Химиялық талшықтарды алу үшін қажетті шикізат түрлері? Қандай талшықтарды жасанды деп атайды?
2 Ст. «БҮҮ».Ізгілендіру диаграммасы
Ізгілендіру диаграммасының( Не білдім?, Нені білгім келеді? ) сұрақтарына жауап жазғызу.
Білемін
Үйрендім
Үйренгім келеді
3. Ст. «Топтастыру»
Тоқыма талшықтардың топтастырылуы
ІІІ.Жаңа сабақ:
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Жасанды талшықтар
Вискозалы Ацетатты
Сыртқы түрі әдемі, табиғи маталарға ұқсас келеді. Өңі күңгірт немесе жылтырлау. Мақтаға қарағанда ылғалды жақсы сіңіреді, бірақ төзімділігі жағынан тозуға бейім. Вискозалық талшықтан айырмашылығы - шикізаттың сірке немесе күкірт қышқылымен өңделуінде. Асетум латын тілінен аударғанда – сірке қышқылы, сондықтан талшық ацетатты деп аталады.
Ацетатты талшықтардан жасалған маталар табиғи жібекке ұқсас, өте әдемі, өң жағы жылтырлау, созылғыш, қыртыстанбайды, пішінін жақсы сақтайды. Ацетат қатты қызуға төзбейді, 210 С темп. бүрісіп қалуы мүмкін.
Кемшілігі: ылғалды жағдайда беріктігін жоғалтады(50%); тез отырып, қатты қыртыстанады Ылғалды жағдайда беріктігін жоғалтады; ауаөткізгіштік және ылғалсіңіргіштік қасиеті нашар
Синтетикалық талшықтар
полиамидті полиэфирлі полиакрилонитрилді
Капрон, дедерон, нейлон лавсан, полиэстер нитрон, акрил, эластан(лайкра) Ең берік талшықтар, ылғал күйінде де беріктігін сақтайды. Қолмен сипағанда қаттылау, өң жағы тегіс, беріктігі жоғары, жууға төзімді, өңі кетпейді, аз қыртыстанады, күйе түспейді, өтектеуді қажет етпейді. Берік, жұмсақ және иілмелі талшықтар, қыртыстанбайды, оларды маталардың беріктігі мен созылғыштығын арттыру үшін әртүрлі талшықтармен жиі араластырады. Бұйымдағы қатпарлар жуу мен тазалаудан кейін де сақталады. Лавсан талшықтарын табиғи талшықтарға (жүн, мақта, зығыр) қосып, көйлекке арналған маталар,, трикотаж шығарады Ең төзімді, берік, жылы, үлпілдек талшықтар. Олардан жасалған маталар жүнге ұқсас, трикотаж бұйымдарын, иірілген жіп дайындау кезінде пайдаланылады. Жүн, мақта, вискозаға қосып көйлектік және костюмдік маталар әзірленеді.
Капрон маталардың кемшілігі: жоғары температураға төзбейді, сусымалылық, сетінегіштік, ылғалсіңіргіштік. Таза күйінде лавсанды жіптер, техникалық маталар, жасанды тері, кілем жасау үшін қолданады. Кемшілігі жоғары температураға төзбейді. Эластанды. көбінесе басқа талшықтармен қосып пайдаланылады. Денеге жабыстыра киетін шалбар, джинсы, трикотаж, шұлық жасау кезінде қолданады.
2.Оқулықпен жұмыс
Түрлі талшықтардан жасалған мата қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамасы Қасиеттері
Беріктік
Отыруы
Ылғалсіңіргіштік
Созылымдылық
Жуылуы
1. Нейлон
1. Жүн
1. Мақта
1. Эластан
1. Эластан
2.Полиэстер
2. Мақта
2. Зығыр
2. Нейлон
2. Полиэстер
3. Зығыр
3. Зығыр
3. Жібек
3. Жүн
3. Нейлон
4. Жібек
4. Жібек
4. Вискоза
4. Жібек
4. Акрил
5. Мақта
5. Ацетат
5. Жүн
5. Полиэстер
5. Жібек
6. Акрил
6. Ацетат
6. Акрил
6. Ацетат
7. Вискоза
7. Нейлон
7. Вискоза
7. Зығыр
8. Ацетат
8. Акрил
8. Макта
8. Мақта
9. Жүн
9. Полиэстер
9. Вискоза
10. Эластан
10. Эластан
10. Жүн
ІҮ.Жаңа сабақты бекіту:
1 Қайсысы артық ойыны арқылы оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін тексеру:
–мұнай, таскөмір,ағаш, табиғи газ
-нитрожібек, вискозалы жібек, ацетатты жібек, табиғи жібек
- капрон,зығыр, дедерон,нейлон.
-талшық мата,жіп, ацетум
-жібек, жұн, кремплен, мақта
2. Сарамандық жұмыс.
Материалдар мен құралдар: химиялық талшықтардан жасалған мата үлгілері, жұмысқа қажетті құрақтар, ине, қайшы, су құйылған ыдыс, оқулық, дәптер. Жұмыстың орындалу реттілігі: • Маталардың үлгісін қарастыру. Сыртқы түрі бойынша анықтау. • Әрбір үлгіні қолмен қысып, матаның қыртыстануын анықтау. • Инемен матаның шетінен бірнеше жібін суырып, матаның тарқатылу дәрежесін анықтау. • Суырған жіпті үзіп беріктігін анықтау. • Мата үлгілерін ылғалдап, олардың беріктігін құрақ матаның беріктігімен салыстыру. • Жұмыстың нәтижелері бойынша әр оқушы матаның қасиеттерін кестеге толтыру Кесте
Мата қасиеттері
Үлгі номері
1
2
3
4
Қыртыстануы
Тарқатылуы
Беріктігі
Талшық түрі
3.Сұрақ-жауап
1. Синтетикалық маталар қандай қасиеттерге ие? 2. Жаздық көйлектерге арналған маталардың құрамы қандай болуы керек? 3. Вискозалық талшықтардан жасалған маталардың кемшіліктері?
Ү. Сабақты қорытындылау және оқушылырды бағалау.
1. Ст. «БҮҮ»Ізгілендіру диаграммасы
Ізгілендіру диаграммасының( Не білдім?, Нені білгім келеді? ) сұрақтарына жауап жазғызу.