Просмотр содержимого документа
«"Пысықтауыш" тақырыбындағы сабақ»
Бекітемін: ДОІЖО Ж.СЖалмуханбетова
Күні: 15.11.17 ж Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Пысықтауыш
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Пысықтауыш туралы мағлұмат беру, тұрлаусыз мүшелер туралы алған білімдерін пысықтау, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету Дамытушылық: Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, жаңа дағдысын қалыптастыру, өз бетінше пысықтауыштың жасалу жолдарын ажырата білуге дағыдыландыру, есте ұстау, ойлану қасиеттерін дамыту Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, достыққа, жылдамдыққа, тілдік - эстетикалық сезімге тәрбиелеу Сабақ түрі – Түрлендірілген аралас сабақ Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, сын - тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері (семантикалық карта, Инсерт кестесі) Сабақ көрнекілігі: кеспе қағаздар, плакат, ребус, сызбалар, буклет Пәнаралық байланыс - әдебиет, математика Сабақ барысы: Ұйымдастыру – оқушылармен амандасып, олардың сабаққа қатысуын тексеру 1. Жыл қайыру бойынша сұрақтарға жауап беру 1. Бастауыш дегеніміз не? Басқа сөз таптары қандай жағдайда бастауыш болады? 2. Бастауыш пен баяндауышты не себепті тұрлаулы мүшелер дейміз? 3. Қандай жағдайда бастауыштан кейін сызықша қойылады? 4. Толықтауыш дегеніміз не? Сұраулары. 5. Анықтауыш дегеніміз не? Сұраулары. 2. Сұрақтар жазылған кестелер берілген дұрыс, бұрысын табу керек. 3. Жаңа сабақ Етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, қимыл - сын мен себеп, мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесін пысықтауыш дейміз. Мыс; Ол үйге жүгіріп кірді. Сұраулары қашан? қайда? қалай? неге? не үшін? неліктен? Байланысу түрлері – меңгеру, жанасу және қабысу Пысықтауыштың жасалу жолдары: 1. Сөйлемде пысықтауыштың қызметін көбінесе үстеу атқарады. Мыс; Біз ілгері жүріп кеттік. Ертеңіне екі өзен аралығына екі бірдей тікұшақ келіп қона қалды. 2. Барыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөздер мекен, бет алыс, бағыт, мезгіл, сын - қимыл мағыналарын білдіріп, пысықтауыш болады. Мыс; Мен ауылға беттеп келемін. Қырман басынан электр жарығы жымыңдайды. Ол зор дайындықпен кірісті. 3. Мезгіл мәнді зат еімдер ыңғайына қарай пысықтауыш болады. Мыс; Сол күні Тілеуқабыл түні бойы ұйықтай алмады. 4. Септеулік шылаулы есім сөздер пысықтауыш болады. Мыс; Күні бүгінге шейін елдің жаз жайлауы – Қарақұм. Халық Абай үшін алысады. 5. Пысықтауыш етістіктің көсемше түрінен болады. Мыс; Шешесі баласының бетінен мейірлене сипады. 6. Еліктеуіш сөзден болады. Мыс; Бұл сөзіме Шаймерден кеңк - кеңк күлді. 7. Сын есімнен болады. Мыс; Айнала жұрт сөзге қатты сүйсінді. Біз сізді жақсы танимыз. 8. Кейде сан есімнен болады. Мыс; Жанбота туды екі алды. 9. Есімдіктен болады. Мыс; Шай әлдеқашан жиналған. Пысықтауыш құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді. Дара пысықтауыш – бір сөзден болады. Мыс; Шопанның үні мейірімді естілді. Мен бұл екі егіннің қаншадан беретінін әлдеқашан білгенмін. Күрделі пысықтауыштың құрамында екі я одан да көп сөздер болады. Мыс; Толғанбай Алакөлден Есік көліне келді. Бұлар әуежайдың шетінде тұрған ақша бұлт түстес ұшақтың қасына келіп тоқтады. Пысықтауыштың мағыналық түрлері 1. Мезгіл пысықтауыш. Қашан? Қай кезде? Қай уақытта? Ол бүгін келеді. Таңертеңгі шайдан соң Абай әкесіне келді. 2. Мекен пысықтауыш. Қайда? Қай жерде? Қай жақта? Қайдан? Әжесі үйде қалды. Қайсар биыл мектепке барады. Біз қала маңынан келдік. 3. Мақсат пысықтауыш. Кім үшін? Не үшін? Неге? Қандай мақсатпен? Сәуле зат алғалы келді. Ол әдейі кірді. Мен осыны айту үшін сөйлестім. 4. Амал пысықтауыш. Қалай? Қайтіп? Қалайша? Жиналыста шапшаң сөйледі. Бала жүгіре - жүгіре шаршады. Бұл сөзді естігенде, ол сылқ - сылқ күлді. 5. Себеп пысықтауыш. Неліктен? Не себептен? Сен түсінбегендіктен айта алмадық. Ол қуанғаннан қозғалмай қалды. 6. Мөлшер пысықтауыш. Қанша? Қалай? Сабақта ұзақ сөйледі. Емтиханға жаппай кірді. Тақтайды ұзын кес. 52 - жаттығу Мына сөйлемдердегі біртектес сөздердің екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұрғандығын түсіндіріңдер. Ол – жақсы адам. Ол жақсы сөйлейді. Күші жағынан арыстандай кісі. Қобыланды батыр арыстандай ақырды. Бастауышты түзу сызықпен сыз. Сызуды түзу сыз. Қисық мінезі бар. Көйлекті қисық пішті. 4. Венн диаграммасы (тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер) 5. Семантикалық карта 6. РЕБУС ШЕШІП, синтаксистік талдау жасау 7. СӘЙКЕСТІКТІ ТАП (Пысықтауыштың жасалу жолы) 8. «Арқан тарту» ойыны (синтаксистік талдау жасау) Зәулім ағаштардың үзіліп түскен сары жапырақтары ауада қалқып жүр. Бұлар үш қабат үлкен үйдің баспалдағымен жоғары көтерілді. Сапа күресі жыл сайын күшейіп барады. Бүгін мен де қимылдап көрейін. Зейнеп Бақтыбай тапсырған шаруаның біразын жиналысқа дейін бітірген. Үйде жұмыс қызу жүріп жатыр. Бұ кезде пойыз Хантауға келіп тоқтаған еді. Орталап қалған ай батысқа таман сызылып барады. Мөлдір бұл сұраққа ойланбастан жауап берді. Анда - санда көзін қимылдатқандай болды.
9. Үйге тапсырма беру. 10. Оқушылардың білімін бағалау