І. Ұйымдастыру кезеңі. Бүгін бізде ерекше бір қызық сабақ. Сондықтан сабаққа барлығымыз қатысайық. Бүгінгі сабақтың тақырыбы: "Төрт түлік "-Балалар, бүгін біз сендермен саяхатқа шығамыз. Қане көздеріңді жұмыңдаршы, енді ашайық. Балалар , біз жайлауға келдік. Қане, қалай демаламыз? Бәріміз таза ауамен дем алайықшы.
ІІ. Негізгі бөлім. Қараңдаршы жайлауда не жайылып жүр екен? (Осы кезде өрісте жүрген малдардың дауыстар қойылады.)
-Қойлар, сиырлар, ешкілер, жылқылар, түйелер.
Осы үй жануарлары сендердің үйлеріңде бар ма?
Олар қайда жайылып жүр?
-Дұрыс, жайлауда немесе өрісте жүр.
- Балалар, ал қазір «Мал қалай дыбыстайды?" деген ойын ойнаймыз.
Ойынның шарты: Тақтада үй жануарлар берілген. Қазір мен сендерге төрт түліктің дыбыстарын қосқанда, сендер ненің дыбысы екенін тауып алу керексіңдер.
Ойынның мақсаты: Қандай төрт түліктің дыбысы екенін тауып алу.Оларды атау.
-Дұрыс, айтасыңдар. Ал енді осы малдардың әрқайсына тоқталайық.
-Мынау ненің суреті?
-Дұрыс, сиыр. Сиырдың пайдасы қандай?
Одан не аламыз?
Сиырдың төлін -бұзау дейміз. Сиырдан біз сүт, ет, тері аламыз. Ал сүттен қаймақ, май, ірімшік, айран аламыз. Сиырдың атасы -Зеңгі баба.
Сиырды аухау-аухау деп шақырамыз. Сиыр шөп, су, жем жейді.
Келесі ненің суреті?
-Дұрыс, жылқы. Жылқының пайдасы қандай? Одан не аламыз?
Жылқының төлі-құлын. Жылқыны көлік ретінде пайдаланамыз.
Көбінесе, арбаға жегеміз.(отын, шөп, су, жүк тасығанда) Жылқыдан біз сүт, ет, тері аламыз Сүтінен қымыз жасайды .Қымыз-шипалы сусын. Оны өкпе ауруына емдік ретінде қолданады. Жылқы жем, су, шөп жейді.Жылқының атасы-Қамбар ата. Оны құрау-құрау деп шақырады.
Ойын: «Төлін тап»
Ойынның мақсаты: Малдардың төлін тауып алу.Төлдерін атау.
Келесі ненің суреті?
-Дұрыс, қой. Қойдың пайдасы қандай? Одан не аламыз?
Қойдың төлі-қошақан.Қойды Шопан ата бағады. Қойды пұшайт-пұшайт деп шағырады. Қойдан ет, жүн, тері аламыз. Жүннен әжелер байпақ, , қолғақ т.б тоқиды.
Түйенің атасы-Ойсылқара. Түйені көс-көс деп шақырады. Түйені көлік ретінде пайдаланамыз. Түйенің сүтін сусын ретінде ішеді. Шұбат ашытады. Ол-айраннан сұйық, қымыздан қою. Оның емдік те қасиеті бар.
Сергіту сәті:
Бала, бала балақан,
Кәне қайсың алақан
Саусақтарың әйбәт,
Былай-былай ойнат.
-Жарайсыңдар, балалар.
-Балалар, енді төрт түлік туралы жұмбақтар шеше аласыңдар ма?
Жұмбақтар
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт жылтырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар. (сиыр)
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. (түйе)
-Балалар, жарайсыңдар. Жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер?
Төрт түлік малдар туралы тыйым сөздерді оқушыларға айту.
-Жарайсыңдар, балалар. Әнді жақсы айтады екенсіңдер. Ортаға енді биші қызымызды шақырайық. Әминә бізге қазақтың биін билеп берем дейді.
ІІІ. Қорытынды. - Балалар сендерге саяхат ұнады ма? Не ұнады? Біз бүгін көп нәрсені біліп көрсете білдік. Яғни төрт түлік малдардың қалай дауыстайтынын, олардың төлдерін, пайдасын біліп үйрендік