kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Саба?ты? та?ырыбы "Мені? с?йікті жануарым"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:Мені? с?ікті жануарым    

Саба?ты? ма?саты: хайуанаттар ба?ында?ы жабайы а?дармен таныстыру, олар туралы ?ыс?аша м?лімет беру, білімдерін молайту.
Білімділік ма?саты: с?раулы? шылауларды, сан есімдерді ж?не сын есімдерді ?айталау, мысалдар ар?ылы д?рыс жазылуын ме?герту.
Дамытушылы? ма?саты: жа?а с?здер ар?ылы ойлау ?абілетін арттыру, ауызекі с?йлеу, жазба тілдерін дамыту, та?ырып бойынша ?зара с?йлесуге машы?тандыру.
Т?рбиелік ма?саты: жануарлар?а ?ам?ор болу, ?орша?ан ортаны аялау?а т?рбиелеу.
Саба?ты? т?рі: аралас саба?
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Саба?ты? та?ырыбы "Мені? с?йікті жануарым"»

Сабақтың тақырыбы:Менің сүікті жануарым

Сабақтың мақсаты: хайуанаттар бағындағы жабайы аңдармен таныстыру, олар туралы қысқаша мәлімет беру, білімдерін молайту.
Білімділік мақсаты: сұраулық шылауларды, сан есімдерді және сын есімдерді қайталау, мысалдар арқылы дұрыс жазылуын меңгерту.
Дамытушылық мақсаты: жаңа сөздер арқылы ойлау қабілетін арттыру, ауызекі сөйлеу, жазба тілдерін дамыту, тақырып бойынша өзара сөйлесуге машықтандыру.
Тәрбиелік мақсаты: жануарларға қамқор болу, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдістері: түсіндіру, баяндау, жаттығулар жұмысы, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, үлестірме қағаздар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындық деңгейін бақылау. Кезекшімен әңгімелесу. Сабаққа бейімдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Жолбарыс, піл туралы әңгімелеу. Сұрақтарға жауап беріңдер? - Бұл қандай аңдар?
- Жабайы аңдар қайда өмір сүреді?
- Неге оларды жабайы аңдар дейміз?
- Балалар, біз жабайы аңдарды қайдан көруімізге болады?
- Дұрыс, хайуанаттар бағында. Сонымен, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Хайуанаттар бағында.
ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
1. Сөздік жұмысы. Тыңдалым. Айтылым. Жазылым.
а) Жаңа сөздердің айтылуын меңгерту үшін мұғалім өзі оқып береді.
ә) Оқушылар мұғалім соңынан тізбектей, сосын жекелей қайталап айтып жаттығады.
б) Жазылуын меңгеру үшін сөздік дәптерге жазып алады.
в) Лексикалық мағынасын меңгеру үшін сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады.
2. Сыныпты топқа бөлу. Топтық жұмыс. Әр топ мәтін бойынша жұмыс істейді.
1 - топ " Жүйріктер", 2 - топ " Мықтылар", 3 - топ" Батылдылар".
*Біздің сынып оқушылары хайуанаттар бағына саяхатқа шықты. Олар қандай аңдарды көрді? Оларды қандай аңдар қызықтырды?
1. Әр топ сынып оқушыларын өз топтарына берілген аңдарымен, жануарларымен таныстырады. ( Аңдар туралы презентация көрсету)
2. Мәтін бойынша диалог құрастыру, өзара сөйлесу.
3. Сұрақтарға жауап беру.
- Балалар, сонымен түйе қандай жануарларға жатады?
- Түйе қандай? Мықты, төзімді, шыдамды.
- Түйе неше күн су ішпей жүре алады?
- Түйе неше литр су ішеді?
- Түйе неше центнер жүк көтере алады?
- Ал, аю мен керік қандай аңдарға жатады?
- Аю қандай? Ақ, қара, қоңыр, үлкен, мықты.
- Аю қайда мекендейді?
- Оның салмағы неше тонна?
- Аю неше жыл өмір сүреді?
- Керік қандай? Ең биік, жүйрік.
- Бойы неше метр?
- Ол сағатына неше километр жүгіреді?
- Керік неше жыл өмір сүреді?
3. Жаттығулар жұмысы. Жазылым.
а) Сандарды сөйлет, сөйлемдер құрастырып жаз.
200 литр, 40 - 50 жыл, 6 метр.
ә) Сұраулық шылауларды тіркеп жаз.
Ауыр...? биік...? аю...? ұзын...? керік...? ыстық...? піл...? жолбарыс...?
б) Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар.
... - жабайы аң.
... - қорқақ аң.
... - жыртқыш аң.
... - айлакер аң.
4." Мен бүгін сыныптастарыммен хайуанаттар бағына бардым " сурет бойынша монолог құрастыру.
ІҮ. Сабақты бекіту. Қорытындылау.
- Балалар, біз бүгін хайуанаттар бағына саяхат жасадық. Қандай жаңа аңдармен таныстыңдар? Сендерге не ұнады? Қандай жаңа білім алдыңдар?
- Біздің қалада жабайы аңдарды қайдан көруге болады? Сендер биологиялық орталықта болдыңдар ма? Онда қандай аңдар бар? Оларды кімдер күтеді? Сендер оларға қандай көмек көрсетесіңдер? ( Презентация көрсету)
ҮІ. Бағалау.
ҮІІ. Үй тапсырмасы: Бір аң туралы әңгімелеп, суретін салып келу.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Саба?ты? та?ырыбы "Мені? с?йікті жануарым"

Автор: Жуманова Хагира Нурлановна

Дата: 01.03.2016

Номер свидетельства: 301106


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства