kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Менің сүйікті Отаным

Нажмите, чтобы узнать подробности

открытый урок для дошкольного образования. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Менің сүйікті Отаным»

Тақырып: Жақсылық - жасай білейік


Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Жақсылық жасау, түсіну,риясыз сену




Мақсаты: Оқушылардың «жақсылық» құндылығы туралы

түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу;

Жақсылықты түсіну, жақсылық жасау іскерліктерін

дамыту;

Жақсылық жасауға тәрбиелеу;


Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Сабақ барысы: 5Т ережесі

Тәртіп

Талап

Тазалық

Тыныштық

Татулық


Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті

Жайлы, баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыныздар, денелерінізді түзу ұстаныздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолынызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көрініз: Күн нұры сіздің төбенізден өтіп, кеудеңізге қарай бойланып барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан бояу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойынызды, әр сезіміңізді, эмоцияныз бен тілек – қалауынызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұр қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузынызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаныз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр кқздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты кқреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басынызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жірегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаныз.

Жаймен көзінізді ашуға болады.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

«Өзіңді тану» өлеңін талдау


Сұрақ – жауап әдісі арқылы оқушылардың негізгі ойын аңықтау.

1. Өлеңнің мәні неде?

2. Қысқаша әңгімені мазмұнда.

3. Адам қабілетің қалай дамытуға болады?



2.Дәйексөз

Биік тобеге шықсан,

Көзің ашылады.

Жақсымен сөйлессең,

Көңілің ашылады.

М. Әлімбаев

Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып,

өз ойларымен жеткізеді.



3.Әңгімелеу Мұғалім сыйы

Ертеде Адам ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына жақсылықты, сол иығына жамандықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда жақсылық “істе” десе, жамандық “істеме” деп сыбырлайды екен. Сөйтіп адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көреді.
Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып:
- Адам, ана балыққа көмектесіп жібер, - десе, Жамандық:
- Қой, жөніңе жүре бер, уақытыңды алма, - дейді.
Адам балықтан әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп, көмек сұрағандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп. Суда ойнақшып, секіріп, құйрығын бұлғақтатып суға сүңгіп кетеді. .
Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр – шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Қараса, кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық:
- Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін, теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит – құсқа жем боласың ғой, - дейді.
Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық:
- Ей, адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді, - дейді.
Адам тағы да шыдай алмай балапанды алып, теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ – шиқ етіп, қанатын қағып, разы болады.
Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде, аяғының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмырсқаны көзі шалады. Құмырсқа дәннің о жақ, бұ жағына шығып, қозғауға ыңғайлы ретін таба алмай, ісі өнбей келеді екен. Адам әуелі жамандықтың айтуымен құмырсқаны дәнінен айырып тастағысы келіп оқталады да, шыр – пыр болған Жақсылықтың сөзіне құлақ түрді. Ол:
- Әй, адам – ау, қалай ғана адамдығыңнан айнып кеуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзінен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда, қол ұшыңды көрсетіп жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғың келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп – кішкене тіршілік иесінен үйренбейсің бе? – деп налыған екен.
Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады. Сөйтіп Адам ата ұрпағын алдына шақырып алып:
- Міне, балам, жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім, үшеуінен де өттің, разымын. Енді осылай адамдығыңнан айнымай, айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол, - деп батасын береді.
Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетіп келеді екен.

Сұрақтар:

  1. Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

  2. Жақсылық ұғымына мысал келтіріңдер?

  3. Жақсы адам бойындағы қасиеттерді атаңдар?


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Жақсылық тамшысы»

Тамшы улгісінде қиылған көк қағаздар үлестіріледі

Біздің дариямыз тамшыларға шашырап кетіпті.Дариямызды құрау үшін мына жасаған тамшыларға жақсылықтарымызды, жасаған істерімізді жазамыз. Тақтадағы ақ қағазға тамшыны кезекпен ілеміз де. Жақсылықтырымызды оқимыз

Яғни балалар әрқайсымыздың тамшыдан жасаған жақсылығымыз үлкен дарияға айналады, Әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбитшілік орнап адамдар бақытты өмір сүреді.


Сергіту сәті Көңілді күй


Топпен ән айту

Үй тапсырмасы

.

Мен жақсылық жасай аламын, себебі......



  1. Қорытынды сәті.

Баяу әуен орындалып турады.

. Бәріңізге үлкен рахмет!!!













Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Менің сүйікті Отаным

Автор: Султанова Жанар Муратовна

Дата: 19.11.2018

Номер свидетельства: 486508

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Мені?  т???ыш президентім"
    ["seo_title"] => string(27) "mienintungyshpriezidientim2"
    ["file_id"] => string(6) "289204"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454758093"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Шы?арма "Мен - ?аза?станны? патриотымын""
    ["seo_title"] => string(41) "shyg-arma-mien-k-azak-stannyn-patriotymyn"
    ["file_id"] => string(6) "321614"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1461337072"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(56) "Менің Отаным-Қазақстан 12345678*//++"
    ["seo_title"] => string(31) "menin_otanym_kazakstan_12345678"
    ["file_id"] => string(6) "622866"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1673509368"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) ""Мені? Отаным -?аза?стан""
    ["seo_title"] => string(28) "mienin-otanym-k-azak-stan-19"
    ["file_id"] => string(6) "254616"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447780396"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Ерте?гілік Мені?  Президентім"
    ["seo_title"] => string(32) "iertienghilikmieninpriezidientim"
    ["file_id"] => string(6) "273411"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1452224801"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства