарды қайталау.10 сан көлемінде сандық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау. Балалардың тілін дамыту, іс-әрекет дағдыларын меңгерту, геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажырата білуге,тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Балалар бәріміз күн сияқты дөңгеленіп тұрайықшы.Күнге қолдарыңды созыңдар.Күннің жомарт сәулелері барлық өкпе мен мұңды жібітеді.
-Балалар күн бізге не береді?
-Біз күннен алған жылуымызды бір-бірімізге береміз.
Міне жүрегіміздегі осындай жылумен оқу қызметін бастаймыз.
-Балалар біз бүгін « Математика әлеміне» саяхатқа барамыз. Балалар бұл саяхатта біз көптеген тапсырмаларды орындаймыз. Мен сендерге құр қол келген жоқпын. Мына шарларды ала келдім.
-Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
-Қане, атап шығайық....
Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
Мына шардың түсі қандай?
Сары шарды көрсету. Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді?
Бұл шардың түсі қандай мезгілді білдіреді?
Қыста жер қандай болады?
Жасыл шарды көрсету.Бұл түс шөптердің түсі сияқты. Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады. Ағаштар бүршік жара бастайды?
Қызыл шарды көрсету. Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді?Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады
Балалар бізге шардың шетінде жапсырылған қағазда тапсырмалар бар екен .
Қане оқып берейін ,тапсырмаларды орындайық :
1 тапсырма
1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.
2-тапсырма
Адамда қанша көз бар?
3- тапсырма
Адамда қанша саусақ бар?
4 тапсырма
Жұлдыздың неше бұрышы бар?
Дидактикалық ойын : «Көршісін тап»
Қолдарыңдағы қағаздағы сандардың көршілерін тауып берейік.
Жарайсыңдар балалар! Сергіту сәті
Мен сендерге жұмбақтар жасырғым келіп тұр, қане жұмбақ шешейік. Бұл жұмбақтар фигураларға байланысты.
1. Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, менің атым.........
2. Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме,
Бірден білер құлақ асқан сөзіме
3.Теледидар таныс екен баршаға,
Ал пішінім ұқсайды ғой .....
Дұрыс таптыңдар балалар, жұмбаққа өте жүйрік екенсіңдер.
Тапсырма беру
Күн сияқты дөңгеленіп тұрады. Күнге қолдарын созады.
-Күн жылу ,жарық ,сәуле береді.
-төрт мезгіл бар
қыс, көктем,жаз, күз
күз
-Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Жер беті сары кілемге ұқсайды.
ақ
-қыс мезгілі
Аппақ қар.
көктем мезгілі
жаз мезгілінде
санау
(2)
(10)
(5)
Сандармен жұмыс жасайды
дөңгелек
ұшбұрыш
шаршыға
Тапсырмаларды орындайды
Рефлексивті -түзетушілік
Балалар ақылмен ойлап әр түрлі нәрселер жасауға болады екен.
Мына кішкене пішіндерден құс ұясын құрастырып көреміз бе?
-Құс ұясын құрастыруға қандай пішіндер қажет?
-Қандай пішіндерді білеміз?
Өте жақсы құрастырдыңдар .
Оқу қызметін қорытындылау.
Мадақтау.
Құс ұясын
құрастырады
Күтілетін нәтиже:
Біледі : Сандарды тура және кері санауды және геометриялық фигуралардың атауларын біледі .
Түсінеді : Фигуралардың күнделікті өмірде кездесетінін ,оның пайдаға жарайтынын түсінеді.
Орындай алады : Өз ойларын толық жеткізе алады, сандарды санауды , пішіндердің аттарын толық айта алады .