kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Шы?арма "Мен - ?аза?станны? патриотымын"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мен - ?аза?станны? патриотымын

Отан!

Отан! Б?рінен биік екен,

Мен оны м??гілікке с?йіп ?тем!

   Бірнеше ?ріптен ?ана т?ратын «Отан» деген с?зді? ?андай тере? де т?н?иы? ма?ынада жат?анын айтса?ызшы? Сол бір тере? т???иы??а та?ы біраз ??ілсек, Отан?а деген  патриотты? адал сезім бар екен-ау. Ал кейбіреулері патриот деген не деп те айтып жатады. Б?л с?зді? шынды?ын сезініп, осы ат?а ие болатын т?л?а ?з-?зіне сенімді, елге деген жанашырлы? ?асиеті басым келетін ?рпа? болуы шарт деп ойлаймын.  

   Патриот дегеніміз – Отан?а деген адал сезім мен с?йіспеншілік, Отан?а ??рмет пен ?ам?орлы?. Ал осындай патриотты? ??ндылы?тарын жо?алтпай, ж?ректеріні? л?пілі Отан деп со??ан ?аншама ?л-?ыздарымыз бар еді. Сол бір желто?сан о?и?асыны? ?зі ?ауызын ашпа?ан ?л-?ыздарымызды ?ыршыннан бір с?тте-а? ?иып ?тті. Олар ?зіні? ж?регіні? жасты?ына ?арамай, елді? болаша?ы ?шін жо?арыдан орыс еліні? емес, ?арапайым ?ана ?аза? еліні? жанашырын к?ргісі келді. Б?л о?и?аны? ?зі ?аза? хал?ын ?бігерге т?сірген, ешбір аяушылы? танытпа?ан о?и?а еді.

   Расымен де, ?аза? елі т?уелсіздік жолында ?аншама ?иыншылы?ты бастан кешті. Жо??ар шап?ыншылы?ы, ашаршылы?,?лы Отан со?ысы сынды талай н?убет жылдарды бастан кешіп, халы?ты? ж?регіне ?аяу т?скені тарихтан белгілі. Б?л елімізді? ?нуіне де, ?суіне де кері ?серін тигізбей ?оймады. Ананы? мейірімін, ?кені? жылы ??ша?ын к?рмей с?билер ?сті, бір ?зім нан?а зар болып, ашты?ты бастан кешкен ел бозды, «Елім-айлап» халы? табанынан таусылып, тоз-тоз болып жан-жа??а кетті. Міне, осыны? барлы?ы ата-бабаны? ?иыншылы?ы, тарт?ан азабы ретінде ж?рекке ауыр тиеді. Мен осы бабамны? ерен шыдамдылы?ы мен ?айтпас ерлігіні? ар?асында же?іске жеткен «?лы же?ісін» ма?тан етемін. Сонды?тан да  халы?ты? «найзаны? ?шы, білекті? к?шімен же?ді» деген с?з осыдан айтыл?ан болар.  «Жа?сыны?  аты ?лмейді» дегендей, ?азіргі та?да біз, артында ?ал?ан ?рпа?тары, ата-баба рухын ??рметтей отырып, оларды ма?танышпен еске аламыз. Себебі олар Отан деп туды, Отан деп жанын ?иды. Ал, біз осы ерлікті? жал?асы ретінде ?скеле? ?рпа? болып, еліміз бен жерімізді ?ор?ап, жас б?лдіршіндерге ?лгі болуымыз керек деп ойлаймын.  

   Мен - елім, жерім, Отан алдында рухы биік патриотпын. Себебі мен ту?ан жерімні? ашы? аспанын, м?лдір суын, ке? байта? жерін с?йемін. Сондай-а? р?міздерімізді ??рметтеп, мемлекетімні? оны ас?а?татар м?ртебесі, нышаны деп білемін. Б?л ??ндылы?тар ма?ан ?зіні? ?мірше?дігімен, ай?ындылы?ымен ба?алы.  

   Елбасымыз Н.?.Назарбаев елімізді к?ркейтуга ?аншама ?лес ?осты. Осындай т?уелсіз, ке? байта? жерді к?ркейтті. ?лі де к?ркейтуде. Біз осы кісіні? ат?ар?ан е?бегі мен Отан?а деген жанашырлы?ымен ма?тана аламыз. Оны? ?р е?бегі тарихта ?шпес із болып са?талып ?алады. Ал, мен осындай т?уелсіз, ке? байта? жерде т?р?анына ма?танамын.  

   ?аза? елі ?айсарлы да батыл, айбатты да ас?а? елдерді? бірі. Осындай е?сесі биік іргелі т??ыры ны?, ырысы мен ынтыма?ы, береке мен бірлігі жарас?ан елді? ?ланы екенімді ма?таныш етемін.

   Ата-бабамны? ?ажыр ?айсарлы?ынан ?уат, ?релі ?шпес с?здерінен ?неге, та?ылымды т?рбиесінен т?лім, батылды?ынан бойымыз?а жігер жинап, керегесі мы?ты ?аза? еліні? ?лтжанды ?ыраны боламын. Болаша?ты? іргесін біз секілді ту?ан елімні? Жас ?ландары ??ратын болса?, ?лемде ?аза? елінен мы?ты ел болма? емес.

   ?азіргі та?да т?уелсіздік - барлы?ымыз ?шін ерекше ?асиетті к?н. Бірлікті?, ынтыма?тасты? пен татулы?ты? к?ні. Мемлекетімізді? т?уелсіздігі - е? алдымен хал?ымызды? ба?ыты. Ал?аш?ы жылдарда басым ма?саттарды? ?атарында егемендікті ны?айту, ?лтты? ?ауіпсіздікті ?амтамасыз ету, экономикада?ы ?иыншылы?тар?а жауап беру бол?ан еді. Сонды?тан б?гінгі к?ні хал?ымыз ?ткеннен ?ал?ан тарихи ?негені, отанс?йгіштікті, ?лтына деген махаббатты жо?алтпай, ?рі ?арай жастарды? патриотты? сезіміне енгізуге ерекше к??іл б?луі керек деп ойлаймын.

   Т?уелсіздігімізді жарияла?аннан бергі мезгіл ішінде к?птеген елеулі табыстар?а ?ол жеткіздік. Елімізді? тынышты?ы мен ?ауіпсіздігі, к?п ?лтты ?аза?стан хал?ыны? жарасты?ы мен ынтыма?тасты?ы Президентімізді? ж?ргізіп отыр?ан парасатты к?реген саясатыны? н?тижесі.

   Елбасымыз «?аза?стан-2030» ба?дарламасыны? аясында халы?ты? игілігі ?шін бірнеше м?селелерді де ?оз?ап отыр?аны бізге белгілі. «?лт жоспарыны? 100 ?адамы» атты жоспарды алды?а ?оя отырып, мемлекетті? ?ркендеуіне ы?пал етіп отыр.  Елбасыны? б?л стратегиялы? бастамасы елімізді? т?ра?ты дамуы мен отыз дамы?ан елді? ?атарына енуге ба?ыттал?ан. Соны? ішінде білім мен ?ылым, денсаулы? салаларына жете то?талып, оларды? ?арыштай т?суіне негіз болатын бірнеше факторларды да атап берген болатын. 2012 жыл?ы 22 ?арашада ХКБ-ге м?ше 161 елді? ?кілдеріні? жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халы?аралы? мамандандырыл?ан к?рмесі ?тетін орын болып та?дал?ан еді. Б?л шешімді 103 ел ?олдады. ЕХРО-2017 т?уелсіз мемлекеттер достасты?ы елдерінде ?тетін ал?аш?ы к?рме болма?. Сонды?тан да осы бір атаулы шара?а ?р т?л?а ?зіні? ?лесін ?осып, биік де?гейде ?туіне себепкер болса деп ойлаймын.

Ту?ан жер, кіндік ?аным, там?ан жерім,

Шыр етіп, жары? д?ние келген жерім

Б?ленгенім, а? бесікке сонда ал?аш,

Айналдым, мен ?зі?нен ту?ан жерім, - демекші, ту?ан жер,Отан деп ?алам тартпа?ан а?ын да, жазушы да,сір?, жо? шы?ар. Оларды? барлы?ыны? б?л та?ырыпта жазуыны? себебі, ту?ан елі мен жеріне деген са?ынышы, махаббаты деп білем. Осындай махаббатты? адал иесі ретінде мен ?зімді айта аламын. ?йткені ма?ан ту?ан елімні? жусан а??ы?ан даласы, ата-бабам ?оныс еткен жазиралы далам, туып-?скен ?йім, білім н?рін алып жат?ан аяулы мектебім ?ымбат. Осыны? барлы?ы мен ?шін ысты?. ?сіресе, б?л ту?ан жерден жыра?та ж?рген с?тімде сезіліп, ?лкен са?ыныш?а ?ласады.

 «Алтын ?я? – Отан ?ымбат,

??т-береке? – ата? ?ымбат,

Аймалайтын – ана? ?ымбат,

Ас?ар тауы? – ?ке? ?ымбат,- деп ?азыбек би ?з кезінде айтып кеткен екен.      

     Міне, осылай ?р адамзатты? ж?регі «Отан» деп со?атын болса, біз алда?ы уа?ытта ?лі де талай асуларды ба?ындырып, ?лемні? алды??ы орнынан к?рінеміз. Ал, ол ?шін ?скеле? ?рпа? білімді де, білікті т?л?а болып ?алыптасып, ?н бойына отанс?йгіштік ?асиетті бойына дарыту керек. Тіпті, Елбасымыз Н.?.Назарбаевты? ?зі айтып ?ткендей, «болаша? жастарды? ?олында». Ал осы жастарды алды?а жетелейтін де, ба?ыт-ба?дар беретін де ?лкендер ?ауымы. Сонды?тан баршамыз бір ауыздан ?негелі шешім ?абылдап, халы? игілігі ?шін аянбай е?бек етуіміз шарт.

     Мен ?рдайым ?зімні? ту?ан жерімді, Отанымды жо?ары ба?алап, ?немі ма?тан етіп ж?ремін. Ж?не осы жолда ?зімні? ?лесімді ?осып, мемлекетімні? барша жарты ?лемде алпауыт мемлекетке айналуна ?з септігімді тигіземін. ?аза?станымны? к?к аспанында желбірген к?к байра?ы, ?алы?тап ?ш?ан ?ыраны м??гі жасасын! Елім мен жерім ?р?ашан бейбітшілікте ?мір с?ріп, ?лкен белестерге жете берсін! Отаным туралы мен ?р уа?ытта жылы ??ша? танытып, ?з ойымды мына бір шума? ар?ылы жеткізгім келеді.

Ту?ан жерім мекенім,

Сені с?йіп ?темін

?арыштай бер, ас?а?тап

Елім, жерім, мекенім!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Шы?арма "Мен - ?аза?станны? патриотымын"»

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қапал ауылы

Ғали Орманов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 7 а сынып оқушысы Айдынқызы Алия

Мен - Қазақстанның патриотымын

Отан!

Отан! Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!

Бірнеше әріптен ғана тұратын «Отан» деген сөздің қандай терең де тұнғиық мағынада жатқанын айтсаңызшы? Сол бір терең тұңғиыққа тағы біраз үңілсек, Отанға деген патриоттық адал сезім бар екен-ау. Ал кейбіреулері патриот деген не деп те айтып жатады. Бұл сөздің шындығын сезініп, осы атқа ие болатын тұлға өз-өзіне сенімді, елге деген жанашырлық қасиеті басым келетін ұрпақ болуы шарт деп ойлаймын.

Патриот дегеніміз – Отанға деген адал сезім мен сүйіспеншілік, Отанға құрмет пен қамқорлық. Ал осындай патриоттық құндылықтарын жоғалтпай, жүректерінің лүпілі Отан деп соққан қаншама ұл-қыздарымыз бар еді. Сол бір желтоқсан оқиғасының өзі қауызын ашпаған ұл-қыздарымызды қыршыннан бір сәтте-ақ қиып өтті. Олар өзінің жүрегінің жастығына қарамай, елдің болашағы үшін жоғарыдан орыс елінің емес, қарапайым ғана қазақ елінің жанашырын көргісі келді. Бұл оқиғаның өзі қазақ халқын әбігерге түсірген, ешбір аяушылық танытпаған оқиға еді.

Расымен де, қазақ елі тәуелсіздік жолында қаншама қиыншылықты бастан кешті. Жоңғар шапқыншылығы, ашаршылық,Ұлы Отан соғысы сынды талай нәубет жылдарды бастан кешіп, халықтың жүрегіне қаяу түскені тарихтан белгілі. Бұл еліміздің өнуіне де, өсуіне де кері әсерін тигізбей қоймады. Ананың мейірімін, әкенің жылы құшағын көрмей сәбилер өсті, бір үзім нанға зар болып, аштықты бастан кешкен ел бозды, «Елім-айлап» халық табанынан таусылып, тоз-тоз болып жан-жаққа кетті. Міне, осының барлығы ата-бабаның қиыншылығы, тартқан азабы ретінде жүрекке ауыр тиеді. Мен осы бабамның ерен шыдамдылығы мен қайтпас ерлігінің арқасында жеңіске жеткен «Ұлы жеңісін» мақтан етемін. Сондықтан да халықтың «найзаның ұшы, білектің күшімен жеңді» деген сөз осыдан айтылған болар. «Жақсының аты өлмейді» дегендей, қазіргі таңда біз, артында қалған ұрпақтары, ата-баба рухын құрметтей отырып, оларды мақтанышпен еске аламыз. Себебі олар Отан деп туды, Отан деп жанын қиды. Ал, біз осы ерліктің жалғасы ретінде өскелең ұрпақ болып, еліміз бен жерімізді қорғап, жас бүлдіршіндерге үлгі болуымыз керек деп ойлаймын.

Мен - елім, жерім, Отан алдында рухы биік патриотпын. Себебі мен туған жерімнің ашық аспанын, мөлдір суын, кең байтақ жерін сүйемін. Сондай-ақ рәміздерімізді құрметтеп, мемлекетімнің оны асқақтатар мәртебесі, нышаны деп білемін. Бұл құндылықтар маған өзінің өміршеңдігімен, айқындылығымен бағалы.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев елімізді көркейтуга қаншама үлес қосты. Осындай тәуелсіз, кең байтақ жерді көркейтті. Әлі де көркейтуде. Біз осы кісінің атқарған еңбегі мен Отанға деген жанашырлығымен мақтана аламыз. Оның әр еңбегі тарихта өшпес із болып сақталып қалады. Ал, мен осындай тәуелсіз, кең байтақ жерде тұрғанына мақтанамын.

Қазақ елі қайсарлы да батыл, айбатты да асқақ елдердің бірі. Осындай еңсесі биік іргелі тұғыры нық, ырысы мен ынтымағы, береке мен бірлігі жарасқан елдің ұланы екенімді мақтаныш етемін.

Ата-бабамның қажыр қайсарлығынан қуат, өрелі өшпес сөздерінен өнеге, тағылымды тәрбиесінен тәлім, батылдығынан бойымызға жігер жинап, керегесі мықты қазақ елінің ұлтжанды қыраны боламын. Болашақтың іргесін біз секілді туған елімнің Жас Ұландары құратын болсақ, әлемде қазақ елінен мықты ел болмақ емес.

Қазіргі таңда тәуелсіздік - барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.

Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.

Елбасымыз «Қазақстан-2030» бағдарламасының аясында халықтың игілігі үшін бірнеше мәселелерді де қозғап отырғаны бізге белгілі. «Ұлт жоспарының 100 қадамы» атты жоспарды алдыға қоя отырып, мемлекеттің өркендеуіне ықпал етіп отыр. Елбасының бұл стратегиялық бастамасы еліміздің тұрақты дамуы мен отыз дамыған елдің қатарына енуге бағытталған. Соның ішінде білім мен ғылым, денсаулық салаларына жете тоқталып, олардың қарыштай түсуіне негіз болатын бірнеше факторларды да атап берген болатын. 2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалған еді. Бұл шешімді 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. Сондықтан да осы бір атаулы шараға әр тұлға өзінің үлесін қосып, биік деңгейде өтуіне себепкер болса деп ойлаймын.

Туған жер, кіндік қаным, тамған жерім,

Шыр етіп, жарық дүние келген жерім

Бөленгенім, ақ бесікке сонда алғаш,

Айналдым, мен өзіңнен туған жерім, - демекші, туған жер,Отан деп қалам тартпаған ақын да, жазушы да ,сірә, жоқ шығар. Олардың барлығының бұл тақырыпта жазуының себебі, туған елі мен жеріне деген сағынышы, махаббаты деп білем. Осындай махаббаттың адал иесі ретінде мен өзімді айта аламын. Өйткені маған туған елімнің жусан аңқыған даласы, ата-бабам қоныс еткен жазиралы далам, туып-өскен үйім, білім нәрін алып жатқан аяулы мектебім қымбат. Осының барлығы мен үшін ыстық. Әсіресе, бұл туған жерден жырақта жүрген сәтімде сезіліп, үлкен сағынышқа ұласады.

«Алтын ұяң – Отан қымбат,

Құт-берекең – атаң қымбат,

Аймалайтын – анаң қымбат,

Асқар тауың – әкең қымбат,- деп Қазыбек би өз кезінде айтып кеткен екен.

Міне, осылай әр адамзаттың жүрегі «Отан» деп соғатын болса, біз алдағы уақытта әлі де талай асуларды бағындырып, әлемнің алдыңғы орнынан көрінеміз. Ал, ол үшін өскелең ұрпақ білімді де, білікті тұлға болып қалыптасып, өн бойына отансүйгіштік қасиетті бойына дарыту керек. Тіпті, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өзі айтып өткендей, «болашақ жастардың қолында». Ал осы жастарды алдыға жетелейтін де, бағыт-бағдар беретін де үлкендер қауымы. Сондықтан баршамыз бір ауыздан өнегелі шешім қабылдап, халық игілігі үшін аянбай еңбек етуіміз шарт.

Мен әрдайым өзімнің туған жерімді, Отанымды жоғары бағалап, үнемі мақтан етіп жүремін. Және осы жолда өзімнің үлесімді қосып, мемлекетімнің барша жарты әлемде алпауыт мемлекетке айналуна өз септігімді тигіземін. Қазақстанымның көк аспанында желбірген көк байрағы, қалықтап ұшқан қыраны мәңгі жасасын! Елім мен жерім әрқашан бейбітшілікте өмір сүріп, үлкен белестерге жете берсін! Отаным туралы мен әр уақытта жылы құшақ танытып, өз ойымды мына бір шумақ арқылы жеткізгім келеді.

Туған жерім мекенім,

Сені сүйіп өтемін

Қарыштай бер, асқақтап

Елім, жерім, мекенім!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Шы?арма "Мен - ?аза?станны? патриотымын"

Автор: Айдын?ызы Алия

Дата: 22.04.2016

Номер свидетельства: 321614


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства