kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қысқы орманға саяхат

Нажмите, чтобы узнать подробности

Открытое интегрированное занятия во второй младшей группе "Қысқы орманға саяхат"

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қысқы орманға саяхат»



Қысқы орманға саяхат


Білім беру саласы: «Коммуникация», «Шығармашылық», «Таным», «Әлеуметтік орта»

Бөлімі:Сөйлеуді дамыту, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, жапсыру.

Тақырыбы: Қысқы орманға саяхат

Білімділік мақсаты:Балаларға қыс туралы білімдерін бекіту. Қыс мезгілінің табиғат ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық мақсаты:

Балалардың ойын арқылы тілдерін дамыту. Сурет бойынша әңгіме құрауға дағдыландыру.Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Ұсақ қол моторикасын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Қысқы табиғатқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыра отырып, табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге тәрбиелеу. Жануарларға деген қамқорлыққа тәрбиелеу.Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, ғажайып сәт, ойын,әңгімелесу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: теледидар, орманның қысқы көрінісі слайды, көрнекіліктер, үлестірмелі материалдар, ақ майлықтар,парақтар, желім, геометриялық пішіндер.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: қыс мезгілі туралы әңгімелесу, қысқы орманның суреттерінен слайд жасау, қоянның суреті, жабайы жануарлар туралы мағлұмат беру.

Сөздік жұмыс: хат тасушы, орман күзетшісі.

Тілдің үштұғырлығы:қар-снег-snow, қоян-заец-hare

Мотивациялық-қозғаушылық:

Шаттық шеңбері

Табиғатым  тамаша

Көз  тоймайды қараса.

Табиғатты  аялап,

Жүрейікші  жараса.

Сәлем  саған, Жер ана!  

Сәлем  саған, Нұрлы күн!

Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Ғажайып сәт.

Топқа хат тасушы келеді:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бұл «Ботақан» тобы ма?Менің сендерге видео хабарламам бар.Мінекей, алыңыздар (хат тасушы қоштасып кетіп қалады)

-Балалар, қалай ойлайсыңдар, бұл видео хабарламада не бар екен? Тыңдап көрейік.

Тәрбиеші бейнетаспаны қосады.

Бейнетаспада орман күзетшісі балаларды қысқы орманға қонаққа шақырады.

 Тәрбиеші:

-Балалар орманға серуенге барғыларың келе ме?  (Балалардың қызығушылығы оянады)

-Орманға бару үшін қалай киінуіміз керек?  

Балалар:

-Аяғымызға етік, басымызға бас киім, үстімізге тон,қолымызға қолғап.

Тәрбиеші: -Мен сендерге орманға пойызбен баруды ұсынамын.Себебі, ол жерде қар қалың.

Тәрбиеші:- Олай болса балалар «Пойыз» ойынын ойнап жіберейікші.(Санамақ арқылы пойызды бастаушы баланы таңдап алады.Қалған балалар вагон болып тіркеледі)

-Кәне, кімнің бойы ұзын,

Паровозы ол пойыздың

Қатар-қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық.

Пш –пш, пш-пш, баста алға,

Қарап қалма аспанға.

Гу-гу, гу-гу, гуілде,

Қалып қойма біріңде.

Балалар музыка әуенімен орманға келеді.

Теледидардан қысқы орманның суреті шығады.

Тәрбиеші:

-Балалар қараңдаршы қандай әдемі!

-Қысқы орман қандай екен?

Балалар:

-Орманның іші аппақ қар. Қар-снег-snow

Тәрбиеші:

Қар туралы кім тақпақ біледі?

Муслима: Дамир:

Қонақтайды бақтарға, Жауды міне қар аппақ,

Ақ көбелек, ақ мамық. Айналаның бәрі аппақ.

Аунап таза ақ қарға, Жасырыпты жолдарды,

Балалар жүр қуанып. Тегістепті оларды


Тәрбиеші:

-Орманда нелер өседі?

Балалар:

Орманда ағаштар,шыршалар өседі.

Тәрбиеші:-Балалар, орманның іші тыныш сияқты.Аралап көрсек қайтеді. Бірақ, алдымен денемізді сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Тауға шықсаң –қалың қар,

Сайға түссең- қалың қар,

Шырша үсті-қалың қар,

Жерді бассаң- қалың қар.

Байқаңдар, қар астында,

Ұйықтап жатқан аю бар.

(Шыршаның түбінен аюдың қорылдаған дауысы шығады)

Тәрбиеші:

-Балалар, бұл ұйықтап жатқан қай жануар екен?

Балалар:

-Бұл аюдың дауысы.

Тәрбиеші:- Оны қайдан білдіңдер?

Балалар:-Қыста аю апанында ұйықтайды.

Тәрбиеші:-Тыныш!Аюды оятып алмайық онда.

Балаларға жүгіріп Қоян келеді.

Қоян:- Сәлеметсіңдер ме, балалар!Орманға қонаққа келгендеріңе қуаныштымын. Ал,мен жаңа тонымды киіп алдым?Түсі неге ұқсайды?

Балалар: Қоянның тоны қарға ұқсайды.

Қоян: Қардың қандай екенін айтып бере аласыңдар ма?

Балалар: Қар аппақ, суық, жұмсақ, таза.

Қоян: -Балалар, мен сендерге арнап қар түйіршіктерін жинап қойдым.

сендер қардың ұсақ түйіршіктерден тұратынын білесіңдер ме?

Тәрбиеші:-Балалар, қар түйіршіктерін көру үшін бізге мына үлкейткіш шыны (лупа) керек болады.(Балалар қар түйіршіктерін улкейткіш шыны арқылы қарайды)

Қоян: -Балалар сендерді көріп менің көңілім көтеріліп қалды.Сендер кетсеңдер, мен мұңаятын боламын.

Тәрбиеші:-Қоян еңсеңді түсірме, біздің балалар қар түйіршіктерінен саған жаңа достар жасап береді.

(Балалар алдын-ала қоянның сұлбасы салынған даярланған түсті парақ беріледі)

Жетекші сұрақтар арқылы қоянның неше бөліктен тұратынын анықтайды.

(Тәрбиеші жапсыру үлгісін көрсетіп, түсіндіреді)

Саусақ жаттығуы

Кел,санайық санамақ,

Саусақтарға қарап ап.

Басбармақ, балан үйрек,

Шылдыр шүмек,кішкене бөбек.

Балалар қоянның үлгісіне қар түйіршіктерін жапсырады.

Тәрбиеші:-Қараңдаршы, қандай әдемі қояндар.

Қоян:-Балалар, менде жаңа достар пайда болды.Балалар сендерге үлкен рақмет айтамын. (Балалармен қоштасып, қоян орманға кетеді)

Балалар жұмыстарынан көрме жасайды. Ең әдемі,таза орындалған жұмысты үлгі ретінде айтады

Рефлексиялық- түзетушілік.

-Балалар бүгінгі серуеніміз ұнады ма?

-Орманға немен бардық?

-Орманның ішінде қандай жануарларды кездестірдік.

-Қар неден тұрады екен?

-Қоянды неден жасадық?

Бағалау. Тәрбиеші балаларға бүгінгі сабақты улкен-кіші қар түйіршіктері арқылы бағалатады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Қысқы орманға саяхат

Автор: Журсынова Асель Советхановна

Дата: 08.02.2019

Номер свидетельства: 498917

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) ""Қысқы орманға саяхат""
    ["seo_title"] => string(27) "k_ysk_y_ormang_a_saiakhat_1"
    ["file_id"] => string(6) "406467"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491303722"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Саба?ты? та?ырыбы: ?ыс?ы орман?а саяхат"
    ["seo_title"] => string(45) "sabak-tyn-tak-yryby-k-ysk-y-ormang-a-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "316250"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460041070"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "?ыс?ы орман?а саяхат "
    ["seo_title"] => string(25) "k-ysk-y-ormang-a-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "160969"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422164101"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(66) "Сабақ жоспары "Қысқы орманға саяхат""
    ["seo_title"] => string(40) "sabak_zhospary_k_ysk_y_ormang_a_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "376999"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1483972021"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) ""?ыс?ы орман?а саяхат" "
    ["seo_title"] => string(27) "k-ysk-y-ormang-a-saiakhat-1"
    ["file_id"] => string(6) "185664"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426227953"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства