Просмотр содержимого документа
«Мен және менің денсаулығым»
Мақсаты: балаларға өз денсаулығын күтуді үйрету,қауіпті-қауіпсіз заттарды ажырата білуге баулу,дәрумендер пайдасын ұғындыру,мақал-мәтел мен тақпақтар айтып сөздік қорын молайту. Жолда жүру ережелерін сақтау.
Тәрбиеші: Балалар,мен сіздерді ерекше саяхатқа шақырғым келіп тұр. Ол үшін бірінші сіздерге бір аңыз айтып берейін. Ертеде бір Олимп деген таулы аймақта адамдар тұрған. Ол аймақта адамдар өздері қандай болу керектігін ойлайды. Бірінші адам,адамдардың күші көп болу керек деген. Екінші адам адамдардың денсаулығы мықты болу керек деген,үшінші адам «адамдар ақылды болу керек» деген. Енді осы құндылықтарды жасырып көрейік деп бір-біріне айтады. Біреуін теңіз астына,біреуін үлкен тауға,енді біреуін адамның өзіне жасырайық деді. Содан бері адамдардың денсаулығы өз қолдарында. Демек,біздің денсаулығымыз өзімізде жасырынған екен. Енді «Ауырмайтын елге» саяхатқа барамыз.
Нұсқаушы: Қазір күн суық болғандықтан адамдар тұмаумен көп ауырады. Ауырмау үшін нүктелі массаж жасап алдымыздағы жолдардан өтіп,сиқырлы құралдарды алып үш қатарға бөлінейік.(Кірқожалақ шығады).
-Сіз кімсіз? Біздің жолымызды кеспеңіз?
Кірқожалақ: Менің кім екенімді табыңдар,мен сабынмен де,сумен де дос емеспін. Үнемі үстім лас болып жүремін. Денемді де шынықтырмаймын.
Тәрбиеші: Айтыңызшы сізден бізге не керек?
Кірқожалақ:Сіздермен дос болсам деймін,осы балалардың арасында жалқау,кірқожалақ мен сияқты балалар бар шығар.
-Жоқ,біз күнде жуынып жаттығу жасаймыз. Қане,балалармен бірге тұрып денемізді шынықтырайық.
Ертеңгілік жаттығу. (Гантелмен).
Кірқожалақ:Қойыңдаршы,мен шаршап кеттім. Ойын ойнағым келіп тұр.
Тәрбиеші: Ойын ойнасақ ойнайық.
Эстафеталық ойын: «Пайдалы және зиянды заттар».Шарты: заттардың арасынан қауіпсіз заттарды табу. (Кірқожалақ шығып кетеді).
Тәрбиеші: Жоқ,біз сенімен дос болмаймыз. Мүмкін біз оны «Ауырмайтын елге» бірге алып кетеміз. Бізбен бірге жүрсе жалқау болмайтын шығар.
Кірқожалақ:Онда қорқынышты емес пе?
Тәрбиеші: Жоқ онда көңілді.
Негізгі жаттығу: Секіру,еңбектеу. (Слайд).
Дәрігер Салауат: Сәлеметсіздер ме,балалар! Мен Ауырмайтын елдің тұрғыны дәрігер Салауатпын. Ауырмау үшін не істеуіміз керек,білесіздер ме? (Денемізді шынықтырып массаж жасау керек. Таза жүріп дұрыс тамақтану керек).
Дәрігер Салауат: Дұрыс айтасыңдар. Ал сендер денсаулық туралы мақалды жалғастырып айта аласыңдар ма? (Иә).
Мақал жалғастыр:
1.Денсаулық-зор байлық.
2.Тазалық-денсаулық кепілі.
3.Лас-адам кіршіл.
4.Жалқаулық жаман-ауру.
5.Бірінші байлық-денсаулық.
6.Дені саудың-жаны сау.
Дәрігер Салауат:Жарайсыңдар,дұрыс тамақтану үшін не істеу керек?(Дәрумендер жеу керек).
Тәрбиеші: Қане дәрумендер,сіздер туралы білейік. (А,В,С,Д,Е дәрумендері шығып,өздерін таныстырады).
«А» дәрумені: Мен өсуге көмектесемін,көздің көруін жақсартамын.
«С» дәрумені: Мен ағзаны аурудан қорғаймын.
«Д» дәрумені: Мен сүйектерге көмектесемін.
«Е» дәрумені: Мен теріні күтемін.
«В» дәрумені: Мен тағамдарды жақсы қорытамын.
Көз жаттығуы.
Тақпақтар.
Дәрігер Салауат: Рахмет,балалар,менің кеңестерімді орындап жүріңдер. Мен сендерге дәрумендерді де дайындап қойдым.
Кірқожалақ: Балалар,сендерге рахмет. Мен денсаулығымды қалай күту керектігін үйрендім.