kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мүсіндеу "Доп"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Доп туралы жалпы түсініктерін кеңейтіу,  ермексаздан жұмыр пішінді ойыншық доп жасауды үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мүсіндеу "Доп"»


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық, таным.

Бөлімі:Мүсіндеу.

Тақырыбы: «Доп»

Мақсаты:    Доп туралы жалпы түсініктерін кеңейту, ермексаздан жұмыр пішінді ойыншық доп жасауды үйрету; қол қимылының үйлесімділігін, домалақ пішінді жасауды дамытып, ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Көрнекі құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, доп, тақтайша, ермексаз, сулық.

Сөздік жұмыс: домалақ

Билингвальды компонент: доп мяч.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, «Кім епті?» ойынын ұйымдастырады

Тәрбиеші ортада тұрып, балаларға допты кезек кезек лақтырады. Балаларға үлестірмелі материалдағы сурет бойынша қысқаша әңгіме айтып береді.

Билингвальды компонент: доп мяч.

 Балалар допты қолдарымен қағып алып, қайтадан тәрбиешіге лақтырады.

Әңгімені мұқият тыңдайды.

Тәрбиешінің соңынан «доп мяч» сөзін қайталайды.

Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:

Сөздік жұмыс: домалақ

Доптың пішіні қандай?

Доптың түсі қандай?

Доп қатты ма жұмсақ па?

Доп жеңіл ме ауыр ма?

Доп бізге не үшін керек?

Топта доптың көп болғаның қалайсыңдар ма? Ендеше, өзіміз доп жасап алайық.

Саусақ жаттығулары.

Қолымыздың саусақтарының көмегімен үлкен және кішкентай доп жасап көрейік.

Ермексаздан доптың қалай жасалатынын көрсетіп, түсіндіру:

Ермексазды таңдап аламыз

Ермексазды алақан арасына салып, айналмалы қимыл қозғалыстар жасай отырып, домалақтаймыз;

Басқа түсті ермексазбен әшекелейміз.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Тәрбиеші қажет жағдайда қиналып отырған балаға допты әшекейлеуге көмектеседі.

Сергіту сәті.

Добым менің, добым менің

Добым неткен көңілді едің

Зымырайсың, қутыңдайсың,

Менен қашып құтылмайсың.

Ш. Смаханұлы.

Жұмбақ

Ұрсаң қатты зырлайды

Жерге қарғып тұрмайды

Тиәп кетсе басыңа

Ешбір зиян болмайды.

(доп)

Домалақ

Қызыл, сары.

Жұмсақ

Жеңіл

Ойнау үшін

Иә

Екі қолдың саусақтарын бір біріне тигізіп, домалақ пішінді үлкен допты көрсетеді. Бір қолдың саусақтарын бір біріне тигізіп, кішкентай допты бейнелейді.

Педагогтің айтқанын балалар мұқият тыңдайды.

Балалар ермексаздан допты мұсіндейді.

Өлең жолдарын бәрі бірге қосылып, қимыл қозғалыстар жасайды.

Жұмбақты шешуге тырысады.

Жауабы: доп.

Рефлексиялық-түзетушілік

 Бірнеше сұрақтар қойып пысықтайды.

Балалар, бүгін не жасадық?

Үлестірмелі материалдағы мазмұнды суреттегі балалардың қуанғанын айтып, осы суретке жасаған жұмыстарын қойып ойнауды ұсыну.

Балаларды мадақтайды.

 Доп жасадық.

Балалар жасаған жұмыстарын үлестірмелі материалдағы суретке қойып, ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:  ермексаздан домалақтау тәсілімен жасалған допты басқа түсті ермексазбен безендіріп;

Игереді: доптың ерекшеліктерін (пішінін, түсін, салмағын)

Меңгереді: ермексаздан алақан арасына салып домалақтау білімін.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Мүсіндеу "Доп"

Автор: Қайырбай Амангүл Бекболатқызы

Дата: 14.04.2019

Номер свидетельства: 507103

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(257) "1)Үйрету.Баскетбол добын бір қолмен полға соғып жүру.2).Допты бір қолмен жоғарыдан беру,екі қолмен жоғарыдан беру. 3).Допты кеудеден беру әдісі"
    ["seo_title"] => string(80) "1_uirietu_baskietbol_dobyn_bir_k_olmien_polg_a_sog_yp_zhuru_2_dopty_bir_k_olmien"
    ["file_id"] => string(6) "402692"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490273002"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "Балаба?шада та?ерте?гілік  жатты?уларды  ?йымдастыру"
    ["seo_title"] => string(52) "balabakshadataniertienghilikzhattygulardyuiymdastyru"
    ["file_id"] => string(6) "317414"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460359182"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(29) ""Допты домалату""
    ["seo_title"] => string(14) "dopty_domalatu"
    ["file_id"] => string(6) "393782"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1487578526"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(89) "Конспект Мүсіндеу Тақырыбы: "Менің ойыншықтарым""
    ["seo_title"] => string(46) "konspekt_musindeu_takyryby_menin_oiynshyktarym"
    ["file_id"] => string(6) "498084"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1549040932"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Ойын құруға арналған шығармашылық қабілет"
    ["seo_title"] => string(44) "oiyn_ku_ruga_arnalgan_shygarmashylyk_kabilet"
    ["file_id"] => string(6) "580130"
    ["category_seo"] => string(10) "fizkultura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1620643686"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства