kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Логопедиялық ойындар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Түстер туралы меңгерте отырып, С-Ш дыбыстарын буында, сөзде, сөйлемде ажыратып, анық айтуға үйрету. Балалардың ұсақ моторикасын, тыныс алуын, сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалысын дамыту. Фонематикалық естуін арттыру, ойлау қабілеттерін жетілдіру, байланыстырып сөйлеуін дамыту, түстерді ажыратып үйрету.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Логопедиялық ойындар»

Тақырыбы: «Логопедиялық ойындар»


Мақсаты: Түстер туралы меңгерте отырып, С-Ш дыбыстарын буында, сөзде, сөйлемде ажыратып, анық айтуға үйрету. Балалардың ұсақ моторикасын, тыныс алуын, сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалысын дамыту. Фонематикалық естуін арттыру, ойлау қабілеттерін жетілдіру, байланыстырып сөйлеуін дамыту, түстерді ажыратып үйрету.


Көрнекілігі: Артикуляциялық жаттығулардың суреті, С-Ш дыбыстары бар суреттер,суретті картиналар,Сайқымазақ пен Мыстан кемпір кейіпкерлері.


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі: Сәлемдесу (балалар хормен) Шаттық шеңбері:

Сәлемдесейік иіліп,

Жылы жүзбен жымиып.

Қызығы мол сабақта,

Ойнайық та, күлейік.


2.Негізгі бөлімі:

1.Ұсақ қол моторикасын дамыту. «Саусақтар сәлемдеседі»

Орындалу тәсілі: Басбармаққа қалған саусақтарды сәлемдестіріп, түйістіру. Екі қолдың сау

сақтарына орындау.

«Жұдырық, тақтай, алақан»

Орындалу тәсілі: Алақандарды алдымен жұдырыққа түйіп,одан соң тігінен ұстап, сосын алақанды үстел үстіне қою. Осы қимылдарды кезектестіре, тез орындау.

2.Артикуляциялық жаттығулар:

«Күрекше» - жалпақ тілді ауыз қуысынан шығарып, төменгі ерінге салып, 10-15сек ұстау.

«Алтыбақан» - тілді жіңішкертіп, кезекпен мұрынға, иекке қарай созу, бірақ ауызды ашып ұстау.Бұл қалыпта тілді онға дейін санап тілді қозғалту қажет.

«Ат шауып келеді» - ауызды кең ашып, тілді таңдайға жабыстырып, баяу,жылдам қағу керек.

Тіл асты желбезегін созу,осы жаттығуды 1-ден, 5-ке дейін қайталау қажет.

«Кесе» - ауыз кең ашық, жалпақ тілді жоғары тіске қарай қөтеріп, бірақ тіл тіске тимеуі керек

«Сылақшы» - ауыз кең ашық, тілдің ұшымен қатты таңдайды сылау.

3.Тыныс алу жаттығулары.

«Көбелекті гүлге қондыр», «Алақанды жылытайық»

4.Жаңа сабақ.

-Балалар, бүгін сабағымыз түстер туралы болмақ. Ендеше,қандай түстерді білеміз?.

-Балалар, жарайсыңдар.Түстер адамға сән береді,айналаны құбылтады. Егер түстер болмаса

барлығы көңілсіз болар еді. Сондықтан түстер бізге қажет екен.

Есік қағылып, жылап ішке Сайқымазақ кіреді.

Логопед:

-Сен неге жылап тұрсың?, біздер көмектесейік.

Сайқымазақ:

-Сіздер маған көмектесе аласыздар ма?

Логопед:

-Қолымыздан келсе, көмектесейік.

Сайқымазақ:

-Мен цирк алаңына барайын деп,боянып жатқанда, Мыстан кемпір менің бояуларымды ұрлап

әкетті. Сол кезде ішке Мыстан кемпір естіп кіреді.

Мыстан кемпір:

-Иә,иә,иә мен алдым, себебі менің көп тапсырмамды орындасаңдар, Сайқымазақтың бояуын

қайтарып беремін.

Логопед:

-Түстердің түрін атап өттік, енді сол әрбір түсте бір тапсырма бар. Кәне сол тапсырманы орындап, Сайқымазаққа көмектесейік. Сіздер отырып, балалардың жауабын тыңдаңдар.

1- тапсырма. Қызыл түс.

С-Ш дыбыстарын ажырату. С-Ш дыбыстарының айтылуын еске түсіреміз.С-дыбысын қалай

айтамыз?,С -дыбысын айтқанда еріндер жымияды. Тістердің арасы сәл ашық.Тілдің ұшы тө

менгі тістерге тіреледі, салқын ауа пайда болады.Ш-дыбысын айтқанда еріндер түтікшеге ұқ

сайды.Тілдің ұшы жоғарғы тістерге тіреледі,жылы ауа пайда болады.

Са-са-са-би билейді жараса,

Ша-ша-ша – біздің шана тамаша.

2-тапсырма. Көк түс. «Кім зейінді»

Әртүрлі буындардың ішінен С-Ш дыбыстарын табыңдар.

Са, се, на,не,ша,та,те, ше, су,шу, ру,ре,т.б.

3-тапсырма. Сары түс. Жаңылтпаш айтыңдар.

  1. Есет атам ет асатар, ет асатса бес асатар.

  2. Шабысты ат, шалыс шаппас,

Шалыс шапса,алыс шаппас

  1. Топ бала,топ бала,

Ойнап жүр топтала,

Көп бала, топ бала,

Қуып жүр допты ала.

  1. Сен өлше, ол өлшер,

Сол өлшем, сол мөлшер.

4-тапсырма. Жасыл түс.

«Тыңда да, айт» ойыны. (Пойыз, машина, қоңырау, боран, жаңбыр, баланың күлуі)

«Не қайда киеміз» ойыны, «Қарама-қарсы сөздер»,

5-тапсырма. Ақ түс.

Тақпақтар айтыңдар.

1.Ойыншықтарым көп менің,

Бәрін жақсы көремін.

Кешке дейін жалықпай,

Бірге ойнап жүремін.

2.Күзетші күшік- саққұлақ,

Үй күзетіп шапқылап.

Дыбыс шықса қаттырақ,

Қалай-қалай үреді?

Аф-аф-аф.

3.Олай-бұлай жүгіріп,

Ала мысық ойнамай.

Аша алмаса есікті,

Дыбыстайды ол қалай?

Мяу-мяу-мяу.

6-тапсырма. Қара түс.


«Мен бастаймын, сен аяқта» ойыны.

Логопед: Мен сөйлемді бастаймын, сендер суреттен көргендерің бойынша сөйлемді аяқтай сыңдар.

1.Шора мен Самал (шанамен ойнады).

2.Пештің үстінде сары (мысық отыр).

3.Саягүл сары (сиырды сауды).


Сергіту сәті:

Қолымызбен хлоп-хлоп,

Аяғымызбен топ-топ,

Тарсылдаймыз тук-тук,

Үндемейміз, қараймыз,

Екі аяқпен секіргенде прыг-прыг

Алға қарай жүреміз,

Артқа қарай жүреміз.

Логопед: -Балалар жарайсыңдар.Түстерді айтып, барлық тапсырмамды орындадыңдар. Сайқымазаққа көмектестіңдер, Мыстан кемпір балалар тапсырмаңды орындады,енді Сайқымазаққа бояуларын бермейсің бе?

Мыстан кемпір: Жақсы барлық тапсырмамды орындадыңдар, бояуын берейін.Сендермен бірге мен де сергіп қалдым, мені ормандағылар күтіп отыр, соларға барайын,сау болыңдар.

Сайқымазақ: Балалар, сендерге көп-көп рахмет! Енді мен сендерге сиқырымды көрсетейін.

Ахалай- махалай пух-пух, суф-суф балалармен бірге қайталату.Сиқырлап балаларға конфет

тер шығарады да, балаларға таратады да, шығып кетеді.


Қорытынды бөлімі: Бүгінгі сабақта алған әсерлерін, сұрақ-жауап арқылы әңгімелеп,сабақты

аяқтау, мадақтау.












31 «Күншуақ» МДҰ









Тақырыбы: «Логопедиялық ойындар»







Тәрбиеші: Жуканова А.Ж.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Логопедиялық ойындар

Автор: Жуканова Айгүл Жайлыбаевна

Дата: 09.12.2016

Номер свидетельства: 367684

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(188) "БАЯНДАМА «Логопед-мұғалімнің тәжірибелік әрекетінде заманауи логопедиялық технологияларды қолдану»"
    ["seo_title"] => string(80) "baiandama_loghopied_mu_g_alimnin_t_zhiribielik_riekietindie_zamanaui_loghopiedii"
    ["file_id"] => string(6) "454160"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1517506074"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "Логопедиялық сабақтарда ұлттық ойындардың тиімділігі"
    ["seo_title"] => string(53) "logopediialyk_sabaktarda_ulttyk_oiyndardyn_tiimdiligi"
    ["file_id"] => string(6) "492468"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1545645685"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(134) "Т?ты?уы бар балалармен т?зету ж?мысын ж?ргізуде ертегі терапиясыны? ма?ызы."
    ["seo_title"] => string(77) "tutyguybarbalalarmientuzietuzhumysynzhurghizudieiertieghitierapiiasynynmanyzy"
    ["file_id"] => string(6) "291813"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1455189658"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Жеке саба? "Дыбыс?а шартты ?рекет тудыру.?й жануарлары""
    ["seo_title"] => string(60) "zhiekie-sabak-dybysk-a-shartty-riekiet-tudyru-ui-zhanuarlary"
    ["file_id"] => string(6) "286417"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454338144"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Жеке саба? "Дыбыс?а шартты ?рекет тудыру.?й жануарлары""
    ["seo_title"] => string(62) "zhiekie-sabak-dybysk-a-shartty-riekiet-tudyru-ui-zhanuarlary-1"
    ["file_id"] => string(6) "286418"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454338152"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства