Балалар сендер ертегіні ұнатасыңдар ма? Ерте,ерте, ертеде математика елі болыпты. оны басқарған патшасы мен ханшайымы болыпты. Оларға цифрлар, сандар, пішіндер, есепшілер,тәулік, кеңістік қызмет жасаған. Адамдар онда кіре алмапты. бір күні қатты құйын болып, математика елін ұшырып әкетіпті. Содан бері математика елін балалар басқарыпты. Өйткені математика елінде бәрі шашылып, аударылып жатады екен, соның бәріне балалар барып көмектесіп, бұрынғы қалпына түсірген. Бүгін біздер математика еліне көмектесуге барамыз ба? Әзірленеміз бе? Онда көп тапсырмалар болады. тапсырманы дұрыс орындасақ математика елін орнатамыз. сөйтіп біз ертегіні аяқтаймыз Математика еліне бару үшін сиқырлы кілемге мінеміз. Ал біздің сиқырлы кілеміміз тозып жыртылып қалған. -Кілемімізді қалай жаңартамыз? «Кілемді жамаймыз» ойыны. Шарты: геометриялық пішіндерді атап айту арқылы кілемнің жамауын жамайды. Енді міне кілемімізді жамап жаңартып алдық. Енді математика еліне барамыз. Көзімізді жұмамыз Бір, екі, үш Сиқырлы кілем үш. Математика елінде, сандар пішіндер, ханшайымның киімі, ойыншықтар, таяқшалар жатады. Суретпен жұмыс. "Тәулік бөліктері" ойынын ойнайық. Шарты: Тәулік белгілері көрсетілген суреттер аударылып тұрады. -Балалар суретте нені көріп тұрсыңдар? - Суреттер дұрыс тұрған жоқ, сұрақтарға жауап беру суреттерді дұрыстап қойғызады • Сіздер ұйқыдан қашан тұрасыңдар? (таңертең) • Ал одан кейін не істейсің? (таңертең) • Ал түскі асты қашан ішесің? (күндіз) • Анаң келеді балабақшадан қашан алады? (кешке) • Төсек салып, қашан ұйқыға жатасыз? (Кешке) • Ұйықтайтын уақыт қашан? (Түнде) «Көпір тұрғызамыз» ойыны Шарты: жерде шашылып жатқан таяқшаларды қатар қойып көпір құрастыруды көрсетеді. Ұзын тааяқшадан ұлдар, қысқа таяқшалардан қыздар құрастырады. -Ұзын таяқшадан көпір қандай болды? -Жіңішке ме, жалпақ па? -Қысқа таяқшадан көпір қандай болды? -Жіңішке ме, жалпақ па? -Машинаны қай көпірден өткізеді? Ия, дұрыс жалпақ көпірден машиналар өтеді. -Қуыршақты қай көпірден өткіземіз? Ия, дұрыс жіңішке көпірден адамдар өтеді. -Машина, қуыршақтың биігі мен аласасы қайсы? Билингвальді компонент: биік -высокий, аласа - низкий «Ханшайымның киімі» ойыны Шарты: қызыл, көк, сары, жасыл түсті етек, геометриялық пішіндер тағылған, жіңішке жуан лента, ұзын, қысқа лента тағылған. Түстерін айыру,пішіндерді тануға сұрақтар қою арқылы балалардың түсініктерін пысықтау. Пішіндерді түсі бойынша топқа бөлуді үйрету. Сергіту сәті: Бойымызды тік ұстап Аспанға қараймыз Жерге қараймыз Алға қарай бір адым Артқа қарай бір адым Аяқтарды топ-топ басып Айналамыз -Балалар сендер өте жақсы ойын ойнадыңдар. Математика еліне көп көмек бердік. айтыңдаршы, біздер ертегінің соңын жақсы етіп аяқтадық па, солайма? Құйын әкеткен елді орнына қойдық Тобымызға ораламыз. Көзімізді жұмамыз Бір, екі, үш Сиқырлы кілем үш. Дәптермен жұмыс. Тақтада ілінген тапсырманы орындау арқылы дәптерлеріндегі тапсырманы орындайды |