Просмотр содержимого документа
«?ыс?ы ба?та?ы ?сімдіктер ?лемі»
«Республиқалық балалар оңалту орталығы» АҚ
Өткізгендер: Серекпаева Қ.Қ.
Мусабаева Л.К.
Астана, 2014 ж.
Балбұлақ бөлімі
Биология және химия пәні мұғалімдері:Серекпаева Қарлығаш Қабыкешовна, Мусабаева Ләззәт Касеновна
Сабақтың тақырыбы: «Қысқы бақтағы өсімдіктер әлемі»
Мақсаты:
Білімділік:Қысқы бақ туралы мағлұмат беру. Балаларға өсімдіктер, табиғат әлемі, өсімдіктердің пайдасы туралы білімін кеңейту.
Дамытушылық: Балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру, еске сақтау қабілеттерін дамыту, қимыл қозғалысын дамыту, ой-өрісін, сезім мүшелерінің қызметін арттыру.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты сүюге, әдемілікке, әсемдікке баулу арқылы еңбекке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:практикалық сабақ.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: тірі өсімдіктер, топырақ, гүл отырғызатын құмыралар, күрекше, гүл өскіндері, су құйғыш, тырнауыш.
Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, эстетика.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Кіріспе
Қысқы бақтың өсімдіктерінен қысқаша мәлімет беру.
Өткенді еске түсіру
ІІІ. Практикалық жұмыс.
1.Гүл күтіміндегі мамандар кеңесі.
2.Сауалнама
Ароматерапия.
Сергіту сәті. Ойын.
Шығармашылық сәт.
ІV.Қорытынды. Сұрақ –жауап, рефлексия.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Балаларды қабылдап, сәлемдесу, орындарына отырғызу.
ІІ. Кіріспе.1. Қысқы бақ өсімдіктерінен қысқаша мәлімет беру. Мұғалім сөзі. 2. Сұрақтар беру арқылы өткенді еске түсіру.
ІІІ. Практикалық жұмыс.
Мақсаты:Баланың саусақ бұлшық еттерініңқимыл-қозғалысын дамыту мақсатында гүл отырғызудың қарапайым дағдысын үйрету. Топтық жұмысқа тарту, еңбекке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу, эстетикалық талғамын ояту.
а) 4 балаға гүл өскіндері беріледі.
ә) 2 бала ыдыстағы гүлдердің топырағын қопсытады.
б) 2 бала гүлге су құяды.
в) 2 бала жапырақтармен композиция жасайды.
1.Гүл күтіміндегі мамандар кеңесі.
Мамандар кеңесі.
Жарық. Гүлдер тікелей жарық түскенді ұната бермейді.
Жел. Гүлдер жел өтінде тұрып қалмауы керек. Жылы дымқыл топырақ пен суық жел тамырын тез шірітіп жібереді.
Жайлы орын. Гүл егілген құмыраны телевизор жанына қоймау керек. Вибрация кері әсер етеді.
Жылу. Гүлдерді жылытқыш батарейден алыс қойған жөн.
Белгі. Құмыраның күнге қараған бетіне белгі қойып қойыңыз, көп айналдыра беру өсуіне кері әсер етеді.
Тыңайтқыш. Гүлдерді уақтылы тыңайтқышпен қоректендіріп отыру керек.
Салмақ. Жапырағы үлкен гүлді еден үстіне қою керек, өйткені салмағын көтере алмай құлауы мүмкін.
Суару. Гүлдерді қыста таңертең, жазда түстен кейін суғару керек.