kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?зін-?зі тану п?нінен жоспар: "Мейірімділік- адамдарды? жанын жылытатын к?нні? к?зі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мейірімділікте ?мір с?ру ба?ыт екенін т?сіндіру ж?не балаларды? санасына мейірімділік,

?айрымдылы? ??ымдарын ?алыптастыру, баланы? мейірімді с?здер айту ?абілетін

арттыру, кішіпейілдікке, бауырмалды??а т?рбиелеу.

К?рнекілігі:тапсырмалар, суреттері сызбалар, ж?рекшелер, т?сті ?а?аздар

?діс т?сілі: сыни т?р?ыдан ойлау, топтастыру ж?мысы,ой б?лісу, жапсырмалау

«Шатты? ше?бері»

«Шатты? ше?бері» аясында бір-бірімізбен амандасайы?.

?уанамын мен де, (?зін к?рсетеді.)

?уанасы? сен де, (Жанындагы досын к?рсетеді.)

?уанайы?, достарым, (Бір-біріні? ?олдарынан ?стайды.)

Арайлап ат?ан к?нге! (?олдарын жо?ары к?тереді.)

*Мен сенен жылу аламын (сол жа?ына ?арайды)

 Ж?регіме саламын (тура ?арайды)

 Досыма сыйлаймын (о??а ?арайды)

 С?ттілік тілеймін (тура ?арайды)

Балалар топпен ж?мыс жасайды

І-топ «К?н шуа?»

«Біз к?нбіз, шуа?ымызды сіздерге сыйлаймыз»

ІІ-топ «Н?рлы ж?рек»

«Бізді? ж?регіміз сіздерге жа?сылы? тілейді»

ІІІ-топ «Жылы ала?ан»

«Бізді? ала?андарымыз, сіздерге к?мектеседі»

І?-топ  «Керемет к??іл»

«Біз сіздерге жа?сы к??іл к?й сыйлаймыз»

?-топ  «Жан жылуы»

«Біз сіздерге жанымызды? жылуын береміз»

Біз танысып алды?.

«Мен  ?андай баламын?» 

(?осымша тапсырмалары ар?ылы ?з ?нерлерін, хоббиін ??гімелейді)

?лкен азамат, е?бек?ор екенсіздер, олай болса, б?гінгі тапсырмалар сіздер  еш

?иынды?сыз орындай алатынды?тары?ыз?а  еш?андай  к?м?н келтірмеймін.

«Си?ырлы ?обдиша» жатты?уы: ?обдишаны бір-бірі?ні? ?олдары?а бересіздер,

?обдишаны ал?ан адам оны ашып ішіне ?арайды. Оны? ішінде кішкентай ?зеннен сіздер

жан-жа?ты ж?не ?айталанбайтын бейнені к?ресіздер. О?ан к?ліп ?араулары?ыз керек.

 Талдау: жан-жа?ты ж?не ?айталанбайтын бейне деген с?зді ?алай т?сінесіздер?

 - сіздер ол бейнеге к?ліп ?ара?анда, ол сізге ?алай ?арады?

ЕРТЕГІНІ  САХНАЛАУ  «Байлы?, ба?ыт, а?ыл»

  Автор: -Ерте заманда  Байлы?, Ба?ыт, А?ыл ?шеуі бас ?осыпты. Олар ?зара  ?ткен-

кеткен ??гімелерді айтысады. С?з кезегінде ?шеуі адам баласына тигізетін пайдасы

жайында таласып ?алады.   Алдымен Байлы? с?з алады.  Байлы? (кеудесін ?а?ып,):

-мені? ар?амда ?ана адам баласыны? т?рт т?лігі сай, ?йі, д?ние –м?лікке бай, ішіп-жемі

мол болады. Сонды?тан ма?ан те? келер еште?е жо?.

Автор: -Сонда Ба?ыт былай дейді:

Ба?ыт:-Мен ба?пын. Кімні? басына ?онсам, соны? ата?-да??ын аспан?а к?теремін, д?кей

етемін. ?арсы келген д?шпанды жер етемін.  А?ыл (сабырлы т?рде):-О, достарым, мен с

ендерді? таластары?а ?осылмаймын. ?шеуміз те? туды?. Біра? мен бірер ит к?йлекті

сендерден б?рын тоздырдым. Айтыстары? к??іліме ?онбайды. Мен-А?ылмын. Сонды?тан

бекер дауры?ып, менменсіп с?йлегенді жа?тырмаймын. ?шеуміз де адам баласына

?ажетпіз. К??ілдері?е келсе де, айтайын, екеуі? де ма?ан ба?ыныштысы?дар. Адам баласы менсіз ?мір с?ре алмайды. Келіспесе?дер Данышпан?а ж?гінейік. Т?релігін сол айтсын.

Автор:-С?йтіп ?шеуі Данышпан?а келеді. ?шеуіні? таласын ты?дап ал?ан Данышпан

былай дейді. Данышпан:-?мірді? ?зі саба?: «Байлы?-бір ж?тты?». «Ба?ыт баянсыз». А?ыл

бар жерде ?ана байлы? та, ба?ыт та, бірлік те, ынтыма? та т?гел. А?ылмен б?рін

ойда?ыдай бас?ару?а, ат?ару?а тындыру?а болады. А?ылды? е?бек деген с?еніші, тіреуі,

т?т?асы бар. Оны? алмайтын ?амалы, ?олы жетпейтін ырзы?ы жо?. Сонды?тан а?ылды

болып е?бек ете білген адам баласы байлы??а да, ба?ыт?а да кенеліп, м?нді де с?нді ?мір

с?ре алады.

«Шатас?ан с?здер»

мен, Адам, е?, а?ыл, тамаша, білім, бойында?ы, н?рсе-,

        «Адам бойында?ы е? тамаша н?рсе-білім мен а?ыл» 

                                               Ж. Баласа??ни

«Алтын а?ыл» (барлы? топ?а бір а?ылдан беріледі)

*?йде,мектепте, «С?лем», «С?леметсіз бе», «?айырлы т?н» деген сия?ты ізгі с?здерді

айтуды ?мытпа.

*Жасы кішілер ?лкендерге с?лем беріп, ал ?лкендер кішілерге ?ам?ор болуы тиіс.

М?ны есте са?та

*?р к?ні?ді жа?сы ойлар ойлаумен бастап, бос ?ткізбе.

*К?ні бойы ?зі?ді ?орша?ан адамдарды? б?рі туралы тек с?йіспеншілікпен ж?не ізгілікпен

ойлай ж?р.

*Тынышты? са?тай білуге, н?зік ?нмен биязы, м?дениетті с?йлеуге ?йрен.

*?йы?тар алдында б?гін ?анша адамды ?уанттым деп,  ж?бат?аны?ды, ?айырым

жаса?аны?ды есі?е т?сір.

*Ата-ана?ны? мейірім шуа?ын сезініп ?адірлей біл.

*«Жа?сылы??а жа?сылы?-?р кісіні? ісі,

Жаманды??а жа?сылы?-ер кісіні? ісі» деген ма?алды т?сініп жады?да ?ста.

        «Мейірімділік» монша?ын  тізу жатты?уы»  (?р с?здерді, ?р істерді орында?ан со?  

монша? ретінде тізіп отыру.)

 «??гімелесу» 

Мейірімді адам-ол ?андай болады?

*Мейірімді, ?айырымды адам – ?иын с?тте ?ол ?шын беруге, к?мектесуге даяр адам.

*Жа?сылы? жасайтын адам.

 *Таби?атты с?йетін адам.

*А? жануарлар мен ??стар?а ?ам?орлы? к?рсететін адам.

* Сыпайы, ?депті, жина?ы адам.

*?лкенді сыйлайтын, достарын сыйлайтын адам.

« С?здермен  ж?мыс:»

«?алай ойлайсы?дар? ?атігездік к?п пе, ?айырымдылы?, мейірімділік к?п пе?

(с?здерді? ?арама-?арсы ма?ынасын табу)

*Жаман – жа?сы

*?атігездік – ?айырымдылы?

*Со?ыс – бейбітшілік

*Аямаушылы?- ?олыашы?ты?

*Д?рекілік – ?дептілік

*?аталды?– мейірім

*?тірік – шынды?

Ойын: “Ертегі кейіпкері – ?айырымды ма ?лде ?атігез бе?”

Барлы?тары? ертегіні жа?сы к?ресі?дер. Ертегілерді? е? басты та?ырыбы –

?айырымдылы? пен ?атігездік. Кейіпкерлер де к?п. ?азір мен ертегі кейіпкерлерін

атаймын, ал сендер оны? ?андай екенін айтасы?дар, ауызша емес, ?айырымды болса-

ала?ан со?амыз, ?атігез болса – ая? пен то?ылдатамыз.

Ма?та?ыз, Бауырса?, То?ылда?, ?а?ба? шал, ?арлы?аш, Таусо?ар, Д?у, Алдарк?се, Жеті

ла?, ?ас?ыр, Мыстанкемпір, т?лкі

«??растыру» ойыны (Данышпандар с?йлейді)

1) «Адал жанды ?неге т?т ?зі?е».         Ж?сіп Баласа??ни.

2) Жа?сы т?ртіп ?детке айналса - ырыс,

   Жаман т?ртіп ?детке айналса – ?ырсы?.         ?абиден М?стафин.

3) Бала болса? бол?андай бол,

    А?айын?а ?ор?андай бол.        Н?ржан шешен.

4)?лкенді ізетте,

    Кішіні ??рметте.               Бауыржан Момыш?лы.

5)Мейірімділікті? жолы- жары? к?н.                    Майлы?ожа С?лтан?ожа?лы.

6)Талаптан да, білім мен ?нер ?йрен,

Білімсіз,

?нерсіз, болады а?ыл т?л.                    Ш.??дайберді?лы

«Опликация»жатты?уы:  м?нда  ?р топ ?зі та?дап ал?ан т?сінен плакат?а жабыстыру

жасау ар?ылы белгілі бір бейнені білдіреді.

 Н?с?ау: мына б?ліп ?ой?ан т?стерді топ басылары?ыз та?дау?а болады.

 1 топ?а – ?ызыл, жасыл т?с  (г?л  жасайды)

 2-топ?а – к?к, сары т?с  ( аспанда?ы к?н )

 3 топ?а- к?к, а? т?с  (б?л топ Те?ізде ж?зіп бара жат?ан желкенді ?айы? бейнесін

бейнелейді)

4-топ?а-с?р мен жасыл ( а?аш пен жапыра?)

5-топ?а-к?к пен а? (аспан мен к?гершін)

6-топ?а- сары мен ?ыз?ылт   (ара мен г?л)

?р топ ма?ал айтып ж?мыстарын т?йіндейді. 

?орытындылау    «Мейірімділік» монша?ын  тізіп, ілу

А?ыл мен білім, мейірімді ж?рек адамды жа?сы ны? ?адам жасау?а бастайды.

«Мейірімділік»- адамдар бір –біріне жылы сезімін білдіріп, тек жа?сылы? ойлауы, игілік

жасау ар?ылы мейірімділік таныта алуы.

Мейірімді, ?айырымды, сезімтал адам ?рдайым жа?сылы? жасау?а дайын т?рады. А?

ниетпен жа?сылы? жасау адамны? ішкі д?ниесіні? байлы?ын, жан с?лулы?ын,

парасаттылы?ын к?рсетеді. Мейірімділік ?р адамны? ж?регінде ?мір с?реді.

Мейірімділікті адамны? к?зінен к?руге к?руге, іс ?имылынан табу?а болады. Мейірімді

адамды б?рі жа?сы к?реді.

?н: «Бала тілегі»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?зін-?зі тану п?нінен жоспар: "Мейірімділік- адамдарды? жанын жылытатын к?нні? к?зі"»

Тақырыбы: «Мейірімділік- адамдардың жанын жылытатын күннің көзі.»

Мақсаты:

Мейірімділікте өмір сүру бақыт екенін түсіндіру және балалардың санасына мейірімділік,

қайрымдылық ұғымдарын қалыптастыру, баланың мейірімді сөздер айту қабілетін

арттыру, кішіпейілдікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:тапсырмалар, суреттері сызбалар, жүрекшелер, түсті қағаздар

Әдіс тәсілі: сыни тұрғыдан ойлау, топтастыру жұмысы,ой бөлісу, жапсырмалау

«Шаттық шеңбері»

«Шаттық шеңбері» аясында бір-бірімізбен амандасайық.

Қуанамын мен де, (Өзін көрсетеді.)

Қуанасың сен де, (Жанындагы досын көрсетеді.)

Қуанайық, достарым, (Бір-бірінің қолдарынан ұстайды.)

Арайлап атқан күнге! (Қолдарын жоғары көтереді.)

*Мен сенен жылу аламын (сол жағына қарайды)

Жүрегіме саламын (тура қарайды)

Досыма сыйлаймын (оңға қарайды)

Сәттілік тілеймін (тура қарайды)

Балалар топпен жұмыс жасайды

І-топ «Күн шуақ»

«Біз күнбіз, шуағымызды сіздерге сыйлаймыз»

ІІ-топ «Нұрлы жүрек»

«Біздің жүрегіміз сіздерге жақсылық тілейді»

ІІІ-топ «Жылы алақан»

«Біздің алақандарымыз, сіздерге көмектеседі»

ІҮ-топ «Керемет көңіл»

«Біз сіздерге жақсы көңіл күй сыйлаймыз»

Ү-топ «Жан жылуы»

«Біз сіздерге жанымыздың жылуын береміз»

Біз танысып алдық.

«Мен қандай баламын?»

(қосымша тапсырмалары арқылы өз өнерлерін, хоббиін әңгімелейді)

Үлкен азамат, еңбекқор екенсіздер, олай болса, бүгінгі тапсырмалар сіздер еш

қиындықсыз орындай алатындықтарыңызға ешқандай күмән келтірмеймін.

«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы: Қобдишаны бір-біріңнің қолдарыңа бересіздер,

қобдишаны алған адам оны ашып ішіне қарайды. Оның ішінде кішкентай өзеннен сіздер

жан-жақты және қайталанбайтын бейнені көресіздер. Оған күліп қарауларыңыз керек.

Талдау: жан-жақты және қайталанбайтын бейне деген сөзді қалай түсінесіздер?

- сіздер ол бейнеге күліп қарағанда, ол сізге қалай қарады?

- Қобдишаның ішінен қандай құпияны күттіңіздер?

- Демек, біз, сіз, әрбір адам өз алдына жан-жақты қайталанбайтын дүние екен. Ендеше

сіздердің «сиқырлы қобдишадан » күткен құпия сырларыңыз сияқты, мен сіздермен құпия

ойындар мен тапсырмаларға толы тренингмізді бастаймын.

ЕРТЕГІНІ САХНАЛАУ «Байлық, бақыт, ақыл»

Автор: -Ерте заманда Байлық, Бақыт, Ақыл үшеуі бас қосыпты. Олар өзара өткен-

кеткен әңгімелерді айтысады. Сөз кезегінде үшеуі адам баласына тигізетін пайдасы

жайында таласып қалады. Алдымен Байлық сөз алады. Байлық (кеудесін қағып,):

-менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай, үйі, дүние –мүлікке бай, ішіп-жемі

мол болады. Сондықтан маған тең келер ештеңе жоқ.

Автор: -Сонда Бақыт былай дейді:

Бақыт:-Мен бақпын. Кімнің басына қонсам, соның атақ-даңқын аспанға көтеремін, дөкей

етемін. Қарсы келген дұшпанды жер етемін. Ақыл (сабырлы түрде):-О, достарым, мен с

ендердің таластарыңа қосылмаймын. Үшеуміз тең тудық. Бірақ мен бірер ит көйлекті

сендерден бұрын тоздырдым. Айтыстарың көңіліме қонбайды. Мен-Ақылмын. Сондықтан

бекер даурығып, менменсіп сөйлегенді жақтырмаймын. Үшеуміз де адам баласына

қажетпіз. Көңілдеріңе келсе де, айтайын, екеуің де маған бағыныштысыңдар. Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды. Келіспесеңдер Данышпанға жүгінейік. Төрелігін сол айтсын.

Автор:-Сөйтіп үшеуі Данышпанға келеді. Үшеуінің таласын тыңдап алған Данышпан

былай дейді. Данышпан:-Өмірдің өзі сабақ: «Байлық-бір жұттық». «Бақыт баянсыз». Ақыл

бар жерде ғана байлық та, бақыт та, бірлік те, ынтымақ та түгел. Ақылмен бәрін

ойдағыдай басқаруға, атқаруға тындыруға болады. Ақылдың еңбек деген сүеніші, тіреуі,

тұтқасы бар. Оның алмайтын қамалы, қолы жетпейтін ырзығы жоқ. Сондықтан ақылды

болып еңбек ете білген адам баласы байлыққа да, бақытқа да кенеліп, мәнді де сәнді өмір

сүре алады.

«Шатасқан сөздер»

мен, Адам, ең, ақыл, тамаша, білім, бойындағы, нәрсе-,

«Адам бойындағы ең тамаша нәрсе-білім мен ақыл»

Ж. Баласағұни

«Алтын ақыл» (барлық топқа бір ақылдан беріледі)

*Үйде,мектепте, «Сәлем» , «Сәлеметсіз бе» , «Қайырлы түн» деген сияқты ізгі сөздерді

айтуды ұмытпа.

*Жасы кішілер үлкендерге сәлем беріп, ал үлкендер кішілерге қамқор болуы тиіс.

Мұны есте сақта

*Әр күніңді жақсы ойлар ойлаумен бастап, бос өткізбе.

*Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен

ойлай жүр.

*Тыныштық сақтай білуге, нәзік үнмен биязы, мәдениетті сөйлеуге үйрен.

*Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуанттым деп, жұбатқаныңды, қайырым

жасағаныңды есіңе түсір.

*Ата-анаңның мейірім шуағын сезініп қадірлей біл.

*«Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі,

Жамандыққа жақсылық-ер кісінің ісі» деген мақалды түсініп жадыңда ұста.

«Мейірімділік» моншағын тізу жаттығуы» (Әр сөздерді, әр істерді орындаған соң

моншақ ретінде тізіп отыру.)

«Әңгімелесу»

Мейірімді адам-ол қандай болады?

*Мейірімді, қайырымды адам – қиын сәтте қол ұшын беруге, көмектесуге даяр адам.

*Жақсылық жасайтын адам.

*Табиғатты сүйетін адам.

*Аң жануарлар мен құстарға қамқорлық көрсететін адам.

* Сыпайы, әдепті, жинақы адам.

*Үлкенді сыйлайтын, достарын сыйлайтын адам.

« Сөздермен жұмыс:»

«Қалай ойлайсыңдар? Қатігездік көп пе, қайырымдылық, мейірімділік көп пе?

(сөздердің қарама-қарсы мағынасын табу)

*Жаман – жақсы

*Қатігездік – қайырымдылық

*Соғыс – бейбітшілік

*Аямаушылық- қолыашықтық

*Дөрекілік – әдептілік

*Қаталдық– мейірім

*Өтірік – шындық

Ойын: “Ертегі кейіпкері – қайырымды ма әлде қатігез бе?”

Барлықтарың ертегіні жақсы көресіңдер. Ертегілердің ең басты тақырыбы –

қайырымдылық пен қатігездік. Кейіпкерлер де көп. Қазір мен ертегі кейіпкерлерін

атаймын, ал сендер оның қандай екенін айтасыңдар, ауызша емес, қайырымды болса-

алақан соғамыз, қатігез болса – аяқ пен тоқылдатамыз.

Мақтақыз, Бауырсақ, Тоқылдақ, Қаңбақ шал, Қарлығаш, Таусоғар, Дәу, Алдаркөсе, Жеті

лақ, Қасқыр, Мыстанкемпір, түлкі

«Құрастыру» ойыны (Данышпандар сөйлейді)

1) «Адал жанды өнеге тұт өзіңе». Жүсіп Баласағұни.

2) Жақсы тәртіп әдетке айналса - ырыс,

Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық. Ғабиден Мұстафин.

3) Бала болсаң болғандай бол,

Ағайынға қорғандай бол. Нұржан шешен.

4)Үлкенді ізетте,

Кішіні құрметте. Бауыржан Момышұлы.

5)Мейірімділіктің жолы- жарық күн. Майлықожа Сұлтанқожаұлы.

6)Талаптан да, білім мен өнер үйрен,

Білімсіз,

Өнерсіз, болады ақыл тұл. Ш.Құдайбердіұлы

«Опликация»жаттығуы: мұнда әр топ өзі таңдап алған түсінен плакатқа жабыстыру

жасау арқылы белгілі бір бейнені білдіреді.

Нұсқау: мына бөліп қойған түстерді топ басыларыңыз таңдауға болады.

1 топқа – қызыл, жасыл түс (гүл жасайды)

2-топқа – көк, сары түс ( аспандағы күн )

3 топқа- көк, ақ түс (бұл топ Теңізде жүзіп бара жатқан желкенді қайық бейнесін

бейнелейді)

4-топқа-сұр мен жасыл ( ағаш пен жапырақ)

5-топқа-көк пен ақ (аспан мен көгершін)

6-топқа- сары мен қызғылт (ара мен гүл)

Әр топ мақал айтып жұмыстарын түйіндейді.

Қорытындылау «Мейірімділік» моншағын тізіп, ілу

Ақыл мен білім, мейірімді жүрек адамды жақсы нық қадам жасауға бастайды.

«Мейірімділік»- адамдар бір –біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлауы, игілік

жасау арқылы мейірімділік таныта алуы.

Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ

ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын ,

парасаттылығын көрсетеді. Мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді.

Мейірімділікті адамның көзінен көруге көруге, іс қимылынан табуға болады. Мейірімді

адамды бәрі жақсы көреді.

Ән: «Бала тілегі»


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
?зін-?зі тану п?нінен жоспар: "Мейірімділік- адамдарды? жанын жылытатын к?нні? к?зі"

Автор: Дадыбаева Фатима Бекназаровна

Дата: 10.02.2016

Номер свидетельства: 291470


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства