Ұйымдастыру-іздестіру | 1.Әңгіме жүргізу Балалар,бүгінгі сабағымызды осы бейбіт өмірдің құрбаны болған,ардақты батырларымызбен , отан үшін отқа түскен аға,апаларымыз туралы. -9 Мамыр-Жеңіс күні мерекесі.Біздің Отанымызды,туған жерімізді ержүрек ағаларымыз,апаларымыз сыртқы жаудан қорғап қалды.Жеңіс мерекесі елімізде жылсайын тойланады. Тәрбиеші балаларға арнап дайындаған слайдты көрсетеді. Батырлар туралы айтады, 28-панфиловшылар саябағындағы соғыста ерлікпен күрескен ағаларымыздың ескерткіші бар.Сол жерде мәңгілік өшпейтін алау оты бар. Алау отына ардагер аталарымыз ,апаларымыз гүл шоқтарын қояды.Олар: Әлия Молдағұлова,Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы сияқты батыр ата апаларымыз. Сергіту сәті: Бала,бала,балақан! Кәне, қайсы, алақан? Саусақтарың әйбәт, Былай-былай ойнат.Топ-топ,топ-топ басайық,Жалаудан күн жасайық! Жаса,жаса алтын күн, Жаса,жаса жарқын күн! -Балалар, сендерде осы апа аталарың сияқты батыр болғыларың келе ме? Батыр болыңдар! Батыр болу үшін ержүрек болу керек.Елді жерді сүйе білу керек.Міне,мына батырдың суреті біздің Самар ауылынан шыққан батыр аталарыңның суреттері. Біздің Самар ауылында да соғысқа қатысқан батырларға арналған ескерткіштер бар. Ол ескерткіштерге 9мамыр жеңіс күнінде және т.б мерекелерде гүл шоқтарын қоямыз,құрметпен бас иеміз.Батырлардың құрметіне ескерткіштер орнатылып,олардың аттарына мектептер,көшелер берілген.Ұлы отан соғысына қатысқан аталарымызбен ,апаларымызды құрметтеп сыйлауымыз керек,егер кезіге қалсаңдар амандасуларың қажет. Отан үшін –отқа түс күймейсің! Балалардың тақпақтары тындалады Ерасыл: Елге қауып төнбесін Есен аман болайық Енді соғыс келмесін. Нұрай: Жеңіс келді далама Жеңіс келді қалама Жеңіс келді бақыт боп, Бар әлемге жарқырап. Ерсайын: Отан асыл анамыз Аңа сүтің ақтаймыз Есейгенде ер болып, Елді жаудан сақтаймыз. Алдияр: Бір ,екі,үш! Бойға жинап күш. Шынығамын тәнертең, Ағалардай Отанға, Солдат болам мен ертең. «Жалауша»ойыны Балаларды екі топқа ,алдыңғы екі баланың қолына жалауша беріледі.Музыка ырғағымен балалар жалаушаны қолдан-қолға бере бастайды.Қай топ жалаушаны жылдам жылжытып,ойынды тез аяқтаса-сол топ жеңімпаз деп танылады. Педагог балаларды ортаға шақырып,бәрі бірге ән шырқайды: Әрқашан күн сөңбесін, Аспаннан бұлт төңбесін! Қасымда болсын мамам, Болайын мен де аман! | Балаларға ой тастау. Қайталап айтады. Балалар есімдерді қайталап айтады. . Балалар қимыл-қозғалыс жасап қайталайды Балалар жауап береді Балалар жаттаған тақпақтарын айтады 2-3 рет ойнайды Балалар әнді қайталайды |