Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Мамандықтар
Мақсаты: Балаларға қаладағы, ауылдағы әр түрлі мамандықтар туралы мағлұматты кеңейту. Етістіктің І,ІІ жағын сөйлеу тілі барысында қолдануды, үш сөзден сөйлем құруды үйрету. Көріп есте сақтау қабілеттерін, ойлау, сөйлеу жүйелерін дамыту. Ұсақ және жалпы моторикаларын түзету. Әр түрлі мамандық иелерін құрметтеуге, ардақтауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: заттық, мазмұнды суреттер, қиынды суреттер.
Әрекет кезеңдері | Логопедтің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | -Логопед фонетикалық жаттығуларды орындауға шақырады. | -Балалар фонетикалық жаттығулар орындайды. |
Ұйымдастыру іздену | -Тыныстау жаттығуы. -Артикуляциялық жаттығулар «Кішкентай тілдің саяхаты». -«Дұрыс ата»-жаттығу. Логопед балаларға мазмұнды суреттерді көрсетіп, мамандарды қайталап, дұрыс айтуға үйретеді. -«Ол қайда жұмыс істейді?» - барыс септік жалғауы арқылы сөз құру: (дүкенде, асханада, ауруханада, балабақшада) -Сергіту сәті. -Логопед балалармен музыка әуенімен сергіту сәті сөздері мен қимылдарын сәйкес орындайды. -Сурет бойынша әңгімелеу. Логопед балаларға мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастыруға ұсыныс береді. | -Балалар тыныстау жаттығуын орындайды. -Балалар артикуляциялық жаттығуларды орындайды. -Балалар мазмұнды суреттерге қарап, айтылған мамандарды тауып, атайды.
-Балалар суретті карточкалар бойынша сұраққа жауап береді. -Балалар сергіту сәті сөздерін қимылдарға сай орындайды, көңіл-күйлерін көтереді, демалады. -Балалар сурет бойынша әңгіме құрастырады. |
Рефлексивті түзету | -«Маған бүгін не ұнады?» -балаларға бүгінгі өткен ойындар, жаттығулар ұнағанын сұрайды. -Қорытындылау: марапаттау, кім жақсы жұмыс істегенін сұрау. | -Балалар бүгінгі ұнаған ойындарды, жаттығуларды атайды. -Балалар бір-біріне баға береді. |
Күтілетін нәтиже
Білу: Мамандықтар туралы айтуды.
Игеру: Байланыстырып әңгімелеуді.
Меңгеру: Барыс септік арқылы сөз құрауды.