Ұйымдастырушы- ізденістік | -Балалар менің қолымда қандай пішіндер бар? -Осы үшбұрыш,төртбұрыш,дөңгелек пішіндерден бір-бірлеп алып сол пішіннің суреті салынған үстелді тауып сол үстелге барып отырамыз. -Жарайсыңдар балалар.Біздер матеметикадан нешеге дейінгі сандармен таныстық? -Ендеше бірге санайық. -Жарайсыңдар.Ал сендер осы сандар туралы ертегі тыңдағыларың келе ме? Ертегі оқылады. -Ерте,ерте,ертеде математика атты патшалықта бір ханша өмір сүріпті.Әдемі сарайда іші пысқан ол бірде былай деп армандапты. Ханша: -Ох шіркін!Мына әсем сарайда менің көп достарым болса ғой.Мен олармен бірге ән салып ,би билеп,өлең тақпақ айтып,жұмбақ шешер едім,есеп шығарып бірге ойнар едім-деген екен. Осы кезде сарай алдына бойы сорайып,мойны қылқиып 1саны келіп есік қағыпты. Ханша: -Бұл үйде ханша және «Наурыз»тобының балалары тұрады.Ал сен өзің кімсің? Ханша: -Қош келдің «1»саны.Сен сарайға кіру үшін әуелі менің тапсырмамды орындауың керек.1саны туралы санамақ айтып бер. Сарай алдына басы салбырап,мойны иілген әбден шарашаған 2саны қонаққа келеді. Ханша: -Мен ханша және «наурыз»тобының балалары тұрады.Ал сен кімсің? Ханша:-Сарайға кіру үшін санамақ айтып беруің керек. Осы кезде ілбіп басып ,3 саны келіп есік қағады. -Мен ханша және «наурыз» тобының балалары тұрады.Ал сен өзің кімсің? Ханша:-Сарайға кіруің үшін өнер көрсетуің керек.Бізге 3 саны туралы санамақ айтып берші. Ханша:-Мен ханшайым және «Наурыз» тобының балалары тұрады.Ал сен өзің кімсің? Ханша:Әрине кіресің, бірақ сен әуелі менің тілегімді орындап 4-туралы санамақ айтып берші. Ортаға елпілдеп 5саны жүгіріп келеді. -Мен ханшамын.Ал өзің кімсің? -Дұрыс айтасың.1,2,3,4,5-шынында да саусағым 5-еу.Бірақ сарайға кіру үшін менің тапсырмамды орында.Сен де басқа сандар сияқты сан туралы санамақ айтып бер. Тәрбиеші:-Балалар,бізге кімдер қонаққа келді? -Ендеше бізге білімізді сынау үшін қандай тапсырмалар дайындап әкеліпті көрейік,ж\е орындайық. 1-тапсырмада:1-ден 5-ке дейін тура ж\е кері үш тілде сана. 2-тапсырма : Дидактикалық ойын: «Көрші санды ата» 5-санына сәйкес санамақ және Абай атаның өлеңінен үзінді айту.Балалар қазақта 5 санына байланысты 5-асыл,5-өсиет,5-қару,5-парыз, 5-жақсы,5-борыш деген 5-санына байланысты дәстүрлері бар. 3-тапсырма: Дидактикалық ойын: «Ретін тап». «Ойыншықтарды санмен сәйкестендір». 4-тапсырмада: Ертегі бейнеленген сурет бойынша « алдында» , «артында», «үстінде», «астында» тұрған жануарларды немесе заттарды дұрыс таба білу. 5-тапсырма:Ауызша және суреттер бойынша есептер шығару. Суретті жұмбақ есептер: 1.Көлден ұшты бес қаз, Қайтып қонды екі қаз. Қонбады оның нешеуі? Кәне,кім тез шешеді? 2.Шығармақ боп неше есеп, Жиналғанды бес әтеш. Біреуі ұйықтап отырды. Ынталысы неше әтеш? 3.Аулада екі үйрек, Қорада үш үйрек. Бір үйрек тығылды, Бір үйрек жығылды. Қалғаны неше үйрек? Билингвизм: Бір-один,екі-два,үш-три,төрт-четыре,бес-пять, Сергіту жаттығуы: Оң қолымда бес саусақ, Сол қолымда бес саусақ. Бесті беске қосқанда, Болады екен он саусақ. Оң аяқта бес башпай, Сол аяқта бес башпай. Беске бесті қосқанда , Болады екен он башпай. Бүгін сендер қонақтарымыздың тапсырмаларын дұрыс орындадыңдар.Енді жұмыс дәптеріміздегі тапсырмаларға кезек берейік. Қимылды ойын: «Қатырмақ» Тәжірибе жасау:-Балалар қазір жылдың қай мезгілі еді? - Қыста қандай табиғат ерекшеліктері бар? -Әрине .Осы қар,мұз,қырау қайдан пайда болатынын білеміз бе?Олай болса қазір 5 стакандағы түрлі табиғи суға байланысты заттармен танысамыз.Үстелге қойған стаканның ішінде не барын айтайықшы . -Жарайсыңдар балалар.Қар,мұз қалай суға айналады? Ендеше су бірнеше түрге өзгере береді екен. -Ханша бүгінгі математика күніне риза болдыңыз ба? Ханша:-Иә, тамаша балалар екен,білімді.Риза болдым,көңілім әбден көтерілді.Рахмет сендерге.Менің сендерге бес бұрышты қарлы жұлдызшаларымды сыйға беремін,-деп сыйлығын табыс етеді. | -Үшбұрыш,төртбұрыш,дөңгелек. Балалардың жауаптары. Пішіннен біреуін таңдап,топқа бөлініп отырады. -5-ке дейін. -1,2,3,4,5. -Ия. Балалар ертегіні тыңдайды. 1саны:Інжу.Ғ. Тук-тук-тук .Кім бар екен бұл үйде?Егер рұқсат болса,мынау әсем сарайға кіріп,біраз тынығып алар едім. -Мені келсе білгің, Мен таяқша бірмін. Барлық санға жол бастап, Ең басында тұрмын. -Бір дегенім бесік, Шықтым содан өсіп-деп, өзінің әкелген тапсырмасын ұсынады. 2-саны:Әлинұр: -Тук-тук-тук !Бұл әдемі сарайда кім тұрады? 1—ден кейін тұрамын. 1-ден кейін тұрағым. 1-ге 1-ді қосқанда, Мен шығамын шырағым. Мен –«2»деген санмын. Екі дегенім –елім, Далам,тауым,көлім,-деп, тапсырмасын береді. 3 саны:Айгерім. -Тук-тук-тук. Бұл әдемі сарайда кім тұрады? -2-ден соң әрқашан 3-саны мен тұрамын. Байқап қарап түріме, Екі айшықтан құралды Мен-3деген санмын. Сарайға кіріп демалайыншы.Шаршадым. -Үш дегенім –үміт, Үміт артар жігіт. -Мен де құр келгенім жоқ деп балаларға арналған конвертін ұсынады. 4 саны:Тасқын -Тук-тук-тук.Бұл сарайда кімдер тұрады? Басым екі таяғым, Жалғыз бірақ аяғым. Менің мәлім баяғы , Төрт түліктің аяғы. Мен-4санымын Сенің сарайыңа кіріп демалайыншы. Төрт дегенім- төзім, Төзе білем өзім -деп тапсырмасын ұсынады. 5-саны:Анель. -Тук-тук-тук.Мынау неткен керемет сарай!Мұнда кім тұрады екен.? 4-тен кейін 5-ті, Білу оңай десті. Саусағыңды санасаң, Табаласың 5-ті. Мен «5»-деген санмын. Бес дегенім- бақыт, Бағалайтын уақыт. Мен де құр келген жоқпын-деп тапсырмасын ұсынады. -Сандар. Тақтаға ілінген сандар артындағы берілген тапсырмаларды орындайды. 1.Балалар үш тілде 1-5-ке дейін санайды. 2.Ойын арқылы сандардың көршісін табады.Абай атаның өлеңінен үзінді айтады.Санамақ айтады. Бір дегенім-бөрік, Кисем бойға көрік. Екі дегенім –етік, Киер сәнді етіп. Үш дегенім-үшік, Теріден тігер пішіп. Төрт дегенім-тымақ, Қыста кисең жылы ақ Бес дегенім-байпақ, Іші жылы тайпақ, 3.Сандары ауысқан вагондарды рет-ретімен номерлерін орналастырып ,вагонның жүруіне көмектеседі.Ойыншықтарды санмен сәйкестендіреді. 4.Слайдтағы әр заттың дұрыс орнын,және қай ертегі екенін табады. 5.Жауаптарын айтады.Есептерді шешеді. \үш\ \төрт\ \үш\ Сандардың әкелген тапсырмаларын қызыға орындайды. Қазақша- орысша аудармаларын қайталайды. Музыкалық сүйемелдеумен қимыл қозғалыс жасайды. Әліппе дәптердегі тапсырмаларды орындайды. Балалар ойынды қызыға ойнайды. -Қыс мезгілі. -Қар жауады,мұз қатады,қырау түседі,боран болады т.б Балалар суға тәжірибе жасайды. -Судан . Балалар қарайды.-1-стаканда қар.2-стаканда мұз.3-стаканда бояулы су.4-стаканда жай су.5-стаканда қайнаған булы су. -Еріген кезде. Балалар риза болады. |