kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Логопедиялық сабақтарда ұлттық ойындардың тиімділігі

Нажмите, чтобы узнать подробности

         Халық  педагогикасына тән жалпы білім беретін  мекемеде өнімді де өміршең  сала - ойын. Дәстүрлік  таным-түсініктен  туындайтын  қазақ халқының  ұлттық  ойындары - баланы іс-әрекетке, адамгершілік  әдептерді игеруге, ақыл-ойын  жетілдіруге, Отан сүйгіштікке  баулуда.Ұлттық ойын - салауатты өмір сүруге  тәрбиелеуде  тендесі жоқ құрал. Балалар ойындарында  жас ерекшелік, физиологиялық  дамуына  үйлесімді  қимыл-қозғалыс, тіл  ұстарту, сөздік  қорды  молайту жағынан  өте бай  және педагогикалық заңдылықтар  тапқырлықпен  үйлесімді қиыстырылған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Логопедиялық сабақтарда ұлттық ойындардың тиімділігі»

Логопедиялық сабақта ұлттық ойындардың тиімділігі

Халық педагогикасына тән жалпы білім беретін мекемеде өнімді де өміршең сала - ойын. Дәстүрлік таным-түсініктен туындайтын қазақ халқының ұлттық ойындары - баланы іс-әрекетке, адамгершілік әдептерді игеруге, ақыл-ойын жетілдіруге, Отан сүйгіштікке баулуда.Ұлттық ойын - салауатты өмір сүруге тәрбиелеуде тендесі жоқ құрал. Балалар ойындарында жас ерекшелік, физиологиялық дамуына үйлесімді қимыл-қозғалыс, тіл ұстарту, сөздік қорды молайту жағынан өте бай және педагогикалық заңдылықтар тапқырлықпен үйлесімді қиыстырылған. Халқымыздың өмірге дені сау, шыныққан балалар әкелуі жөніндегі өз ұрпақтарына қалдырған үлкен де бай мұрасы - ұлттық ойындар. Ежелден «Адам ақылымен сымбатты» деп санаған халқымыз тұрмыс-тіршілігіне байланысты туған ұлттық ойындарды бала тәрбиесіне лайықтап, шебер пайдалана білген. Балалық кездегі ойындарды тәрбие мәселесінен бөліп қарауға болмайды. Екеуі бірлестікте қарастырылады. Ұлттық ойын-халықпен бірге жасайтын өміршең құбылыс. Ол - балалық шақтың қайталанбас ескерткіші, әрбір тұлғаның, әрбір ұрпақтың кешкен өмірі. Ойыннан бастау алып, ертеңімен сабақтасатын тәлім-тәрбиені бойға қондырып, ойға дарытудың алқашқы машығы. Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады.Баланың жан-жақты дамуында ойынның рөлі.Ойын-балалардың күнделікті тиімді іс-әрекеті.Ол балалар үшін әлеммен қарым-қатынас кезінде туындайтын шексіз қажеттілік пен қызығушылығынан туындайтын іс-әрекеттің бір түрі.Ойын кезінде баланың ойлауы мен елестеу қабілетінің ерекшеліктері, оның белсенділігі, эмоционалдығы, қарым-қатынасқа түсудің қажеттілігі ашық көрінеді.Ойын арқылы бала үлкендер әлеміне еніп, әлеуметтік негізді қамти отырып, рухтық бағалықты қамтиды. Баланың эстетикалық, физикалық, саналық дамуында ойын үлкен орын алады.Ойынның дамытушы маңыздылығын баланың жан-жақты дамуында бағаламау мүмкін емес.Ойын бала жасында органикалық негізді құрайды. Егер де ересектер дұрыс басшылық етсе, ол кереметтіктер тудырады. Ойын баланың іс-әрекет формасы ретінде оның психикалық процестерінің және тұлғалық белгілерінің сәйкестілік дамуына мүмкіндік тудырады.Ойын баладан ынталығын, көпшілдігін, басқа балалармен қатынаста болуын талап етеді.Сондықтан әртүрлі ауытқуы бар балалармен түзету жұмысын ұйымдастыруда ойын әрекетінің маңызы зор. Бұзылған және сақталған анализаторлардың жаттығуына ойын әрекеті ізгі құрал болып есептеледі.Ойын сөйлеу тілі дамуы мен сөздік қатынастың құралы және белсендірудің қайнар көзі деп айтуға болады. Адамның интеллектуалды және эмоционалды дамуы сөйлеу тілін қамтумен тығыз байланысты. Сондықтан бала жасында тілдің дамуы ерекше орын алады. Бала ойнай ма, еңбек ете ме-осының барлығы қоршаған ортамен қарым-қатынас болып санала отырып,сонымен қатар тілдің дамуының бір негізі ретінде көрінеді.Ойын үстінде сабаққа қарағанда бала күрделі мәселелерді шеше біледі. Ойын баланың ойлау белсендігін арттыра түседі. Ойында бала өз еркімен ойын міндеттерін шешіп және оларды өз сөзімен айта білуге үйренеді. Әдістемелік дұрыс жоспарланған, оның мазмұнына және ұйымдастыруына қойылатын талаптарына сай келетін халық ойын мүмкіндіктері шектеулі балалармен жүргізілетін т үзетушілік жұмыс процесінде сөйлеу тілін түзету және дамыту құрал ретінде алатын орны зор болуы тиіс. Қазақ халық ойындары немесе оның үзіндісі, дәстүрлі қазақ халық ойын процесіне логопедиялық сабақтың нақты мақсат-міндеттеріне сай әдістемелік дұрыс іріктелген арнайы тәсілдер енгізу, мүмкіндіктері шектеулі балалардың сөйлеу тілінің коммуникативті функцияларын қалыптастыру және түзетушілік міндеттерді шешу мақсатымен ойынның мазмұнын қарастыру және толықтыруды көздейді. Балаларға бір ойын негізінде әр түрлі жақтан амал ету,логопедиялық жұмыста әр түрлі арнайы тәсілдер, материалдар қолдануға, ойынның мазмұны, міндеттері, балалардың сөйлеу тіліне қойылатын талаптарды өзгертуге мүмкіндік туады. Логопед сөйлеу тілінің даму деңгейіне сүйене отырып, ойынды өйымдастырады, сұрақтар, күрделігі әр түрлі тапсырмалар тұжырымдайды. Оларды балалардың сөйлеу мүмкіндіктеріне қарай жеңілдетіп немесе күрделендіріп отырады.Осыған байланысты балалардан да жауап талап етеді. Қазақ халқының ұлттық ойындары балалардың сөздік қорын молайтуға және белсендіруге, сөздерді дұрыс және еркін қолдануға, сұрақтарға толық жауап беруге, байланыстырып сөйлеуінің дамуына толық мүмкіндік береді.Ойын барысында барлық әрекеттерін сөзбен білдіру, сөйлеу әрекетін белсендіруге қажетті жағдай жасау,дыбыс айтуының, лексикалық-грамматикалық құрылымның бұзылыстарын түзету, моторлы функцияларын жетілдіру, перцепция дағдыларын қалыптастыру, есту, көру, сипап сезу қабылдауларын, психикалық процестерін, көріп есте сақтауын дамыту жүзеге асады. Қазақтың ұлттық ойындарын сабақтың мақсат-міндеттеріне байланысты логопедиялық жұмыстың әр кезеңінде қолдануға болады. Дайындық жасау, дыбысты машықтандыру, ажырату, коммуникативті дағдыларын қалыптастыру. Ойын типологиясы, бір ойынды логопедиялық жұмысының кезеңін сақтай отырып, әр түрлі мақсатпен, әр түрлі жастағы, сөйлеу тілінің даму деңгейі әртүрлі балалармен, әртүрлі жағдайда өткізуге кең мүмкіншілік береді. Логопедиялық тәжірибеде қазақ халық ойындарын үйрету алгоритмі. Кез келген әрекет кезеңменен қалыптасатыны белгілі. Балаларды халық ойындарына үйрету төмендегідей кезектілікпен жүреді. 1) Логопед ойынды атау арқылы балалар оның артынан қайталайды, содан кейін өз бетінше ойынның атын атайды. 2) Балалардың жасына сай, әрекетке ниеттейтін түсінікті және оңай түрде түсіндіру. Мысалы, қазақ халқының ұлттық ойынының бірі тоғызқұмалақты ойнату. Баланың есте сақтау қабілетін және ұсақ қол моторикасын дамытады. 3) Халық ойындарының мазмұнын балаларға түсінікті және оңай түрде түсіндіру. Әрекеттерді, қимыл қозғалыстарды жаттықтыру.Қалыптастырып жатқан қимылдарды вербальдау.Әр тапсырманың мақсатын, жұмыстың мазмұнын түсіндіру. 4) Лексикалық жұмыс ойынның міндетті элементі болып табылады.Ойын кезінде кездесетін жаңа сөздерді балаларға түсіндіріп, қайталатып айтқызу керек. 5) Түзету жұмысы логопедиялық сабақтың мақсатына сай жүргізіледі: қимылдарын жетілдіру, дыбыстарды дұрыс айтқызу. 6) Әр баланың әрекетін міндетті түрде сөзбен бағалай отырып, ойынды аяқтау. Қоғамдық мотивтерін енгізу. 7) Логопедпен және балалармен қалыптастырылған функцияларды бағалау; Әрі қарай жалғастыратын әрекетін анықтау үшін ойынға қатысушының әр қайсысының әрекетін бағалау қажет, меңгерген білімдері, дағдылары, іскерліктері бағаланады. Сонымен балалармен жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық процесс сөйлеу тіліндегі ауытқуды жоюына кешенді әдіс-амал табуын талап етеді.Балалардың сөзсіз және сөйлеу тілінің процестерін қалыптастыруда логопедиялық сабақтар ойын түрінде өткізілуі тиіс, балаларда тұрақты коммуникативті дағдыларын қалыптастыру мақсатымен көздеу керек. Қазақ халқының ұлттық ойындарын сабақта қолдану арқылы балалардың шаршағандығын азайтады, балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Логопедия

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Логопедиялық сабақтарда ұлттық ойындардың тиімділігі

Автор: Мухаметжанова Анаргуль Турсынбаевна

Дата: 24.12.2018

Номер свидетельства: 492468

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "Логопедиялық сабақтарда ұлттық ойындардың тиімділігі"
    ["seo_title"] => string(55) "logopediialyk_sabaktarda_ulttyk_oiyndardyn_tiimdiligi_1"
    ["file_id"] => string(6) "531402"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1576043985"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства