Сабақ барысы | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
1.Кіріспе «Көңілді күн» жаттығуы (интерактивті тақтамен жұмыс) | Шаттық шеңбері: Біз әдепті баламыз, Біз ерекше боламыз. Қонақтарды көргенде, Сәлемдесіп аламыз. Здравствуй школа, здравствуй класс, Школьный день встречает нас. Вот уже звенит звонок, Начинается урок. | Шаттық шеңберін құрады, жаттығуларды орындайды. |
Тұсау кесер Топқа бөліну. | Балалар бүгін бізде сауат ашу оқу –қызметі Сабақты бастамас бұрын А,Т,П әріптерін балаларға таңдатып 3 топқа бөлемін | А,Т,П әріптеріне қарап топтарға бөлінеді. |
Ой қозғау | Біз өткен оқу іс-қызметінде қандай дыбыспен танысып едік есімізге түсірейікші -Дұрыс айтасыңдар.(Р-дыбысын тақтаға ілу) -«Р» дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз дыбыс па? -Дұрыс айтасыңдар. «Р» дыбысын қандай текшемен белгілейміз? «Р» әріпінен,және кездесетін сөздерді маган кім айтып береді? Радио, қасқыр, ысқырық, ара, зымыран (слайд) Алдымен қазақ алфавитінде неше әріп бар? -Балалар, дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар? Дыбысты айтамыз, естиміз Әріпті жазамыз, көреміз. Дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауысты және дауыссыз | Слайд бойынша жұмыс жасайды -«Р»дыбысы -«Р»дыбысы Дауыссыз дыбыс -Р дыбысын көк текшемен белгілейміз Радио, ара, зымыран,т.б. балалар жауап береді |
Топпен жұмыс ІІІ. Мағынаны тану. | «2 топ сурет қиындыларын жинау арқылы лақ пен лимон бейнесін құрастырады) Жұмбақ жасыру. (слайд) Түсі сары сүйкімді, Дәмі қышқыл бір түрлі. Ащы дей де алмайсың, Шекерсіз жей алмайсың? Ол не? «Мә-мә»деген әні бар Секірер ор, жары бар Селтеңдейді құлағы Секіргіш бір жануар Ол не екен балалар? - Лимон,лақ сөзінде бірінші қай дыбыс естіледі? (Л) -Олай болса, бүгінгі Л дыбысымен және әрпімен танысамыз. -Қане, бәріміз бірге айтайықшы -«Л» дыбысы қалай айтылып тұр? Езуімізді жиырамыз, тістерімізді бір-біріне жақындатамыз. «Л» деп айтамыз Л дыбысына дыбыстық артикульяция жасау. Кедергімен бе ,әлде кедергісіз бе? -Дұрыс, тіліміз тісімізге тиіп Дыбыстар кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұр. -Өте жақсы, олай болса «Л»дыбыс қандай дыбыс екен? -Л дыбысы қандай дыбыс,дауысты ма,әлде дауыссыз ба? | 1-топ: лақ бейнесін 2-топ: лимонды құрастыру (Лимон) Лақ Лл -Дауыссыз дыбыс |
Бейнефильм көру | «Әріптер мен дыбыстар әлемі» Лл дыбысымен танысу | Интерактивті тақтамен жұмыс,қайталап отыру |
Тіл ұстарту жаттығулары: | 1.Ла, ла,ла-бұл әдепті бала, Лу, лу, лу-біздің Нұрай сұлу. 2.Ра-ра келді ара Ла-ла араның усті ала (слайд) | жаттау |
Дәптермен жұмыс | Балалар, «Л»-дыбысын, кәне ауада жазып көрейік. Дәптерімізді ашайық Дәптермен жұмыс: Қаламды дұрыс ұстап, жазу кезіндегі отыру ережесін еске түсіріп, нүктелерді бастыртып жаздырту. Дәптердегі үлгіге қарап «л»-дыбысын баспа түрін жазады Дәптермен жұмыс (слайд) | |
Сергіту сәті | Девочки и мальчики, Прыгают как мячики. Ножками топ-топ, Ручками хлоп-хлоп | Қимыл-қозғалыспен көрсетеді |
Кубик ойыны | Тапсырма. «кубик» (балаларға л дыбысы кездесетін суреттердің атауын ататып, суреттер берілген сөздерді буынға бөлдіру) | Шапалақ соғу арқылы буынға бөледі. |
Дыбыстық талдау жасау | А-ла, т-ал, ал-ға, Тал-ғат, Тал-ғар (Текшенің қызыл, көк қазақша, орысша, ағылшынша айтылуын сұрау) | |
Сөздерді оқу | Аға, ата, апа | |
Сөздік лото | Нан,ана, ара | |
Л дыбысын құрастыру топтық жұмыс | Үш топқа тапсырма беру: Л әрпін жұлдызшадан құрау Л дыбысын лентадан құрау Л дыбысын қағаздан құрау | |
Ребус шешу | Балаларға лара, балапан, Айгүл, Гүлнәр сөздеріне ребус арқылы тапсырма беру | |
Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі | Қорытындылау -Балалар біз қандай әріппен, қандай дыбыспен таныстық? Л-дыбысы қандай дыбысқа жатады? -Бүгінгі сабағымыз ұнады ма? -Жарайсындар балалар, осымен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз, кәне келген апайлармен қоштасайық Біз ақылды баламыз, Айтқан тілді аламыз. Бүгін келген қонаққа Сау болыңыздар деп айтамыз – Сабаққа жақсы қатысқан балаларға сыйлық таратады. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы. | Балалар сұрақтарға жауап береді. Өзін-өзі бағалау. |