kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Мейірімді ж?рек» (?ам?оршылар к?ні мерекесіне арнал?ан мерекелік іс- шара )

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Мейірімді  ж?рек»

(?ам?оршылар  к?ні  мерекесіне  арнал?ан  мерекелік іс- шара )

Ма?саты:  Баланы  ?з  отбасына  т?рбиелеуге  ал?ан  отбасыларына,  ?ам?оршы,  ?ор?аншылар?а  ал?ыс  білдіру,  ??рметтеу, жетім  ж?не  ата-ана  ?ам?орлы?ынсыз  ?ал?ан   балаларды?  ???ы?тарын  ?ор?ау.

І  б?лім.            Ашылуы:    «Бипыл»   биі

1 ж?ргізуші:     ?айырлы  к?н, ??рметті  ?ам?оршы   ата-аналар,  ?она?тар, ?стаздар,  о?ушылар!

2 ж?ргізуші:     Б?гінгі  «Мейірімді  ж?рек» атты ?ам?оршыларды?  ауданды? слетіне ?ош   

                            келді?іздер!

1  ж?ргізуші:     ?мір  д?мі  екі  д?м:  ащы-т?тті

                           Та?дайы?а  тиеді  ж?мса? – ?атты

                           Жолы?да  жолы?атын  екі  та?дар

                           К?теді  адам  ?шін  сын  са?атты

2 ж?ргізуші:  ?мір  д?мі  екі  д?м:  улы-усыз

                Тірлік  татып  жатады  шулы – шусыз

                 Кез  келіп  та?дырына  келеді  адам

                 Ж?мыр  жер  ??рылы?ында  сулы-сусыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Мейірімді ж?рек» (?ам?оршылар к?ні мерекесіне арнал?ан мерекелік іс- шара )»

«Мейірімді жүрек»

(Қамқоршылар күні мерекесіне арналған мерекелік іс- шара )


Өтілетін орны: № орта мектебі

Мақсаты: Баланы өз отбасына тәрбиелеуге алған отбасыларына, қамқоршы, қорғаншыларға алғыс білдіру, құрметтеу, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау.


І бөлім. Ашылуы: «Бипыл» биі


1 жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қамқоршы ата-аналар, қонақтар, ұстаздар, оқушылар!

2 жүргізуші: Бүгінгі «Мейірімді жүрек» атты қамқоршылардың аудандық слетіне қош

келдіңіздер!


1 жүргізуші: Өмір дәмі екі дәм: ащы-тәтті

Таңдайыңа тиеді жұмсақ – қатты

Жолыңда жолығатын екі тағдар

Күтеді адам үшін сын сағатты


2 жүргізуші: Өмір дәмі екі дәм: улы-усыз

Тірлік татып жатады шулы – шусыз

Кез келіп тағдырына келеді адам

Жұмыр жер құрылығында сулы-сусыз.


1 жүргізуші: Бөтен бала мен бөтен қайғы жоқ деп ойлайтын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларға қолдау көрсету, қуаныш сыйлау және құрметтеу мақсатындағы «Мейірімді жүрек» мерекесі республика көлемінде өткізіліп отыр.


2 жүргізуші: Құрметті балалар! Сені жан – тәніменмен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген қамқоршы ата-ананың көңілін қалдыратын іс жасасаң, сен ешқандай да жақсылыққа лайықты емессің. Өйткені, кімде-кім тәрбиелеп отырған ата-ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Сондықтан қамқорлық көрсетіп отырған ата-ананың қадірін біліп, оларды ренжітпей, ата-анаға деген ізет, құрметіңді аямасаң саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны деп біл.


1 жүргізуші: Бүгінгі мерекеге қатысушыларды құттықтау үшін сөз кезегі үнемі өзінің аналық мейірімі мен азаматтық қызметін көрсетіп жүрген мектеп директоры ------- беріледі.


(Қонақтарға сөз беру)


ІІ бөлім. (Слайд көрсетіледі. қамқоршылар туралы)


2 жүргізуші: Осынау заманда адал да ізгі ниетпен жасаған қайырымды іс – балаға жан жылуыңды беру, аялау, қуанту, өмірдегі өз орнын табуға көмек жасау. Алла тағала берген жүректі екі есеге ұлғайтып, оған бар мейірім мен адалдықты сыйғызу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Балам деп, жаным деп жатсынбай жүрген ата-аналарға сөз кезегін ұсынбақпыз.

Бар бойына жан жылуын жинаған!

Тағдыр оған әр тағдырды сыйлаған!

Әр тағдырдың амандығын тілеумен

Кең кеудесі қуанышқа сыймаған


Айналайын ақ апам

Ақыл айтар дана апам

Жақсы көрем өзіңді

Мұң шалмасын жүзіңді.



Өзіңнің ерке балаң бұл

Арнайды бүгін саған жыр

Жақсылық тілеп жаныма

Әрқашан апа аман жүр!


(Қамқоршы ата-аналардың құрметіне ән шашу)

Ән: «Асыл ана»


1 жүргізуші: Бүгінгі «Мейірімді жүрек» мерекесінің кішкентай қонақтары, мектебіміздің мақтаныштары:

Сіздер, мектебіміздің тамаша оқушыларысыздар. Отбасының мейірім шуағын сезініп, кәсіпкер ағалардың ыстық ілтипатына бөленіп жүрген еліміздің бақытты жеткіншектерісіздер. Сіздерге бүгін өз сыныптастарыңыз бен сынып жеткшілеріңіз де өз ықыластарын білдірмек.

(Әр сынып өз сыйлықтарын тапсырады)


2 жүргізуші: Құрметті кәсіпкер ағалар мен апалар! Сіздер қарлығаштың қанатымен су сепкен өз адамгершіліктеріңіз бен жылы жүректеріңізді паш еткен жандарсыздар! Қандай да жақсы істердің басында жүретін, жылағанды жұбатып, жабырқағанды демейтін сіздердей жаны жомарт ағаларымыз бен апаларымыз өз кәсіптерінен береке таба берсін демекпіз.

Жыл сайын осы мөлтек аудандағы балаларға демеуші болып келе жатқан кәсіпкер ағаларымыз бен апаларымызды:


Ән: «Әкешім -анашым»


ІІІ бөлім Қамқоршыларды марапаттау рәсімі. (Алғыс хат пен сыйлықтар тапсыру)

ІV бөлім. Қорытындылау.


2 жүргізуші: Құрметті қонақтар! «Мейірімді жүрек» мерекесіне қатысып, балаға берер жан жылуларыңыздың тағы бір бөлшегін беріп, бала жанының бағбандары екендеріңізді көрсеттіңіздер!


Ата - бабамыз жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған. Сондықтан да

Бала жаны ауырып жыламасын,

Ата-ана бәйтерегі құламасын!

1 жүргізуші: О,қамқоршым,

Таянышым тірегім.

Бар бақытты бір басыңа тіледім!

Мені жақсы болса екен деп қашанда

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің

Туған жердің,

Жайнап тұрған даламның

Өзіңе деп гүлін үзіп алармын

Жүрек сырын өзіңе арнап жинадым,

Міне, гүлімІ

Мен де гүлдей балаңмын.


2 жүргізуші: Құрметті бүгінгі мереке қонақтары! Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, адалдық пен мейірімділікке, имандылыққа, инабаттылыққа, әдептілікке, жауапкершілікке, кешірімді болуға шын ықылас-пейілмен тәрбиелейтініңізге сенімді екенімізді білдіргіміз келеді.

Әр күніңіз сәтті болсын дей отырып, бүгінгі мерекеге қатысушыларға алғысымызды білдіреміз.


«Бақытты балалық шақ» әнін қабыл алыңыздар.


Соңы.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«Мейірімді ж?рек» (?ам?оршылар к?ні мерекесіне арнал?ан мерекелік іс- шара )

Автор: Маханов Н?рлыбек Серік?лы

Дата: 15.03.2016

Номер свидетельства: 306048


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства