1.Әңгіме жүргізу. -Балалар, біздің шаттық шеңберіміз неге ұқсайды? -Иә, біздің шаттық шеңберіміз киіз үйге ұқсайды. Жоғарыдағы күмбез шаңырақ деп аталады. Шаңырақ – отбасының белгісі. Әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз үйін жақсы көреді. Себебі ол үйде оның отбасы тұрады. Отбасы – дегеніміз бір үйде тұратын адамдар тобы. Отбасы мүшелері: әке, ана және олардың балалары. Отбасының болуы – үлкен бақыт. Барлығымыз бірге қайталайық. Отбасы – ол бақыт, Отбасы – ол ата-ана, Отбасы – ол туыстарымыз, Отбасы – ол шаңырақ. -Әр адамның өз үйі болады. Онда оның отбасы мүшелері тұрады. Олар ата, апа, әке, ана, әпке, аға, іні, қарындас т.б. 2.Сергіту сәті: Е. Өтетілеуұлының «Бес саусақ» өлеңімен орындалады. 3.Суретпен жұмыс. Отбасы бейнеленген суреттен оның мүшелерін айтқызу. -Мына отбасында ата, әже бар екен, балалар, тағы кім бар? -Төрде кім отыр? -Дұрыс айтасыңдар. Атаның оң жағында әже шай ішіп отыр. -Шайды кім құйып беріп отыр? -Барлығымыздың үйімізде анамыз, әкеміз, атамыз бен әжеміз бар ғой? 4.Үлестірмелі материалмен жұмыс. «Менің отбасым» Берілген суреттердің ішінен (анасын)отбасы мүшесін табу. -Отбасы мүшелерін сыйлау керек. Үлкеннен бұрын сөйлемейміз. Жол береміз. Үлкенге ізет, кішіге қамқорлық көрсетеміз. 5.Ойын: Кім тез табады? Шарты: текшеде отбасы мүшелерінің суреттері көрсетілген. |