Біз қазір тыныс алуға жаттығу жасаймыз.Біз тыныс алуға зейін қойған кезде,біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш сезімін қабылдап,демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі жаман қасиеттерді сырқа шығарамыз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Ұйымдастыру кезеңі:.Балалар бүгін «Өзін өзі тану» оқу іс-қызметімізде кездесіп отырмыз. Бүгін ерекше күн, себебі бізге қонақтар келіп отыр.
Шаттық шеңбері:
Мейірімді жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық ананы,
Жүрегім оттай жанады.
Бақыттымыз осы біз,
Қасымызда досымыз.
Балалар қонақтарға назар аударады.
Шеңберге тұрып, шаттық шеңберін жасап, сөздерін айтады.
Бір-бірімізге жылу сыйладық, ал енді орындарымызға отырайық.
Жағымды күйге келу:Балалар, қазір ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстаңдар. Қол мен аяқты айқастырмаймыз. Біз қазір тыныс алуға жаттығу жасаймыз. Біз тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш сезімін қабылдап,демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі жаман қасиеттерді сыртқа шығарамыз.
Балалар көздерін жұмып,жағымды күйге енеді.Дем алып шығарады.
Біз бүгінгі оқу қызметімізде адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз.
Балалар мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді. Мейірімділікті адамның көзінен көруге, іс-қимылынан табуға болады. Мейірімділік жүректе орналасады, ал мейірімді адамды барлығы жақсы көреді.
-Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
Дәйек сөз: «Жақсылық еткен- алғыс алады»
Мәтінмен жұмыс:«Сары тауық пен балапандары»М.Төрежанов
. Әңгіме не туралы?
.Сары тауық пен балапандар қайда қалды?
.Балапандар неге таласты?
.Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
.Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
«Шөп шөп шөжелерім» әуенімен балалар балапандар биін билеп береді
Әңгімелеу: Ал енді балалар, менің Сіздерге сыйлығым бар, қәне назарымызды экранға аударайық «Адамдардың мейірімділігі» (бейнетүсірлім)
.Жас бала құлап қалғанда өтіп бара жатқан адам не істеді?
. Адамдар немен айналысып жүр?
.Бұл видеода сендер не байқадыңдар?
. Бейнетаспада қандай адамдар болды?
.Олар бір-біріне қандай іс-әрекет жасап жүрді?
.Ал біз осылай жасаймыз ба?
Шығармашылық жұмыс: балалар қазір біздер сіздермен отырып, бәріміз тапсырма орындаймыз. Алдарыңызда жүрекшелер жатыр, сол жүрекшелерге көңіл күй сыйлаумыз қажет. Сендердің ойларыңызша
таныта алады.
Мәтінді мұқият тыңдайды.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Сергіту сәтін жасайды.
Балалар назарына видео ұсынылады.
Балалар сұрақтарға жауап береді:
-Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті
мейірімді жүрек қандай болады? Соны бейнелейік.
Жүрекшелерге көңіл-күй сыйлайды
Шығармашылық жұмыстарды орындайды. Жүрекшелерге көңіл-күй түрлерін бейнелеп, қонақтарға сыйлайды.
Ән айту:Балалар біз де мейірімділік туралы ән білеміз, соны айтайықш.
«Мейірімділік жолымен».
Соңғы тыныштық сәті:Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тіземізге қойып отырайық. Көздерімізді жұмайық. Күн нұры сіздердің төбелеріңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Бұл кұн сәулелері Сіздің бойларыңызға жақсылық пен қуаныш сезімін таратады. Барлық жақсы сезімдеріңізді жүрегіңізге жиналды.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жәймен көзіңізді ашыңыздар.
Ал енді, қонақтармен қоштасып, тобымызға оралайық.Сау болыңыздар!
Балалар ән айтады.
Тыныштық сәтін өткізеді
Қонақтармен қоштасып, топқа қайтады.
Күтетін нәтиже:
Нені білді:Мейірімділік, дұрыс әрекет, адамгершілік қасиеттерінің әрбір адамнан табылатын білді.
Қандай түсініктерді игерді: Қамқорлық,кеңпейілдіклік түсініктерін игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Бір-біріне, жақындарға деген жан жылуы мен сыйластық қарым-қатынасын сыйлауға болатынын меңгерді.