Балалар?а б?л жайлы айту ма?сатым: ?ауіпті,пайдалы ж?не зиянды жидектер, са?ырау??ла?тар туралы ??гімелеу.
Просмотр содержимого документа
«Не пайдалы? Не зиян?»
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы Мерзімі: 13.06.16ж
Білім беру салалары: Таным
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Не зиянды? не пайдалы? »( пайдалы және зиянды жидектер, саңырауқұлақтар туралы әңгімелеу)
Мақсаты: Қауіпті ,пайдалы және зиянды жидектер, саңырауқұлақтар туралы әңгімелеу
Білімдік: Өсімдіктер жайлы білімдерін кеңейту,тәрбиешінің сұрақтарына толық жауап беруді жатықтыру.
Дамытушылық: Балалардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыра дамыту.
Тәрбиелік: Әңгімелеуде шығармашылық қабілеттіліктеріне тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер: көрсету, әңгімелеу, талқылау
Құрал жабдықтар: бейнефильм
Қостілдік компонент: өсімдік – растение, зиянды – вредный, пайдалы – полезный.
Іс – әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс - әрекеті | Балалардың іс - әрекеттері |
Мотивациялық - қозғаушылық | Тосын сый! Бейне таспадан кино көруді ұсынамын. (орманда жасыл желек жидектер, саңырауқұлақтар т\б) Табиғат қандай тамаша, әр түрлі жидектер, саңырауқұлақтар көп. Бірақ! Мұның бәрі бірдей пайдалы деуге болмайды. Сендер бұл жайлы білгілерің келеді ма? | Балалар қызығушылық танытады. Балалар келіседі. |
Ұйымдық – ізденістік | Тақырыпты хабарлау: : «Не зиянды, не пайдалы » ( пайдалы және зиянды жидектер, саңырауқұлақтар туралы әңгімелеу) Бейнефильм мазмұны бойынша сұрақтар қойылады. Д\о: «Дұрыс па? бұрыс па?» Тәрбиеші балаларға жидектердің суреттерін көрсетеді. -Пайдалы ма? (осы әдіспен ойынды әрі қарай жалғастырамын) -Балалар берідген жұмыстарды істейді. -Тәрбиешінің сөзі: -Балалар, әрі қарай талдау жұмысы болады. Талдау: -Қандай жидектерді білеміз? -Кино сендерге ұнады ма? Қағидаларды ұмытпа! Бөтен жидектерді жеуге болмайды! | Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды. Ойланады жауап береді. -Аю орман жидектерін жегенді ұнатып қалды. -Кірпіде жидектерді жейді екен. -Мынау мухомор деген саңырауқұлақ ол зиянды.Оны жеуге болмайды. Балалар қайталайды. Хормен және жеке қайталайды. Балалар шеңберге тұрады. Балалар қол соғады. Ойынға белсенді араласады. Өз ойларын толық білдіруге тырысады. -Саңырауқұлақтар, итмұрын, карақат т\б атайды. |
Рефлекстік - түзетушілік | «Ұшты, ұшты» ойынын ойнауға шақырамын. Белсенді балаларды мадақтау. | Балалар қуанады, риза болады. Ойынға белсенді араласады. |
Күтілетін нәтиже :
Біледі: Қауіпті ,пайдалы және зиянды жидектер туралы біледі
Игереді: сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыра
Меңгереді: өз ойларын білдіреді, жауап береді.