Ынталандыру Сезімді ояту | «Шаттық шеңбері» - Балалар мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Бір шаңырақ астында Тату тәтті тұрамыз Бірге ішеміз асты да Бірге сауран құрамыз Достықты үлгі санаған Бір үйде біз тұрамыз Қалған ата бабадан Біздің асыл мұрамыз. - Балалар келген қонақтармен амандасып алайық. - Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілінің қай айы? - Бүгінгі ауа райы қандай? Таңғажайып сәт: (Тәрбиеші балалардың назарын экранға аударып Ғажайыпстанға саяхат мультфильмінен үзінді көрсетеді.) Сұрақ –жауап 1Балалар Аяжан мен Елдос нелер туралы әңгімелесті? 2 Сендер үй жануарлары туралы білесіңдер ме? - Өте жақсы балалар ендеше үй жануарларына нелер жатады? - Сендердің үйлеріңде үй жануарлары бар ма? - Олар қайда өмір сүреді? - Олардың төлдері қалай аталады? Міне балалар біздің бүгінгі оқу іс-әрекетімізде ауылымызда сирек кездесетін үй жануарының бірі түйе туралы әңгімелесеміз. | Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын қайталайды. Балалар үш тілде амандасады.
-Үй жануарлары туралы. - Сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі, ит мысық. |
Ұйымдастырушы- ізденуші | Түйе туралы әңгімеліп беремін. Ертеде түйелі көшті «сахараның салтанаты» деп атаған.Төрт түлік малдың бойында болатын қасиеттің бәрі түйе малынын табылады. Алғаш мұнай мен балық өндіре бастағанда ауыр жүктерді осы түйенің көмегімен тасымалдаған. Түйенің еті мен сүті тағам ретінде өте шипалы. Түйе сүтінің майлылығы сиыр сүтінен әлде қайда жоғары. Оның құрамында адам ағзасына қажетті дәрумендер мол. Түйе сүтінен шұбат дайындалады, оның емдік қасиеті мол. Мойнындағы жүнін шуда деп атайды. Шудасы да қымбат бағаланады. Түйенің жүнінінен жылы жейде, шұлық, қолғап тоқып, киіз басып, алаша тоқып көрпе жасайды. түйе күй таңтамайды, басқа мал жемейтін қатты тікенді өсімдіктермен қоректене береді . Түйе түнде жайылып, түнде жатып күйіс қайырады. Міне балалар түйенің басқа үй жануарларынан өзгешелігі бар екен. Тәрбиеші балаларға түйе туралы осылай баяндап берген соң, оны қалай түсінгендерін мына сұрақтар арқылы пысықтайды. 1. Түйе қандай жануар? 2 Түйенің сүтінен не дайындалады? 2. Сүтінің қандай қасиеті бар? 3. Түйе немен қоректенеді? 4. Түйенің жүнін не деп атайды? Сергіту сәті «Тұлпарым» әнімен сергіту сәті жасалады. Дидактикалық ойын: «Сипаттап бер»(кубизм әдісі) Мақсаты: Кубиктің жан- жанындағы үй жануарларының атын атап әңгімелеп беруге үйрету, тіл байлықтарың дамыту, сөздік қорларын молайту. - Балалар ойынға өте жақсы қатыстыңыздар енді үй жануарлары туралы тақпақ білеміз бе? Билингвальді компанент: Түйе- верблюд- camel, Бота- верблюжонок- younq camel - Балалар қараңдаршы мына суретте не бейнеленген? - Бұл суретте әдемі жайлау көрінісі бейнеленген екен бірақ нелер жетіспейді? -Балалар мына суреттердің арасынан үй жануарларын алып жайлауға жапсырып көрік берейік. Дидактикалық ойын: « Төлін тап» Мақсаты: үй жануарларының төлдерін атай білуге, ажырата білуге үйрету. Ойын шарты: Бір күні Хамит атай өрісте төрт түлік малын жайып жүр еді. Бір мезгілде күн бұлттанып жаңбыр жауады. Қатты жаңбырдың кесірінен төлдер өздерінің енелерінен ажырап калады, енді балалар барлығымыз Хамит атайға және төлдердің енелеріне қауышуға көмектесуіміз керек. | Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайдs Түйе шөлге, суыққа төзімді жануар. Шұбат Емдік қасиеті бар Тікендермен де қоректене береді.
Балалар үй жануары туралы тақпақтар айтады. Балалар қайталайды: Түйе- верблюд- camel, Бота- верблюжонок- younq camel
Балалар суреттер арасынан үй жануарларын тауып жайлауға апарып жапсырады.
Балалар үй жануарларын атап, төлдерін табады. |
Рефлексті түзету | - Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде нелер туралы әңгімелестік? - Балалар бүгін біз түйе туралы не білдік? - Мынау не? - Қандай? - Не істейді? - Қайда мекендейді? - Түйе жәндік пе? жануар ма? - Кәне балалар түйе қандай жануар деп ойлайсыңдар сөйлем құрап көрейікші . Балалар сіздер бүгінгі оқу іс -әрекетіне өте жақсы қатысқандарың үшін сіздерге бестік бағасының орнына жұлдызша беремін . Балаларды мадақтап оқу іс-әрекетін аяқтау. | Үй жануарлары Түйе Төзімді, шыдамды. Жүк тасиды. Шөл далада. Жануар. Түйе шыдамды,ерекше жануар. Балалар қуанышты көңіл күйде болады. |