Еріксіз ?олыма ?алам алуыма себеп бол?ан атамны? мереке ?арса?ында ортамызда болма?аны.Мені? атам ??сайынов Ш?ки. Атам Атырау облысы, ?ызыл?о?а ауданы, Жас?айрат ауылында д?ниеге келген.Ол 16 жасында со?ыс?а ?з еркімен кеткен.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Мені? атам майдангер"»
Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
Жасқайрат ауылы
Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебі
5 сынып оқушысы Болатбек Дарын
Менің атам майдангер
Еріксіз қолыма қалам алуыма себеп болған атамның мереке қарсаңында ортамызда болмағаны.Менің атам Құсайынов Шәки. Атам Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Жасқайрат ауылында дүниеге келген.Ол 16 жасында соғысқа өз еркімен кеткен.
Атам маған соғыс кезіндегі көрген қиыншылықтарын әңгімелеп,жауынгерлік жылдарын жиі-жиі есіне алып отыратын.Менің атам соғыстың сұрапыл жылдарында жауға қарсы шығып,ерлік көрсетіп,тарихта өшпес із қалдырған.Қан төгіс шайқаста бір саусағына оқ тиіп жараланған.Өмір мен өлім белдескен ауыр кезеңде қолдарына қару алып ата жаумен арыстанша алысқан,біздің болашағыыз үшін жанын аямаған,қан төккен майдангерлеріміздің бірі болған. Сонау Ленинград түбінде таңды таңға ұрған қаһарлы күндерін,ақ қар жамылған жаралы кездерін көзіне жас алып отыратын.
Соғыста көрсеткен ерлігі үшін көптеген ордендермен марапатталған.Атам елге оралған соң еңбекке араласып,отбасын құрып,төрт ұл,бес қыз тәрбиелеген.
Атам 2007 жылы 27 қыркүйекте дүние салды.
Аталарымыздың ерлігі арқасында бүгінгі бейбіт күнге жетіп отырмыз.
Тәуелсіздігіміздің баянды болуы-осы батыр аға-апаларымыздың арқасы,өлшеусіз еңбегі.
Ұлы жеңіс мерекесі қарсаңында отбасымызбен атамызды еске алып,рухына тағзым етеміз.Ортамызда жүрген сұрапыл соғыс салған жаралы жүректің сыздауына мойымай,ерлік көрсеткен аталарымызды мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын.