Білім беру саласы:
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекеті: Жаратылыс тану
Тақырыбы: Өсімдіктер әлемі
Топ: Ерте жас, I - кіші топ, II - кіші топ, Ортаңғы топ
Мақсаты:
Білімділік: Өсімдіктер туралы білімдерін кенейту.
Дамытушылық өсімдіктер мен жан жануарларға деген қызығушылықты дамыту.
Тәрбиелік: Табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу
Көрнекілік: Табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға қызығушылықты дамыту.
Гүлдер, трек схемалары, өсімдіктердің суреттері, дәндер, сұйық май, бауырсақ.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, тәжірбиелік жұмыстар және ойын.
Сөздік жұмыс: Гүлдер- цветы, күнбағыс – подсолнух, растение – өсімдіктер.
Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті | Тәрбиешінің іс -әрекеті | Балалардың іс - әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық | Шаттық шеңбері Балалар жиналды бір топқа Сен менің, мен сенің досыңмын Кәне қолды бер досым Бірге ойнайық қуана. | Балалар бір – бірімен дос болады
|
Ұйымдастырушылық ізденістілік | 1.Балалар бір біріміздің көңілімізді көтердік, ал енді айта қойыңдаршы қазір қай жыл мезгілі? 2.Күз айларын атаңдар 3.Күз айларының ерекшеліктері 4.Күз туралы кім өлең тақпақ біледі Есікті тақылдатып Буратино көңілсіз болып келеді, қолында жасанды гүл және күнбағыс бар. Тәрбиеші: Балалар мынау кім? Буратино сен неге көңілсізсін, саған не болды Буратино: Мен кішкентай балаларға жақсы бір іс жасайын деп едім, қолымнан келмеді, топтарына әдемі, сәнді, таза ауа болсын деп гүл сыйлаған едім. Ол топтың тәрбиешісі маған: Буратино саған көп рахмет сен бұл жасаны гүлдерді қай дүкенен алдың деді. Мен таң қалып тұрмын, неге жасанды, олардың жапырақтары жасыл, сабағы да жасыл, гүлі қызыл. Жоқ мен әкелген гүлдер тірі, тәрбиешіні түсінбедім Тәрбиеші: Балалар Буратино бір нәрсені түсінбей тұр екен кәне түсіндірейік. Гүлдер дегеніміз орысша - цветы Бұл жасанды гүлдердің тірі гүлдерден қандай айырмашылығы бар? Жасанды гүлдер не? Тірі гүлдер дегеніміз не? Тәрбиеші: Кәне ненің тұқымдарын білесіңдер? Буратино: Жоқ мен сенбеймін мына кішкене жанғақты қорапқа салып орамалмен жауып, тибиду- тибиду дух – емен өс десем мынандай ағаш өседі ме? Мен сенбеймін. Тәрбиеші: Жоқ Буратино сағн бұл жерде сыйқырлы сөздер көмектеспейді, бұл жерде білім мен еңбек керек кәне менің балаларым саған мына тірек схема арқылы түіндіріп береді Тәрбиеші: Түсіндің бе Буратино? Түсіндім, түсіндім ал жарайды мынау менің күбағысым қалай? Ия бұл күнбағысыңда жасанды, ал тірі күнбағыстан не шығатынын менің балаларым саған көрсетеді, күнбағыстың балалар орысшасы - подсолнух Буратино: Мен енді түіндім, тірі өсімдіктерге біз қамқорлық жасауымыз керек екенғой балалар Тәрбиеші: Иә Буратино егер көп күбағыстың тұқымын сықсақ мынандай сұйық май шығады, одан біз бауырсақ пісіреміз ал сенің күнбағысыңнан не шығады | Балалар жауабы Күз Қыркүйек, қазан, қараша Суретпен жұмыс Балалар жауабы. Балалар таң қалады. Буратино Балаларда аяушылық сезім оянады Балалардың іс – әрекеті Балалар тәжірбие жұмысын жасайды Дайын дәнді үгітіп қағаз бетіне салып, жартылай бүктеп қысады, май шыққанын байқайды |
Рефлекстік түзетушілік | Балалар мен қазір жерде өсетін жемістерді айтқанда қолдарыңды көтересіңдер, талда өсетін жидектерді айтқанда қолдарыңды төмен түсіресіңдер Буратино қоштасып рахмет айтып кетеді | Балалар ойын ойнайды Балалар қоштасады |
Күтілетін нәтижие:
Білу: Тірі өсімдіктер әлемі туралы білу
Игеру: Тірі өсімдіктердің даму жолдарын игеру
Меңгеру: Тірі өсімдік пен жасанды өсімдіктерді ажырата білуді меңгеру.