Мақсаты: Балаларға 8-наурыз туралы түсінік беріліп, аналарға деген сүйіспеншілікке баулу. Ана еңбегін, үмітін ақтап, аналарымызды ардақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.
/Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйінің әуенімен, балалар қолдарына жүрекше шар ұстап, залға кіріп, 4 қатарға тұрады/
Тәрбиеші:Армысыздар, ауылымыздың асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән менен көңілді би,
Сіздер үшін мереке шашулары.
Құрметті көрермен қауым! Көктемді қанатына қондырып, жан жылуын көкірегіне қондырған, әйел-аналардың дәсүрлі 8-наурыз мерекесі де келді.
Сіздерді шуақты да құлпырған қызғалдақтай әсем мерекелеріңізбен құттықтаймыз !
Той тойлап дала мен қалаларым,
Мерекең құтты болсын аналарым.
Қаракөз қыз, абзал ана мерекесін,
Құттықтауға келе жатыр ұл-қыздарың.
/Балалар қолдарындағы шармен «Жұлдыз-ана» әнінің әуенімен би қимыл-дарын жасайды/
Тақпақтар:
1-бала: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар.
2-бала: Анасыз бір жоқ күнің,
Әжесіз бір жоқ күнің.
Ұсынамыз бүгін біз,
Сөздің сұлу шоқ гүлін.
3-бала: Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп ойнаймыз.
Қыздарды құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз.
4-бала: Сегізінші наурыз келді,
Шаттық сезім ап келді.
Қуанышты күнде енді,
Құттықтаймыз сіздерді
5-бала: Бәрімізге анасың-
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым!
6-бала: Жанымызды жайнатқан,
Сіздерсіз ғой аналар.
Зор денсаулық, мол бақыт,
Тілейміз біз балалар!
7-бала: Үн қатасың бал тілмен,
Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
Сегізінші наурызбен.
Тәрбиеші:Көкте құстар сайрады.
Жерде гүлдер жайнады.
Алақайлап балалар,
«Көкорай көктем» әнін айтады.
Ән: «Көкорай көктем»
Тәрбиеші: Балалар, бақыт дегенді қалай түсінесіңдер? Бақыт деген не өзі?
Балалардың жауаптары.
(Ортаға мұңайып бақыт іздеген қыз шығады)
Қыз : Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Нұрбекет: Сәлем! Біз сені танымай тұрмыз. Неге сенің көңіл күйің жоқ? Неге соншама мұңайып тұрсың?
Қыз: Мен Айгеріммін. Өз бақытымды іздеп шықтым, бірақ оның не екенін де, қайда екенін де білмеймін.
Бибіфатима: Бақыт деген өз қолыңда емес пе? Тек ғана оны өз қолыңмен жасай білуің керек .
Қыз: Қалай? Өз қолымда болғаны ма? (қолдарына қарайды)
Тәрбиеші: Дұрыс айтады. Бақытты болу, оны табу әркімнің өз қолында.
Одан да біздің қыздарымызмен би билеп, көңіліңді көтер.
Тәрбиеші: Қыздарымыздың биші аяғы,
Би билемесе тұра алмас.
Тойларында билеп берсе,
Қандай адам қуанбас.
Би: «Қыздар биі»(қыздармен бірге билейді)
Ойын: «Гүл сыйлау»
Ойынның шарты: Әр топтан 1 ұл, 1 қыз бала шығарылады. Ортада гүл қойылған кішкентай үстел тұрады. Әуен ойналып, ұлдар қыздармен вальс билейді. Әуен тоқтаған кезде ұлдардың біреуі жүгіріп, гүлді алуы тиіс.
Қыз балаға келіп: «Мерекеңмен құттықтаймын!» деп гүлді сыйлау керек.
Қыз: Рахмет сендерге қыздар, бірақ мен өз бақытымды ары қарай іздегім келеді.
(Залға Қарақшы шығады)
Қарақшы: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мұнда не болып жатыр? Барлығың әдемі болып кетіпсіңдер!
Балалардың жауабы:
Қыз: Сәлем, Алибаба! Мұнда балалар аналар мерекесін тойласа, мен өз бақытымды іздеп жүрмін.
Қарақшы: (күліп) Бақытыңды іздейтін жерді тауыпсың, одан да менімен жүр ұрлық жасап, қарақшылықпен бай болып кетесің. Бақыт деген сол ғой!
Қыз: Жоқ. Маған ұрлықпен келген бақыттың керегі жоқ.
Қарақшы: Ой, ақымақ қыз, бақыттың не екенін білмейді екенсің ғой!
Тәрбиеші: Қарақшы, Айгерім, сендер бір-біріңмен ренжіспеңдер, одан да біздің ұлдарымыздың орындауында «Ковбой» биін тамашалаңыздар.
Би: «Ковбой биі»
Қарақшы: Ұлдар тамаша билейді екен. Ал, менің баратын жолым алыс, жолымнан қалмайын, сұлу қыздар және аналар, әжелер мерекелеріңіз құтты болсын! (шығып кетеді)
Қыз: Енді бақытымды қайдан тапсам екен?
(Осы кезде әуенмен Ханшайым кіріп келеді, қолындағы айнаға қарап)
Ханшайым: Бұл менің бақытым! Оны саған көрсете алмаймын. Бұл айна тек сұлу адамдарды ғана көрсетеді.(айнаға қарап, сүйсініп тұрады)
Қыз: Қандай жақсы сенің де өз бақытың бар екен, ал мен болсам бақытымды әлі табалар емеспін.
Ханшайым: Иә, мен өте бақыттымын, менің сұлулығымды айтып тұратын айнам бар.
Тәрбиеші: Ханшайым, сен шынында өте әдемісің, бірақ айналаңа қарасаң біздің де сұлу қыздарымыз және аналарымыз көп.
Ханшайым: Шынында да өзім сияқты сұлулар өте көп екен. Неге барлығы құлпырып кеткен. (ашуланып айтады)
Тәрбиеші: Өйткені бүгін ең әдемі, ең сұлу жандардың мерекесі. Одан да бізбен бірге болып, балалардың «Анажаным» әніне қосыл!
Ән: «Анажаным»
Тәрбиеші: Таңдай қағар тамсана,
Тіршіліктің басы-Ана.
Қыздырайық тойды біз,
Тақпақ айтып бәріміз.
1-бала: Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
2-бала: Сырымды ұғатын,
Өзіңсің қуатым.
Күнімсің шығатын,
Айымсың туатын.
3-бала: Мама! Так тебя люблю,
Что не знаю прямо!
Я большому кораблью,
Дам названье «МАМА!»
4-бала: Мамочка-мамуля!
Как тебя любля я!
Как я рад, когда вдвоем
Мы стобой гулять идем!
Или что-то мастерим,
Или просто говорим.
И как жаль тебя опять,
На работу отпускать!
5-бала:Я пеку, пеку, пеку,
Куклам всем по пирожку.
А для милой мамочки,
Испеку два пряничка.
(Ханшайым қош айтысып шығып кетеді)
Тәрбиеші: Балалар, Айгерім, келіңдер мерекемізді жақсы көңіл күймен жалғастырайық!
(Осы кезде залға сиқыршы сиқырлы таяғымен кіріп келеді)
Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме! Бүгін бәрің қандай әдемі болып кеткенсіңдер! Білем, білем, барлықтарың аналар мен әжелер және қыздарымыздың мереке-сін тойлап жатырсыңдар, солай ма?
Балалардың жауабы:
Қыз: Сәлем, Сиқыршы, сен менің бақытымды көрген жоқсың ба?
Сиқыршы: Бақытымды көрген жоқсын ба дегені несі? Сен онсыз да бақытты емессің бе? Өйткені сенің анаң, туған-туыстарың бар емес пе? Сені білмедім ғой, бірақ мына өзімнің бақытым осы сиқырлы таяғым.
Қыз: Иә, сенің бақытты екенің көрініп тұр, ал менің сен сияқты сиқырлы таяғым да жоқ. (деп мұңаяды)
Сиқыршы: Онда білмедім, бақытыңды басқа жерден ізде.
Тәрбиеші: Сиқыршы, Айгерім, келіңдер. Осындай тамаша мерекеде көңіл- күйлеріңді түсірмей, әжелерімізге арналған балаларымыздың тақпақтарын тыңдайық.
1-бала: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән,
Беретін гүлім дайын.
Әжетай сені жақсы көремін деп,
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
2-бала:Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа,
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені өйткені,
Өте жақсы көреді.
3-бала: Ақ жаулықты әжемді,
Ай нұрына теңедім.
Әр ісінен үлгі алып,
Еркін өсіп келемін.
Ақ жаулықты әжемді,
Күн нұрына теңедім.
Әр сөзінен күш алып,
Бақытты боп өсемін.
4-бала: Я бабуленьку родную,
Очень крепко поцелую. Ведь бабуленька моя, Очень-очень добрая.
Ән: «Гүл-көбелек»
Ойын: «Біздің шапшаң аналар»
Ойынның шарты: Екі топқа үш-үштен аналар шығарылады. Әр топтағы аналардың біреуі шығыршықтың /обручтың/ ішіне кіріп, белгіленген жерге дейін жүгіріп, топтағы келесі аналарды бір-бірден кіргізіп алып жүгіріп, кері қайтады. Ең алдымен келген аналар жеңіске жетеді.
(Сиқыршы қоштасып кетеді)
(Әуенмен қыздың анасы ортаға шығады)
Анасы: Қызым, балапаным, менің сені іздемеген жерім қалмады. Сенің жолыңа қарап көп алаңдадым. Ботақаным, кішкентай сұлуым, сен қайда болдың?
Қыз: Анашым, мен өз бақытымды іздеп шықтым, бірақ оны еш жерден таба алмадым. Сізді көріп қатты қуандым. Анашым, Сіз екенсіз ғой менің бақытым. Анашым!
Құрметті аяулы да, ардақты аналар, мейірімді әжелер! Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, бүлдіршіндеріңіз аман болсын. Осы келешегі зор, жас ұрпақтарымыз үшін әрдайым, шаршамай, шалдықпай еңбек ете беріңіздер! Бүгінгі мерекелеріңізбен шын сәби жүрекпен дайындаған біздің балалардың сыйлығын қабыл алыңыздар!