Просмотр содержимого документа
«"Әріптер әлемінде" сауат ашу негіздері ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті»
Ересек «Ақбота» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 03.09.2019 ж
Тәрбиеші: Берік А.Б
Білім беру саласы: Коммуникация
Пән: Сауат ашу
Топ: Ересек тобы
Өтпелі тақырып: Менің балабақшам
Тақырыбы: Әріптер әлемінде
Мақсаты:Балалардың дыбыс, буын, сөз туралы түсініктерін қалыптастыру, сөз туралы білімдерін жетілдіру, сауат ашуда сөздік қорын байыту, ойындар арқылы балалардың байланыстырып сөйлеу қабілетін арттыру, ситуациялық жағдайлар арқылы балалардың ой - өрісін, қиялын, шығармашылығын дамыту, танып – білуге деген қызығушылықтарын арттыру.
Шаттық шеңбер
Балалар бізге бүгін көптеген қонақтар келіпті. Ендеше бәріміз қонақтарға сәлем беріп алайық. Бақшамен, достарымен амандасады, тақпақты бірге қайталайды.
Аптаның бүгін нешінші күні?
Бір аптада неше күн бар?
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Қай ай? күз мезгілінде неше ай бар?
Қазір қандай ай? Күз айларын атап береді.
-Иә, дұрыс айтасыңдар. Осы кезде топқа муз әуенімен Дымбілмес кіреді.
Сәлеметсіздер ме, ой мен қайда келдім? Маған «Балдәурен» бақшасы керек.
Тәр: Иә,Дымбілмес сен «Балдәурен» бақшасына келдің.
Дымбілмес: Балалардан мен көмек сұрап келдім. Менің анам мен әкем әперген сиқырлы әліппемнің кілтін аша алмадым. Мен ол тапсырмаларды білмеймін. Сондықтан балалардан көмек сұрап келдім. Тәр: қане, мына жерде кілтті қалай ашу керектігі жазылыпты. Әріптер әлеміне ғарышқа шақырып жатырған сияқты, содағы тапсырмаларды орындасақ қана кілтті таба аламыз. Ол тапсырмаларды орындау үшін «Дымбілмеске көмектесеміз бе? Қалай,
ғарышқа көтерілуіміз керек? Онда ұшақ пен барамыз деп тұрсыңдар ғой. Балалар әріптер әлеміне бармас бұрын, әріптер жайында білетін тақпақтарымызды, мақалдарымызды айтайықшы. Кім оқу білім жайлы мақал айтып береді.
Әріптер жайында тақпақ айтайық. Жарайсыңдар. Онда кеттік. Ұшақты бағыттайтын командир етіп, Темирланды тағайындаймын. (Үнтаспадан ұшақтың дыбысы қосылады).
Ой, балалар міне қаншама орындайтын тапсырмалар бар. Тапсырмалардан қорқпаймыз ба?Орындарымызға жайғасайық.
Балалар ҰОІӘ бастамас бұрын сауат ашу іс-әрекеті жайлы сұрақтар қоямын. Жауап беріңдер.
«Ойлан тап» 1. Сауат ашу оқу іс-әрекетінде неге үйренеміз? Әріп дегеніміз не?Дыбыс нешеге бөлінеді? Қандай-қандай болып бөлінеді? Дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді? Дауыссыз дыбыс қандай текшемен белгіленеді? Жарайсыңдар, сендерге ойын ұнады ма?
Баяу муз әуені ойналады.
Тілдің бұлшық етіне арналған жаттығу. Айнамен жұмыс
І-тапсырма. «Сөз ойла тез ойла» Балалар экранға көңіл аударайық, көрсеткен әріпті тауып, 3-тілде аудармасын айтасыңдар.
Жарайсыңдар. Балалар, енді бүгінгі жаңа тақырыпқа көшеміз, жұмбақ жасырамын, жауабын айтасыңдар, слайд.
ІІ-тапсырма,жұмбақ арқылы жаңа тақырыпты табамыз.
1.Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
2.Көк ала костьюм киеді
Бойын жерге жасырған
Күннің көзін сүйеді
Бұрымы бар жасылдан.
3. Қалқиып ұзын құлағы,
Елеңдеп, қорқып тұрады.
Балалар , бүгін –Қ,-қ әрпі мен дыбысы.
Балалар, қолымызды иегіміздің астына қойып, - қ деп айтайық. Балалар, қолымыз иегімізге тиіп тұр ма? Неге? Баллалар, -қ дыбысынан басталатын сөздерді білеміз бе? Балалар, енді қой сөзін буынға бөлейікші. Бірбуын. Қой деген сөзді алдымыздағы текшемен жазамыз. Балалар орнымызда отырып жаздық па? Дауысты дыбыс қай жерінде орналасқан? Қой деген сөзде неше дыбыс бар? Текшемізді жинап қояйық.( Муз әуені)
Сергіту сәті: «Дыбысты анықта»
А-деген дыбысты айтқанда қолымызды шапалақтаймыз.
Қ-деген дыбысты айтқанда аяғымызды тарсылдатамыз.
Қолтырауын,қасқыр,аққу,алма,қасық,қазан,ана,айнат.б шатасып кеткен бала орынына жайғасады.
Өте жақсы.
Ойын: «ойлан тап» муз әуені Көптеген заттар тұр,-қ дыбысынан тұратын затты алып, оған сөз құраймыз. Жарайсыңдар.