«Алақай» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 30.11.2016 ж.
Тәрбиеші: Тулегенова Жанагүл Оразбекқызы
Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері: Жаратылыстану Тақырыбы: Су – тіршілік көзі. Мақсаты: : 1. Балаларға су туралы түсінік беру және судың қажеттілігін, оның адамның, құстың, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызы туралы түсіндіру. 2. Судың табиғатта баға жетпес сый екенін айту, түсініктерін қалыптастырып дамыту. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау. 3. Қазіргі кезде адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат-ананы қорғап, аялауға үйрету. Суды ластамауға тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: су, қант, тұз, қасық, сүт, гуашь бояулары, әр түрлі суреттер, түтікше, жұмыртқа, тұз, стақан, қар, мұз. Сөздік жұмыс: судың қасиеті, түссіз, дәмсіз, иіссіз, қатты, сұйық, бу.