Ұйымдастыру - іздестіру | Логопедпен әңгімелесу: Бүгін ауа-райы қандай? Қазір жылдың қай мезгілі? Қыста неше ай бар? Олар қандай айлар? -Ия, қар жауды, адамдар жылы киінді, күн суытты. Адамдар, аңдар, құстар барлығы да қысқа дайындалады. Кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетті, ал кейбіреулері қыстап қалады. Ғажайып сәт: Есік қағылып Дымбілмес келеді. Дымбілмес: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге қызық көрсетейін деп келдім. (Қолтығынан торғай алып шығады) Міне – торғай, жаңа ғана ұстап алдым. Ой, балалар сендерге қызық емес пе не? Логопед: Дымбілмес, сен біздің балаларға ренжіме. Сен құстарды ұстауға болмайтынын білмейсің бе? Қыстайтын құстарға тиіспей, оларға қамқор болу керек. Сенің қыстайтын құстар туралы білгің келе ме? Онда балалармен бірге отырып тыңда. Суретпен жұмыс (Қыстайтын құстар туралы 3-7-слайдтарды қарау). Қарға , Сауысқан, Торғай, Үкі, Бүркіт Бүркіт орманда, тауда өмір сүреді. Адамдар бүркітті қолға да ұстайды. Аң аулауға баптайды. Ондай адамды құсбегі деп атайды. Бүркіт - қасқыр, түлкі, қоян аулайды. Сауысқан, қарға, торғайды күнде кездестіреміз. Құстардың ортақ қасиеті: қанаты бар, ұшады, тұмсығы бар, шоқиды. Құстардың айырмашылығы: әртүрлі дауыстайды. Құстардың пайдасы: олар ағаштарды зиянды жәндіктерден тазалайды. Әңгіме оқып беру: Балалар, енді мен сендерге Т.Тайбазарұлының «Қайтпай қалған қарлығаш» әңгімесін айтып берейін. Әңгімені талдау. Балалар , әңгіме не туралы? «Қайтпай қалған қарлығаш» деп неге аталған? Әңгіме қарлығаш туралы екен. Оның қанаты жарақаттанып, жылы жаққа ұша алмай қалыпты. - Кім оған көмекке келді? - Көрдің бе Дымбілмес, құстарға қамқорлық жасап, қорғау керек 6. Жұмбақтар Қонып алып жарға, Қарқылдайды (қарға) Өзі сақ, өзі ұзын, Шықылықтап тұрмайды. Құйрығы ұзын, өзі бұтақтан бұтаққа ауысқан, Бұл қандай құс (сауысқан) Енді, келесі құстар туралы білу үшін тақпақтар айтамыз Торғай, үкі, тоқылдақ туралы тақпақтар Торғай,торғай,тоқылдақ, Жерден тары шоқып ап. Бөтегесі бұлтиып, Момақансып отырып ап. Тақылдатып мазаны ап, Ағаштарды тазалап, Тоқылдақ орманды емдейді. Тыныс алу жаттығулары: Ұлпа қарларды үрлеу. Балалар мына ұлпа қардың түсін айтындаршы! Сергіту сәті. Қарға біздің қар, қар, Сауысқаныс саңқ, саңқ. Торғайларым шиқ, шиқ, Жапалағым ух, ух. Көкек көкек, көкек деп, Ұшады екен желпілдеп Д/ойын: «Бұл қай кезде болады?!» Фонетико- фонематикалық жаттығу: ақ-ақ қар аппақ, ық-ық-суық, ыс-ыс-қыс, аз-аз-аяз Ойын: «Не артық?» Мақсаты:Балаларды орман тұрғындарын үй жануарларынан ажырата білуге дағдыландыру. Шарты:Бала жабайы жануарлардың ортасынан үй жануарын тауып алуы керек.Аю,қасқыр,түлкі,сиыр т.б. | Сұрақтарға жауап береді (Балалар таңырқай қарайды) Тындайды Әңгімелеседі Суретті қарайды тындайды сұраққа жауап береді Әңгіме тыңдайды Талдайды Жұмбақ шешеді Тақпақтар айтады Сергіту сәтінде қимыл-қозғалыстар жасайды Ойын ойнайды Фонетико- фонематикалық жаттығуларды жасайды ойын ойнайды |
Рефлексивті - түзетушілік | Қорытындылау. Логопед: Балалар, осы ормандағы құстарды,аңдарды қорғайтын сендерсіңдер.Ел байлығы-жер байлығы.Осы байлығымызды аялайық. Дымбілмес: Рахмет сендерге, берген мәліметтеріне, мен енді құстарды аялап, қамқорлық жасайтын боламын! Сау болыңдар,балалар ! Жылулық шеңбері: «Жүректен жүрекке» | Дымбілмеспен қоштасады Жылулық шеңберінде бір-біріне жылы лебіздер сыйлайды |