|        Мотивация-лық қозғаушы                                                                                                                                                                                 Ұйымдастыру-шылық ізденістік                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       Рефлексиялық түзетушілік                                                                        |    Тәрбиеші оқу іс – әрекетін шаттық шаттық шеңбермен бастайды.         Арайлап таң атты  Алтың сәуле таратты,  Жарқырайды қаламыз  Жайнай бер балабақшамыз,  Достарымды көргенде ,  Қуана қарсы аламыз.    (әуенмен слайд арқылы «Көктем» көрінісі көрініп тұрады )  -Балалар мен сендерге сұрақтар қойғым келіп тұр, сол сұрақтарға жауап беруге дайынсыңдар ма?          - Қазір жылдың қай мезгілі?      - Балалар көктем мезгілінде кандай өзгерістер болады ?                          - Көктем мезгілінде неше ай бар, кім атап береді?      -Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз : Таным Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру    Тақырыбы: «Ойнайықта , ойлайық »  Ғажайып сәт «Қоян»  Балалар бізге қонаққа « Қоян» келді    «Қоян» балалармен амандасады. «Қоянның » бізге дайындаған тапсырмасы бар екен. Ал сіздер сол тарсырмаларды орындауға дайынсыңдар ма?  - Ал ендеше сіздерге сәттілік тілеймін!      1-тапсырма: Жұмбақ жасыру  Бір көзім: тұр дейді,  Бір көзім: дайындал дейді,  Бір көзім: жүр абайла дейді  Қарап ал маңайға дейді бұл не?      «Бағдаршамның неше көзі бар?»                                     2- тапсырма: Түстерді үш тілде ата?  3 тілде атау. (қазақша, орысша, ағылшын тілінде)              3- тапсырма: Қандай геометриялық пішіндерді білесің? Пішіндер неге ұқсайды?  -Мынау қандай пішін?  - Түсі қандай?  - Неге ұқсайды?       -Мынау қандай пішін?  - Түсі қандай?  - Неге ұқсайды?       -Мынау қандай пішін?  - Түсі қандай?  - Неге ұқсайды?       4- тапсырма: Д/О «Ойлан тап»  Мария Монтессоридің құралын пайдалана отырып. Балалар пішіндерді, түстерді тауып өз орнына орналастыру.          Сергіту сәті          5-тапсырма: Заттар қандай геометриялық пішінге ұқсайды? Ұқсас заттарды сызық арқылы қосу            Өте жақсы, балалар зейінді, білімді екенсіңдер.  -Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде не туралы айттық ?   Біз түстерді атадық пішіндерді білдік көптеген ойындар ойнадық.  Әртүрлі тапсырмаларды орындадық, Біз барлығымыз қол ұстасып тату, дос болуымыз керек.    Балалар оқу іс-әрекетіне белсене қатысқандарыңыз үшін рахмет сендерге.     Осымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды.   |              Балалар шаттық шеңбер бойына тұрып, өлеңді тәрбиешімен бірге жатқа айтады, қимылдар жасайды .                                Иа              - Қазір жылдың көктем мезгілі.  - Көктем мезгілінде күн жылынады, ағаштар бүршік жарады, құстар жылы жаққа ұшып келеді. Адамдар жылы киінеді.         -Үш ай бар    Наурыз, Сәуір, Мамыр                                               Иа                          Бағдаршам      -Бағдаршамның үш көзі бар    - қызыл көзі жанғанда тұрамыз,  -Сары көзі жанғанда дайындаламыз,  -Жасыл көзі жанғанда жүреміз.      -Ақ-белый-white  -Қызыл-красный-red  -Сары-желтый-yellow  -Жасыл-зеленый-green  -Көк-синий-blue.                      -Үшбұрыш  -Түсі қызыл  -Үйдің шатырына, сәукелеге ұқсайды.    -Төртбұрыш  -Түсі көк    -Терезе, есік, кітапқа ұқсайды.  -Дөңгелек  -Түсі сары,    Допқа, күнге ұқсайды      Балалар тапсырманы тез орындайды  Әр түрлі пішіндерді орнына орналастырып, Түстерді рет- ретімен орналастырады.              Әр затты өзіне ұқсас пішінмен сызық арқылы қосу                 Балалар жауабы  түстерді үш тілде айттық, пішіндерді атадық,тапсырмалар орындадық, ойындар ойнадық         балалар мадақталады.   |