Просмотр содержимого документа
«Жеке саба? "Дыбыс?а шартты ?рекет тудыру.?й жануарлары"»
АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ – ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕУ КАБИНЕТІ
ЖЕКЕ САБАҚ «ДЫБЫСҚА ШАРТТЫ ӘРЕКЕТ ТУДЫРУ. ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ»
Сурдопедагог: Э.А.Коблаш
2015-16 оқу жылы
Жеке сабақ. Есту қабілетін дамыту және дыбыс айтуды қалыптастыру.
Сабақтың тақырыбы: Дыбысқа шартты әрекет тудыру. Үй жануарлары
Мақсаты: Білімділік. Дыбысты тыңдай отырып, әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Үй жануарларының дыбыстарын тыңдай отырып ажырату. Сөздік қорын молайту.
Дамытушылық. Есте сақтау қабілетін дамыту. Дыбыстарды қабылдап қайталауға дағдыландыру.
Тәрбиелік. Сөйлеушінің сөзін тыңдауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түзетушілік. Дыбыстардың анық айтылуын қадағалау, түзету.
Көрнекілігі: дабыл, ұсақ шығыршықтар, Дельфа -142 логопедиялық тренажері, «Мысық пен орындық », «Ит» дидактикалық ойындары, PowerPoint бағдарламасында жасалған слайд, үй жануарларының дыбыстары , ойыншықтар.
Сөздіктер: Салем, Салеметсіз бе, отыр, тұр, ит, мысық, үрді, мияулады, бар, жоқ, қатты, жай.
І. Ұйымдастыру
- Баламен амандасу
ІІ. «Дельфа»- 142 компьютерлік бағдарламасы бойынша тыныспен жұмыс
Кеседегі шайды суыт- баланың дұрыс тыныс алуын дамыту.
Торттың шамын сөндір- ұзақ тыныс алын қалыптастыру.
ІІІ. Дыбысқа шартты әрекет тудыру
«Қатты» және «жай» дыбысқа сәйкес дабылды көрсету. Қатты дыбыс естілгенде үлкен дабылды, жай дыбысты естігенде кішкентай дабылды көрсету. Ара қашықтықты ұзарта отырып, баланың есту мүмкіндігін жаттықтыру.
ІV. Үй жануарларының дыбыстарын компьютерден тыңдап қабылдау.
Ит үрді. Мысық мияулады.
V. «Мысық пен орындық »
Бірнеше бөлікке бөлінген орындық пен мысықты құрастыру.
Орындықтың бөліктерін атау.
VІ. «Ит» . Бөліктерге бөлінген иттің кескінін үлгіге қарап құрастыру.