Ұйымдастырушылық-ізденістік | -Балалар,біз ұлттық заттар көрмесіне барғанымыз естеріңде ме? -Балалар,көрмеде өзіміз білетін қандай заттарды көрдіңдер, Қане, аттарын атап айтайықшы -Дұрыс айтасыңдар,балалар. Бұл заттардың барлығын біздің ата-бабаларымыз күнделікті өмірде пайдаланған.Мысалы, киіз үй-баспанасы болған, ал сандыққа киімдер мен заттарын салған.Кілемді керегеге іліп ,ал текеметті төсеніш ретінде жерге төсеген.Балалар, бұл заттар әдемі ме екен?(слайд арқылы суреттерін көрсету) -Қараңдаршы, олар немен әшекейленген? -Өте дұрыс, шеберлер бұл заттарды әдемі болу үшін түрлі ою-өрнектермен әшекейлеген. Билингвальді компонент: ою-өрнек-орнамент, шебер-мастер, киіз үй-юрта. -Балалар, қазақ халқының ою-өрнектері мынадай түрлерге бөлінеді: -мүйіз үлгілес ою-өрнектер; -өсімдік үлгілес ою-өрнектер; -геометриялық пішіндер үлгілес ою-өрнектер; Әрбір ою-өрнектің атауы және өзінің қолданылатын орны болады. Мысалы: мүйіз үлгілес ою-өрнектер көбіне төсеніш заттарда(алаша,текемет,кілем) және ағаштан жасалған заттарда,зергерлік бұйымдарда кездеседі. Ал, өсімдік үлгілес ою-өрнектермен киімдерді әшекейлейтін болған. Геометриялық пішіндер үлгілес ою-өрнектер кез-келген ұлттық заттарда жиі кездеседі. Ою-өрнек түрлеріне байланысты бірнеше ою-өрнек атауларымен таныстыру,оюдың қай түріне жататынын айту (слайд арқылы көрсетіп отыру) Қошқармүйіз оюы; Тұмарша Бестаңба Жіліншік Балта Ботагөз Ботамойын Тарақ Ирек,су Қайнар Гүл (қызғалдақ) Дидактикалық ойын «Өрнекті кім тез анықтайды?» Мақсаты: түрлі заттардағы ою-өрнектердің атауларын айту арқылы есте сақтату | -Иә,есімізде -Киіз үй,сандық,кілем, ұлттық киімдер,әшекей заттар,ыдыстар т.б. (балалар өздері білетін заттарды атап айтады) -Өте әдемі -Ою-өрнектермен Сөздерді қайталап айтады Түрлерін қайталап айтады Ою-өрнек атауларын қайталап айтады,қай түріне жататынын анықтауға тырысады Ойынға өз қалаулары бойынша қатысады |