kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Разработка урока физкультуры

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы:  Африка еліне саяхат

Мақсаты:

1. Білімділік: Салауатты өмір сүру салтының маңыздылығын түсіндіру; Твистер әдісін қолданып, аяқ-қол қимылдарын үйлестіре отырып өз денесін басқаруға жетелеу; Тепе-теңдікті сақтап жүруге үйретуді жалғастыру.

2.Дамытушылық: Балалардың қимыл-қозғалыстарын жетілдіру.Аяқ-қол бұлшықеттерін шынықтыру. Ойлау қабілетін дамыту. Музыка ырғағымен жүру, жүгіруді, әр түрлі қимыл-қозғалыстарын дамыту.

3.Тәрбиелік:Балаларды қамқорлыққа баулу.  Шыдамдылыққа, ептілікке, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Пальма, желкенді қайық, шағала, су, күн.

Ресурстар: Көк  материал(3м),  ойыншық балықтар, еңіс тақтай, гимнастикалық орындық,  2 м арқан, суджок  доптары (әр балаға), 2 маймылдын маскасы.

                                                                

                                       2018 жыл

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Разработка урока физкультуры»

Білім беру саласы: Денсаулық

Бөлімі: Дене шынықтыру

Тақырыбы: Африка еліне саяхат

Мақсаты:

1. Білімділік: Салауатты өмір сүру салтының маңыздылығын түсіндіру; Твистер әдісін қолданып, аяқ-қол қимылдарын үйлестіре отырып өз денесін басқаруға жетелеу; Тепе-теңдікті сақтап жүруге үйретуді жалғастыру.

2.Дамытушылық: Балалардың қимыл-қозғалыстарын жетілдіру.Аяқ-қол бұлшықеттерін шынықтыру. Ойлау қабілетін дамыту. Музыка ырғағымен жүру, жүгіруді, әр түрлі қимыл-қозғалыстарын дамыту.

3.Тәрбиелік:Балаларды қамқорлыққа баулу. Шыдамдылыққа, ептілікке, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Пальма, желкенді қайық, шағала, су, күн.

Ресурстар: Көк материал(3м), ойыншық балықтар, еңіс тақтай, гимнастикалық орындық, 2 м арқан, суджок доптары (әр балаға), 2 маймылдын маскасы.

Кіріспе бөлім

-Музыка әуенімен, саппен адымдап жүреді. Денемізді тік ұстаймыз.

Ортаға келіп сапқа тұрады.

Жылулық шеңбері:

Мейірім ол жылулық қой шашылған

Сыры оның ежелден-ақ ашылған.

Барлығымыз мейірімді болайық

Жақсылығын бір-бірінен асырған

Мейірімділік шоғын алайық

Жиналған жылу шуақты

Қонақтарға сыйлайық

Сәлеметсіңдер ме, қонақтар!



Т: Жақсы жарайсыңдар! Олай болса әрқашанда жақсы істер жасауға дайын болайық.

Айболит көңілсіз болып кіріп келеді.

Т: Сәлеметсіңбе Айболит! Айболит: Сәлеметсіңдер ме (көңілсіз)

Т:- Айболит көңілсіз ғой балалар?

Дәрігер Айболит: Қалай көңілсіз болмаймын. Маған Африка елінен телеграмма келді. Африка елінде кішкентай маймылдыр ауырып қалыпты. Жалғыз өзім қалай барамын, жол алыс, апаратын заттарымда көп. Неше түрлі қиындықтар кездесуі мүмкін.

Т: Балалар көмектесейікші?

Б: иә, көмектесейік!

Т: Оңға бұрыл, шеңбер бойымен алға қадам бас.

Т: Олай болса, дәрігер Айболитпен бірге Африка еліне аттанайық. Шеңбер бойымен алға қадам бас. Денемізді тік ұстайық, тіземізді жоғары көтереміз. Ирелеңдеп жүреміз. Балалар Африка елінде неше түрлі жануарлармен өсімдіктер бар.

І.Керік: Африкада Керік өмір сүреді. Оның бойы ұзын. Қолымызды жоғары көтереміз, аяғымыздың ұшымен жүреміз. Денемізді тік ұстаймыз, биікке созыламыз. Жаттығу аяқталды.Бастапқы қалып.

ІІ. Тотықұс:Африкада тотықұс өмір сүреді. Қолымыз артымызда, өкшемізбен тотықұс болып жүреміз. жүреміз. Қанекей тырысамыз әдемі болып жүргенге. Жаттығу аяқталды. Бастапқы қалып.

ІІІ.Түйеқұс:.Африкада және де түйеқұс өмір сүреді. Түйеқұс болып жүрейікші. Қолымызды тіземізге қойып, тізені бүкпей түзу ұстап жүреміз. Жаттығу аяқталды. Бастапқы қалып.

ІV. Сілеусін: Африкада тағы да сілеусіндер өмір сүреді екен. Сілеусіндер мысыққа өте ұқсайды. Ол қояндарды, еліктерді аулап жейді. Жемтігін аңдыған сілесін ұқсап, тізерлеп, шынтағымызбен жүреміз. Жаттығу аяқталды. Бастапқы қалып.

V. Зебра:Африкада жылқыға ұқсас алақұлан өмір сүреді екен. Канекей қолымыз белімізде , оң аяғымыз алдында, басымызды тік ұстап алақұлан болып жүрейік Жақсы жарайсыңдар.

. Гиенадан қашайық. Балалар артымыздан гиена деген жануар келе жатыр. Ол өте қорқынышты жануар. Гиенадан қашайық. Жеңіл жүгіріспен шеңбер бойымен жүгіреміз. Мұрнымызбен дем аламыз. Жақсы жарайсыңдар. Жаттығу аяқталды.

VІІ:Тыныс алу: Қолымызды жоғары көтеріп, мұрынмен тыныс аламыз, ауызымызбен шығарамыз. Жақсы жарайсыңдар. Ал енді саяхатымызды ары қарай жалғастырамыз. Өйткені алдымызда бізді ауырып қалған кішкентай маймылдар күтіп отыр. Солай емес пе балалар. Ендеше балалар екі колоноға бөлінеміз. Сап екі колонага бөлін .

Т: Орнымызда, тоқтат. 1,2.

Т: Балалар қараңдаршы алдымызда қандай улкен теңіз.Толқын қандай, шулап ағып жатыр. Қанекей балалар теңіз жағасына тіземізбен отырайық. Денеміз тік, қолымыз тізеде. Балалар қандай жақсы теңіз жағасында отырған. Ауасы қандай таза. Теңіз үстінен шағалалар ұшуда. Ал жағалауда толқындар тербеліп жатыр.

Негізгі бөлім

Жан-жақты дамыту жаттығулары:

1-жаттығу «Толқын жасау» .қолымызды матаның үстіне қоямыз, денеміз тік , енді толқынды жасаймыз. Барлығымыз бірге жасаймыз қолымызбен жоғары-төмен, жоғары-төмен.(3-4рет). Жақсы, жаттығу аяқталды.

2-жаттығу «Толқын ұқсап тербелу».Келесі жаттығуымыз балалар, толқындар ұқсап тербелейік.Денемізді тік ұстаймыз. Музыка әуенімен мойнымызды оңға-солға бұрамыз (3-4 рет). Жақсы, жаттығу аяқталды.

3-жаттығу «Үлкен толқын жасау». Біз сендермен толқындарға қарап таңырқап отырғанда, бізге қарай биік толқын келді. Қанекей барлығымыз үлкен толқын жасайықшы. Матаны шетінен ұстаймыз, тізеге дейін тұрамыз. Барлығымыз бірге , тату, көтереміз, енді ақырын түсіреміз. Жаттығуды ақырын, асықпай бір келкі жасаймыз. Жоғары-төмен 3-4 рет. Жаттығу аяқталды. Матаны орнына қоямыз. Қол тізеде. Денемізді тік ұстаймыз. Балалар біз саяхатымызды ары қарай жалғастырамыз. Балалар біз теңізден қалай өтеміз.

Т: Жақсы, кемеміз жүзу үшін бізге желкен қажет иа балалар.

4- жаттығу «Желкен жасау».Ол үшін оң қолымызбен матаны ұстап оң аяғымызды созамыз. Оң қолымызбен, оң аяқты созамыз, келесі қолымызбен аяғымызды ауыстырамыз.Тырысамыз, денемізді тік ұстаймыз, Аяғымызбен қолымызды созамыз. 3-4 рет жаттығу аяқталды.

Ой балалар біз ұзақ жүзіп келеміз, күнде ысып кеткен сияқты. Канекей салқындап алайықшы.

5-жаттығу «Аяғымызды созамыз». Олай болса балалар, аяғымызды судың астына саламыз. Екі қолымызбен матаны ұстап ақырын толқын жасаймыз. Аяғымызды салқындату үшін. Аяғымызды созамыз 1-2, денемізіді тік ұстаймыз. 3-4 рет жаттығу аяқталды.

6-жаттығу «Дельфин».Тізеге отырамыз, денеміз тік. Балалар біз аяғымызды суға салып салқындап жүргенімізде, біздің кемеміз дельфиндердің жанынада келіп қалыпты. Қанекей барлығымыз өз орнымызда ішімізбен жатамыз, қолымызды артымызға ұстаймыз, аяғымыздың ұшын көтереміз. Дельфинге ұқсап жүземіз. Жақсы жарайсыңдар!

Демаламыз. Демалдық па, тұрамыз орнымыздан. Ой балалар қайтадан теңіз үстінде үлкен толқындар келе жатыр. Матаны бас бармағымызды үстіне қойып ұстаймыз. Балалар дәрігер Айболит суға құлап кетті. Толқындар Айболитті суға батырып жатыр. Ой балалар енді нестиміз?

Б: Шар үрлейік.

Т: Иа дұрыс айтасыңдар, Айболитті құтқару үшін өте үлкен шар үрлеуіміз керек. Өйткені Айболит шардан ұстанып жағаға шығады. Шар жасау үшін алдымен мұрынмен терең демалып, ауызбен ауаны шығаруымыз қажет.

7-жаттығу «Шар үрлейміз»Бас бармағымыз матаның үстінде. мұрынмен демалғанда қолымызды көтереміз (ортаға жиналады), ауаны сыртқа шығарғанда қолымызды түсіреміз.3-4 рет. Жаттығу аяқталды. Матаны жерге қоямыз. Орнымыздан тұрамыз. Балалар Айболит шарымыздан ұстап жағалауға шықты. Жарайсыңдар балалар!

Т: Балалар қараңдаршы, мен не көріп тұрмын? Улкен толқындар балықтарды жағаға шығарып тастапты. Балықтар сусыз өмір сүре алмайды. Оларды теңізге жіберейік. (Екі қолонода тұрады) Сонымен құтқарушыларым менің балықтарды құтқару үшін мына твистерден өтуіміз керек. (Айболит пен кіші тәрбиеші көпірлерді жазып дайындайды.)

Негізгі қимылдар

1-жаттығу:«Твистерден өту.» Олай болса оң аяғымызды-қызыл дөңгелекке, сол аяғымызды-жасылға, оң қолымызды-көкке, сол қолымызды- сарыға қоямызда соңына дейін жүріп өтеміз. Қайтарда балықты алып, сарыдан көк дөңгелекке секіріп жылан ұқсап жүреміз. Дөңгелектерді тастап кетпейміз, тырысамыз. Жақсы жарайсыңдар. Енді балықтарымызды суға жібереміз.Жақсы жарайсыңдар. Жаттығу аяқталды. Теңізге қарап ой балалар қараңдаршы балықтар суға түскеннен кейін қуанып бізге рахмет айтып қуанып жатыр. Қанекей балықтармен қоштасайық. Қолымызды бұлғаймыз.(Екі бала матаны балықтарымен бірге орап алып тастайды.)

Т: Балалар біз сендермен жақсы іс жасадық солай емес пе ? Енді біз ары қарай саяхатымызды жалғастырайық. Бізді Африкадағы ауырып қалған кішкентай маймылдар күтіп қалды. Түзу тұрамыз. Денемізді тік , шеңбер бойымен алға қадам бас. (Камшат бұрышқа барған кезде алдарынан шығып , орында адымда). (Осы кезде ұзын орындықтарды Айболитпен кіші тәрбиеші дайындап қояды). Орында тоқтат 1,2.

2-жаттығу: Гимнастикалық орындық үстімен қырындап жүру

Т: Балалар алдымыздан биік тау шықты. Қараңдаршы қандай биік! Ал мына жағында жар бар екен. Африка бару үшін енді бізге осы таудан өтуіміз керек. Тауға шыққанда денемізді тік ұстаймыз, басымызды көтеріп , қолымызды екі жаққа түзу ұстаймыз. Ал ары қарай таудан түскенде құлап қалмас үшін қанаттан ұстанып өтетін боламыз. Канаттан өткенде екі қолымызбен қанатты ұстап, кішкентай қадамдар жасап өтеміз.

Б: Жаттығуды тырысып орындайды. Жаттығуды орындағаннан кейін әр бала бір қатарға тұрады.

(Осы кезде екі маймыл болатын баланы киіндіріп 2 доптың үстіне жатқызып қояды)

Т: Жақсы жарайсыңдар балалар! Енді балалар бізді ауырып қалған жануарлар күтуде. Ұмытқан жоқсыңдар ма? Бір шеңбер айланып келеміз.Ендеше денеміздік тік. Екі колонаға бөлін. Тіземізді жоғары көтереміз, денемізді тік ұстаймыз. Арақашықтықты сақтаймыз. Жақсы, орнында кадам бас. Тоқтат 1,2.

Б: тоқтайды.

Т: Балалар міне, біз Африка еліне де келіп жеттік. Қанекей қуанайықшы «алақай, алақай»!

Маймылдар: алақай келді! Бізге енді көмектеседі.

Д. Айболит: Сәлеметсіңдер ме, мен сендерді емдеп жазуға келдім. Қазір сендердің дене қызуларыңды өлшеймін, сендерге тәтті шокалад алып келдім.

Т: Д. Айболит кәмпит тәтті , оны жесе тістері ауырады. Д Айболит сіз ұмытып кеттіңіз бе, біз ғажайып доптар алып келдік емес пе. Сөмкеңды қарашы!

Д. Айболит: иа бар екен. Бұл доптар суджок деп аталады. Ол сендерге көмекеседі.

Т: Балалар барлығымыз жерге аяғымызды айқастырып отырайық, денеміз тік. Кішкентай маймылдар сендерде отырыңдар. Суджокты оң қолымызға ұстаймыз.Жақсы дайынбыз ба? Балалар маймылдарға көрсетейікші суджокпен қалай массаж жасайтынын. Денеміз тік. Оң алақанымызға салып суджокты көрсетеміз.

1.Суджокты алақанымызға салып сағат тілі бойынша айналдырамыз.

2. Кері бағытта айналдырамыз.

3.Алға артқа білекке дейін айналдырамыз. Сонда сендердің қолдарың ауырмайтын болады.

4. Енді әр саусағымызға жоғарыдан төмен қарай жүргізіп шығамыз. Тырысамыз балалар! Сонда сендердің саусақтарыңда ауырмайтын болады.

5. Ал енді суджокты алақанымызда ұстап қысамыз. Алақанымызды ашамыз, жұмамыз.

Балалар біздің суджоктарымыз сиқырлы екен. Қанекей оны ашайықшы. Ішінде не бар екен?

Б: жүзік бар екен.

Т:Иа серпімді жүзік бар екен. Қанекей барлығымыз оң қолымызды көтерейікші. Енді барлығымыз саусақтарымызға жаттығу жасайық. Басбармақтан бастаймыз. Кішкентай бөбекке дейін серпімді жүзікпен массаж жасаймыз. Көрдіңдер ме маймылдар бұл массажды күнделікті орындау керек, басқа да жануарларға үйрететін боласыңдар.

Маймылдар: Иа көрсетеміз. (Осы кезде Айболит суджоктарды жинап алады).

Т:Балалар ешқашан ауырмас үшін біз таңертең не істеуіміз керек.

Б: жаттығу жасауымыз керек.

Т: Кішкентай маймылдар сендер танертең жаттығу жасайсыңдар ма?

Маймылдар: жок.

Т: Сендер жаттығу жасамағандықтан көп ауырасыңдар. Канекей барлығымыз орнымыздан тұрамыз. Қарама-қарсы қарап тұрамыз, қолымыз белімізде, аяғымызбен билейміз.

Музыка әуенімен жаттығу.

Т: Жақсы жарайсыңдар! Көрдіңдер ме, біз таңертең осындай жаттығулар жасаймыз.

Маймылдар: рахмет сендерге, енді біз ұмытпай таңғы жаттығуларды жасайтын боламыз.

Т: Біз қуаныштымыз сендерге көмектескенімізге. Сау болыңдар маймылдар! Балалар маймылдармен қоштасамыз! Ауырмаңдар!

Т: Балалар екі қатарға сапқа түзу тұрамыз. Ой балалар Дәрігер Айболит бізге не әкеле жатыр.

Дәрігер Айболит: балалар мен сендерге дәрумендер дайындап қойып едім. Бірак тентек маймылдар менің дәруменімді қағаздардың арасына жасырып қойыпты. Дәруменді табуға көмектесесіңдер ме?

Б: иа, көмектесеміз.

Айболит: ендеше барлығымыз бірге терең мұрынмен дем алып, ауызбен шығарамыз. Барлығымыз бірге .

Т: Жақсы жарайсыңдар балалар, мынау сендердің сыйлықтарын. Ал балалар біздің бүгінгі африка еліне саяхатымыз аяқталды. Елімізге қайтайық.

Қорытынды бөлім

Рефлекция: Маршпен жүру

-Біз бүгін қайда бардық?

-Қандай кедергілер кездесті?

Кері байланыс:

-Мен бүгін қамқоршы, батыл, мейірімді, ширақ бала болдым десеңдер саусағымызды жоғары көтереміз.

Жарайсыңдар балалар біз бүгін жақсы іс жасадық, барлығымыз қуанайықшы! Келген қонақтармен қоштасамыз.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: твистер әдісімен жүруді;

Түсінеді: Салауатты өмір сүрудің маңыздылығын;

Қолданады:Суджок доптары арқылы массаж жасауды.











Күршім ауылының балалар бақшасы









Семинарға арналған ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы: «Африка еліне саяхат»

«Айгөлек» тобы































Тәрбиешілер: Мұратова Қ.Б







2018 жыл


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Разработка урока физкультуры

Автор: Мұратова Қырмызы Бақытқызы

Дата: 29.11.2018

Номер свидетельства: 488255

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(163) "Разработка урока физической культуры для 3 класса «Подвижные игры на развитие ловкости»."
    ["seo_title"] => string(80) "razrabotka_uroka_fizichieskoi_kul_tury_dlia_3_klassa_podvizhnyie_ighry_na_razvit"
    ["file_id"] => string(6) "382197"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1485041993"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "Методическая разработка "Урок физической культуры XXI века" "
    ["seo_title"] => string(64) "mietodichieskaia-razrabotka-urok-fizichieskoi-kul-tury-xxi-vieka"
    ["file_id"] => string(6) "139165"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417675299"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(170) "Методическая  разработка "Реализация третьего урока физкультуры учителями начальной школы ""
    ["seo_title"] => string(91) "mietodichieskaiarazrabotkariealizatsiiatrietieghourokafizkulturyuchitieliaminachalnoishkoly"
    ["file_id"] => string(6) "265840"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1450029083"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Урок физкультуры по теме волейбол 9 класс"
    ["seo_title"] => string(44) "urok_fizkul_tury_po_tiemie_volieibol_9_klass"
    ["file_id"] => string(6) "363623"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1480359530"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(137) "Разработка урока по физкультуре для 4 класса по теме: "Новая лыжная техника""
    ["seo_title"] => string(82) "razrabotka-uroka-po-fizkul-turie-dlia-4-klassa-po-tiemie-novaia-lyzhnaia-tiekhnika"
    ["file_id"] => string(6) "326206"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463126729"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства