kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мысы? пен ма?та ?ыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? "ма?та ?ыз бен мысы? " та?ырыбына ??рыл?ан технолониялы? карта.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мысы? пен ма?та ?ыз»

Оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық»ертегісі

Мақсаты: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі туралы білімдерін бекіту. Таным қабілеттерін арттырып, әңгімелеп, рөлдерге еніп, кейіпкерлердің мінез-құлқын бейнелей білуге үйрету. Ертегі мағынасын түсіну, кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы негізінде адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Ертегіге байланысты суреттер, ертегі кейіпкерлерінің қуыршақтары, ширма, ынталандыру сыйлықтары.

Билингвалды компонент: Сәлеметсіздер ме- здраствуйте- һello, сүт – молоко-milk.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Ұйымдастыру-шылық немесе мотивациялық қозғаушы

-Балалар, дөңгелене тұрып, шаттық шеңберіне жиналайық.

-Бір –бірімізге жақсы лебіздерімізді тілейік.  

-Бүгін ерекше күн, себебі, біздің тобымызға көптеген қонақтар келіпті.



-Қане, қонақтармен амандасайық?


(Ішке мысық келеді)

Мысық:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен сендердің үш тілде амандасып жатқандарыңды естіп қалдым. Неткен ақылды балалар едіңдер. Дәл сендердей маған көмектесе алатын ақылды балаларды іздеп жүр едім.

Келе жатып, жолдан қорапша тауып алдым.

Балалар бір-біріне жылы тілектерін білдіреді.

-  Аспанымыз ашық болсын!

- Күніміз жарқырасын !

- Денсаулығымыз мықты болсын!

-Сәлеметсіздерме?

Здраствуйте. Hello.



-Cәлеметсізбе?




Мысықты мұқият тыңдайды.






Ізденушілік немесе қойылған тапсырманы орындау





Мысық:

-Балалар, бұл қораптың ішінде не бар екендігін білгілерің келеді ме? (Қораптың ішінен шыққан суреттерді тақтаға жабыстыру).

Тәрбиеші:

-Балалар, мына суреттер маған бір ертегіні есіме салып тұрған сияқты.

-Қандай ертегі?

-Өте жақсы. Ендеше, балалар, осы ертегі бойынша қонағымыз мысықтың іс-әрекетін ретімен қойып шығайықшы.

«Ретімен орналастыр» ойыны.

Мақсаты: Ертегі кейіпкері мысықтың іс-әрекеттерін ретімен орналастыра алу.

-Дұрыс па, балалар?

-Өте жақсы!

Мысық:

-Ой, қандай тамаша, шыныменде ақылды балалар екенсіңдер.

Тәрбиеші:

-Мысық біздің балалар, сен айтқандай ақылды. Тіпті сен туралы тақпақта біледі.

Сергіту сәті:

Мысық, мысық тұршы,

Қолыңды жушы,

Айнаға қарашы,

Мұртыңды тарашы.

Мысық:

-Қораптағы суреттерді ретімен орналастыра алдыңдар, бірақ, бәрібір мен мына ертегіні есіме түсіре алар емеспін.

Тәрбиеші:

-Балалар, олай болса біз мысыққа ертегіні есіне түсіруге көмектесейік.



-Ендеше, тездетіп екі топқа бөліне қалайық.

- Бірінші топ балалары- ертегіні сахналауға дайындала беріңдер.




Екінші топ балалары ертегі бойынша, мысықтың сиырдан, ағаштан, дүкеншіден, тауықтан, тышқаннан сұраған заттарын бейнелейді.

-Сендер тапсырманы орындағанша біз бірінші топтың балаларымен, мысық ертегіні есіне түсіру үшін сахналап көрсетейік.

Ертегіні сахналау.

Автор:

-Баяғыда «Мақта қыз бен мысық» болыпты. Мақта қыз үй сыпырып жүріп, мейіз тауып алыпты.

Мақта қыз мысығын шақырады.

Мақта қыз:
- Мияуым менің, қайдасың?
- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін.

Автор

-Мысық келмейді.

Мақта қыз:
- Келмесең, келмей –ақ қой, өз обалың өзіңе.

Автор

-деп, мейізді Мақта қыз өзі жеп қояды.
Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.
Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық келеді.
Мысық-Еркеназ:
Менің атым мысық,
Екі көзім қысық.
Тышқан аулап отырамын
Сүт-көжемді ішіп.
Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: Айтпаймын!
Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.
Мақта қыз: Ой,ой, Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! (құйрығын кесіп алады)
Мысық: Берші, құйрығымды!
Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер!
Автор: Сөйтіп, мысық сиырға келеді.
Сиыр - Ернур:
Менің атым сиыр,
Өрісім алыс қиыр.
Етім үшін, сүтім үшін,
Адамдар маған үйір - дейді.
Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!
Сиыр: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.
Автор: Сөйтіп, мысық ағашқа барады.
Ағаш - Арнур:
Мен жасыл ағашпын,
Күтсеңдер гүл ашам,
Жолыңа нұр шашам,
Жапырағым азық,
Бұтағым қазық.
Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!
Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.
Автор: Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.
Қыздар:Ақниет
Су - тіршілік негізі,
Онсыз өмір сүрмейсің.
Тазалықтың негізі,
Су деп және білгейсің

Автор:–деп әндетіп жүреді.
Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.
Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер.
Автор: Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.
Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.
Дүкенші: - Ермұқан:

-Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз берем.
Автор: Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.
Тауық - Еркежан:
Мен ақ тауықпын,
Өзім қақсауықпын.
Күніне бір жұмыртқа табам,
Осыған жетеді шамам

Автор:- деп әндетеді.
Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.
Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.
Автор: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады.
Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.
Тышқан: Алихан
Мен тышқанмын,

Мен тышқанмын.

Автор:

- деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады.

Мысық:
- Айт, қане,үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.
Тышқан: Үйімде бір уыс тарым бар.

Автор: Тышқан мысыққа, бір қап тары береді, мысық тарыны тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді,мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді,
сиыр оған қатық береді, қатықты мысық Мақта қызға берді.
Мысық: Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын.
Автор: Сөйтіп Мақта қыз қатығын, мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмір сүрген екен.

Автор ертегіні сахналаған кейіпкерлермен таныстырады.

- Керемет, сендер өте жақсы орындап шықтыңдар. Енді екінші топ балаларының тапсырмаларын қалай орындағандарын көрейік. (Балалардан ненің суреті салғаны сұралады.)


-Қане, Алижан сен ненің суретін салдың? Неге сүттің суретін салдың?


-Ал, сен ше ненің суретін салдың? Неге жапырақтың суретін салдың?


- Сен ненің суретін салдың? Неге жұмыртқаның суретін салдың


- Сен ненің суретін салдың? Неге сағыздың суретін салдың?



-Сен ненің суретін салдың? Неге тарының суретін салдың?


-Балалар, екінші топтың орындаған тапсырмалары дұрыс па?



-Білгіміз келеді






-«Мақта қыз бен мысық»




Ертегі кейіпкері мысықтың іс-әрекеттерін ретімен орналастырады.

-Дұрыс










Өлең жолдарына байланысты қимылдар жасайды.








мысыққа ертегіні есіне түсіруге көмектесуге келіседі

-Балалар екі топқа бөлінеді.

Бірінші топ- үстел үстінде ертегі кейіпкерлерінің қуыршақтарын алады.

Екінші топ- тапсырылған суреттерді салады.





Ертегіні сахналайды.







Салған суреттерін көрсетіп, қойылған сұрақтарға жауап береді.

-Сүттің

-Сүтті мысық сиырдан сұрады.

-Жапырақ

-Мысық ағаштан жапырақ сұрайды.

-Жұмыртқа.

-Мысық тауықтан жұмыртқа сұрайды.

-Сағыз

-Мысық дүкеншіден сағыз сұрайды.

-Тарыны мысық, тышқаннан алады.


-иә, дұрыс.


Қорытындылау және рефлекция

Мысық:

-Балалар менің ертегімді сахналап, кейіпкерлерін жақсы сомдап, сурет салып бергендерің үшін көп-көп рахмет! Мен ертегіні есіме түсірдім.

Тәрбиеші:

-Ал, балалар, сендер бұл ертегіні естеріңе жақсылап сақтап алдыңдар ма? Оны тексеру үшін «сәйкесін тап» ойынын ойнайық.

Мақсаты: кейіпкерлер мен заттарды сәйкестендіру. Сиыр – сүт, ағаш- жапырақ, дүкенші- сағыз, қыздар-су, тауық-жұмыртқа, тышқан-тары, Мақта қыз- мысық.

-Жарайсыңдар, балалар, ертегіні жақсы естеріңе сақтап алыпсыңдар.

Мысық:

-Тапқан қорабым олжалы екен. Сендерге келер алдында, мен дүкеннен өзімнің сүйікті асымды алып келе жатқан едім.

Тәрбиеші:

-Ол не екен, балалар?

-Ал, балалар, сендер сүттің орысша, ағылшынша қалай аталатынын білесіңдер ме?

Мысық:

-Сол сүтті сендерге, мен туралы ертегіні есіме салып, мені қуантқандарың үшін сыйлағым келіп тұр.(Сыйлықтар тарату).

Мысық:

-Балалар, осы ертегіні кіші «Ертөстік» тобына айтып берейік. Жүріңдер.

Қонақтармен қоштасу.




Балалар қуанады





Ойынға белсене қатысады.



Кейіпкерлер мен заттарды сәйкестендіреді.











-Сүт

-сүт-молоко- milk




Рахметтерін айтады.




Балалар қуанады.



-Сауболыңыздар!

Күтілетін нәтиже:

1.Нені біледі: «Мақта қыз бен мысық» ертегісін біледі.

2.Қандай түсініктерді игерді: Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы негізінде адамгершілік қасиеттерін игерді.

3.Меңгерген дағдылары мен іскерлігі: Ертегіні әңгімелеп, рөлдерге еніп, кейіпкерлердің мінез-құлқын бейнелеуді игереді.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мысы? пен ма?та ?ыз

Автор: Нигыметжанова Айнур Кадылбековна

Дата: 29.06.2016

Номер свидетельства: 336585

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(167) "Ж?мыс пен жылу м?лшеріні? баламалы?ы. Румфорд пен Джоуль т?жірибелері. Энергияны? са?талу за?ы"
    ["seo_title"] => string(92) "zhumyspienzhylumolshierininbalamalygyrumfordpiendzhoultzhiribielierienierghiianynsaktaluzany"
    ["file_id"] => string(6) "284658"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454003939"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Кирхгоф ережелері. Токтың жұмысы мен қуаты"
    ["seo_title"] => string(52) "kirkhghof_ieriezhielieri_toktyn_zhu_mysy_mien_k_uaty"
    ["file_id"] => string(6) "353318"
    ["category_seo"] => string(6) "fizika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1477806747"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) "Химиялы? талшы?тардан то?ыл?ан маталар. Зертханалы?-сараманды? ж?мыс.. "
    ["seo_title"] => string(77) "khimiialyk-talshyk-tardan-tok-ylg-an-matalar-ziertkhanalyk-saramandyk-zhu-mys"
    ["file_id"] => string(6) "172204"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423766154"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) "Химиялы? талшы?тардан то?ыл?ан маталар. Зертханалы?-сараманды? ж?мыс.1 "
    ["seo_title"] => string(79) "khimiialyk-talshyk-tardan-tok-ylg-an-matalar-ziertkhanalyk-saramandyk-zhu-mys-1"
    ["file_id"] => string(6) "173431"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423994222"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Иы?ты б?йымдарды модельдеу.Т?нгі к?йлекті пішу."
    ["seo_title"] => string(45) "iyktybuiymdardymodieldieutunghikoiliektipishu"
    ["file_id"] => string(6) "318281"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460547442"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства