Просмотр содержимого документа
«Менің елім Қазақстан!»
Менің елім!
Сабақтың мақсаты: «Қазақстан », «Отан», құндылығының маңыздылығын түсіндіру, Қазақстан туралы өлең, тақпақ, мақал-мәтелдер, ойындар арқылы түсініктерін кеңейту. Отанды сүюге тәрбиелеу.
-Армысыздар, қадірменді қонақтар! «Менің елім!» атты «Көңілділер мен тапқырлар» сайысына қош келдіңіздер.
Шаттық шеңбері
-Қайырлы таң, балалар! «Ризамыз біз саған» атты өлең шуақтарын шеңберде тұрып бірге қайталайық.
Күнде шат күліп күн,
Өміріміз жайдарлы.
Мәңгілік бақыттың.
Өзіміз айғағы
Күлеміз, ойнаймыз.
Демалып алаңсыз.
Ризамыз саған біз.
Ұлы Отан –анамыз!
-Сонымен «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Бал.-Отан дегеніміз-адамның туып өскен жері, туған туыстарымен,жақындарымен бірге тұратын мекені.
-Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны-Қазақстан Республикасы.
-Ия, балалар, біздің Отанымыз, туған жеріміз, алтын бесігіміз- Қазақстан кеңбайтақ. Кеңбайтақ Отанымыздың бір шетінен екінші шетіне жету үшін құс қанаты талады екен. Біз үшін Отанның шеті де, шегі де жоқ.
Тәрб. Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жана ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие-білім табар мән.
Бұл бәйге-ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда-дегендей ,бұл сайыста екі топ жарысқа түседі. Сайыс алты кезеңнен тұрады
13.Қазақстан Республикасының рәміздерін кім атайды?
Бал. –Ту, Елтаңба, Әнұран.
14.Әнұранның авторлары кімдер?
-Шәмші Қалдаяқов, Н.Назарбаев
15. Рәміздер туралы кімдер айтып береді? Суретпен жұмыс
Бал. -Қ.Р-ның рәміздерінің бірі ту. Біздің ту көгілдір түсті, ортасында алтын күн, астында қалықтаған қыран құс. Шетінде ұлттық ою өрнек бар.
Бал. –Мемлекеттік елтаңбамыз достық берекенің белгісі Екі шетінде алтын қанатты тұлпар, ортасында шаңырақ. Жоғарыда жұлдыз, төменде «Қазақстан» деген жазуы бар.
Бал.-Әнұран ел жүрегінің соғысы, ел тілегінің тоғысы. Әнұран тұрып айтылады, оң қол сол жақта жүректің қасында болады.
Тәрб. -Дұрыс, біз өз еліміздің негізгі белгілерін біліп қана қоймай, оларды қастерлеуіміз керек. Бұл барша Қазақстан азаматтарының парызы.
3-кезең. «Қазақстанның табиғат сыйлары»
Өзен-көлдері, таулары
«Бәйтерек» тобы
«Бүркіт» тобы
4-кезең. «Білгенге маржан»- үй тапсырмасы
Отан туралы мақал-мәтелдер
1.Отанды сүю отбасынан басталады.
2.Отансыз- адам,
Ормансыз бұлбұл.
3.Туған жердің қадірін,
Шетте жүрсең білерсің.
4. Әркімнің өз жері-жұмақ.
5.Отан оттан да ыстық.
6.Ел- елдің бәрі жақсы.
Өз елің бәрінен де жақсы.
7.Отан үшін күрес-
Ерге тиген үлес.
8.Ел іші- алтын бесік.
9.Туған жердің жуасы да тәтті.
10.Отан-елдің анасы,
Ел-ердің анасы
11.Ер елінде,
Гүл жерінде.
12. Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
5-кезең. «Отан туралы тақпақ»
«Бәйтерек»-тобы
1.Елімнің атын айтсам-Қазақстан,
Жерімнің атын айтсам –Қазақстан.
Қойнауы қазынаға толған мекен,
Байлығын атын айтсам-Қазақстан.
2.Қазақстан –бабамнан қалған мұра.
Сенбейсің бе-даламнан бар да сұра.
Ел мен жерді дұшпанға татптатпаған,
Батырларым демесем, болар күнә.
3.Қазақстан –ұлт атын ұлықты еткен,
Ұлылырдың арманын биіктеткен.
Өзге де ұлт ұлысқа қоныс болып,
Оларға да жақсылықты үйіп-төккен.
4.Қазақстан –республикам, мақтанышым.
Мен сені жырлаймын мақтан үшін.
Құдайым маған құйттай жүрек берген,
Лүпілдеп сені сүйіп, сақтау үшін
«Бүркіт»-тобы
5.Отанды біз атамекен, 7.Отанды әркім анасындай,
Деп аялап атаймыз Қастерлейді, қолдайды.
Өйткені оны мекен еткен. Өйткені Отан баласындай
Бабамызбен атамыз Бізді асырап, қорғайды.
6.Отанды жас, кәріміз де, 8.Отан деген-атамекен,
Туған жер деп сүйеміз. Отан деген- туған жер.
Өйткені онда бәріміз де, Отан-ана,
Туып,өмір сүреміз. Отан-үлкен
Туған ел!
6-кезең. «Отанымызды көркейту» -коллаж , үй тапсырмасы
-Міне, қараңдаршы біздің Қазақстанымыз ,туған жеріміз қандай әсемденіп, көркейіп кетті. Бүгін өздеріңді Отанымыздың болашағы, ақылды,білімді азамат екендіктеріңді көрсетебіліңдер. Ендеше Отанымызға,елімізге, бүгінгі келген қонақтарға жылы тілектерімізді, ризашылығымызды білдірейік.
Балалар.
-Менің Отаным –Қазақстан, мен саған бақытты күндерім үшін ризамын.
-Отан-Анам, сенде туып ,өскенім үшін рахмет.
-Менің Қазақстаным, мен сені жақсы көремін, сен көркемсің.