Мотивациялық қозғаушы | -Балалар қазір қай мезгіл? -Күз мезгілі қандай болады? -Өте жақсы біледі екенсіңдер. | - Күз мезгілі. - Салқын, жаңбыр жауады, адамдар жылы киінеді, жапырақтар сарғаяды. |
Ұйымдастырушылық ізденіс | Суреттермен жұмыс. Біз бүгін отбасы туралы әңгімелейміз. Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын бізге ең жақын адамдар. Олар ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні, қарындас бір отбасында тұрады. Біздерге үлкендердің көмегі және сүйіспеншілігі қажет. Ата мен әжелер демалыспен тыныштықты ұнатады. Ғажайып сәт: Балалар бізге көрші ауылдан ата мен әже келіпті! Кәнекей, қарсы алайықшы!(Ата мен әже еңкейіп келе жатады.) Ата мен әже: Ал, балалар! Қандай өнерлерің бар? Біз соны көрейін деп келдік. Сергіту сәті: Бас бармағым атам - үйдің данасы, Балан үйрек әжем – ошақ анасы, Ортан терек әкем – отау панасы, Шылдыр шүмек шешем – шаңырақ ажары, Кішкентай бөбек мен - бәрінің базары. Жеке балалармен жұмыс: Отбасы суреттері бойынша әңгіме құрайды. - Мынау менің атам, Мынау менің әжем, Мынау менің әкем, Мынау менің анам, Мынау мен өзім Хидаят! Дидактикалық ойын: « Кім жоқ?» Үйдің ішіне (ата, әже, әке, ана, аға, қарындасты) іліп қоямыз. Біреуін алып тастаймыз, балалар кім жоқ екенін айтады. (өздері орналастырады.) Ата мен әже балалар бізге көмек керек, ұмытып кетіппіз екеуміздің құралдарымыз қосылып кетіпті осы заттарды ажыратып беріңдерші. Кане, балалар! Ата мен әжеге көмек берейік. Ата мен әже көп – көп рахмет, балалар сендер тәрбиелі, ақылды, үлкенді сыйлай білетін азамат болыңдар! Отбасындағы үлкендердің айтқанын тыңдаңдар. Бала бақша сендердің екінші үйлерің балалар! Ата мен әже мадақтап балаларға сыйлықтарын таратады. | Ата мен әжеге амандасу. - Ер балалар! Ассалаумағалекум, ата! Сәлеметсіз бе, әже? – деп қарсы алады. Балалар: ата, әже біз сіздерге әдемі отбасы туралы тақпақ айтып береміз.
Рахмет әже біз үлкендердің айтқанын тыңдаймыз ақылды бала болып өсеміз.
Ата мен әже құралдарын бөліп беру. |
Рефлексивті түзеуші | Балалар біздер бүгін кімдермен таныстық? Отбасы мүшелеріне кімдер жатады екен? Біз қандай отбасымыз? Біз қай елде тұрамыз? Өте жақсы, балалар отбасы туралы білеміз, Отбасы кіші Отаның. Сол Отанда тату - тәті өмір сүру үшін туысқандардың, әсіресе, бауырларыңмен бір - бірің мен тату болыңдар. | - Отбасы мүшелерімен. - Ата, әже, әке, ана, аға, апа, іні, қарындас жатады. - Біз бақытты отбасымыз - Тәуелсіз Қазақстан елінде. |