Балалар менің белгім бойынша көздеріңді жұмсаңдар, біз сендермен аспан әлеміне саяахатқа барамыз.Бір,екі,үш. Міне,біздер аспан әлеміне ұшып келеміз.Бетімізге самал жел еседі.Қандай тамаша! Алыстағы жұлдыздар жымың қағады,олар түрлі түсті және сондай әдемі.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Мен және мені қоршаған әлем»»
Білім беру аймағы:Әлеуметтік орта,Коммуникация
Білім беру саласы:Қоршаған орта,Экология,Көркем әдебиет
Тақырыбы:«Мен және мені қоршаған әлем»
Мақсаты: Балаларға адам туралы және оны қоршаған орта туралы түсінік беру, өзін және өзі өмір сүріп отырған ортасын құрметтеуге тәрбиелеу, жалпы жаратылыс туралы түсініктерін дамыту.
Қажетті құралдар: ватман, қима суреттер, үнтаспа, фломастер, ақ парақтар, ағаш макеті.
- Балалар менің белгім бойынша көздеріңді жұмасыңдар, біз сендермен аспан әлеміне саяхатқа барамыз. Бір, екі, үш. Міне, біздер аспан әлеміне ұшып келеміз. Бетімізге самал жел еседі. Қандай тамаша! Алыстағы жұлдыздар жымың қағады, олар түрлі түсті және сондай әдемі. Сендер бірің жұлдызды, бірің айды, енді бірің күнді ұстап жатырсыңдар. Біздің қайтатын уақытымыз жақындады. Менің белгім бойынша барлығымыз ораламыз. Бір, екі, үш көздерімізді ашамыз. Ал балалар мен сендерге парақтар беремін, сендер сол парақтарға аспан әлемінде нені ұстап көргендеріңді суретке салыңдар. Балалардың суреттерінен көрме жасалады.
Ойын. «Егерде мен ...»
Балаларға түрлі табиғат бөлшектерінің суреттері таратылады. Әр бала өзіне келген сурет бойынша, егер ол сол табиғат иесі болса қандай жақсылықтар жасайтынын айтып беред. Мысалы: егер мен құрт болсам, ағаштардың жапырақтарын жемес едім. т.с.с.
Қорытындылау.
Тәрбиеші балалармен бүгін сабақта не туралы айтқандарын естеріне түсіреді.Қайталайды.