Просмотр содержимого документа
«Қысқы аппақ қарлар»
Бірінші кіші «Балдәурен» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні: .14.01.2019ж.
Тәрбиеші:Бопылова Н.Ж
Білім беру саласы: «Коммуникация »
Пән: Коркем әдебиет
Тақырыбы: Аппақ қар Мақсаты:
Тәрбиелілік: Еңбексүйгіштікке, табиғатқа деген қамқорлық жасай білуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Дамытушылық: Балаларды қардың қасиетімен таныстыру Оқыту : Аққаланың бөліктерімен таныстыру, тақпақ жаттату.(Жұмсақ,қатты)
Педагогикалық технологиялар: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Ресурстармен қамтамасыз ету:Аққала суреттері
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Далада қандай өзгерістер бар?
Қардың түсі қандай?
2.Негізгі кезең:
Аққала: Сәлеметсіңдер ме балалар, (балалар амандасады) мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Мен қысты жақсы көремін. Қыста қар жауады. Қар ұшқындап жапалақтап, борандатып жауады. Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, шешуге дайынсыңдар ма? Қыста ғана боламын. Көздерім қара көмірден. Мұрным менің сәбізден. Суықпын, аппақпын Мен не екенмін? Жарайсыңдар, балалар!
Қане доп арқылы «Қар қандай?» сөздік ойынын ұйымдастырайық.
-Допты тәрбиеші лақтырып, қарға байланысты анықтауыш сөздерді айтқызады.
-Балалар қыс мезгілінде қандай киімдер киеміз?
-Қане оны білу үшін «сиқырлы моншақ» ойынын ойнаймыз
.-Балалар, біздің жолымыз сиқырланып қалыпты, яғни жолымыз омбы қарларға толы. Бұл жолмен өту үшін немен жүреміз?
.-Аққала сендерге бір шелек қар жіберіпті. Қане, қолымызға қолғап киіп , қар атысып ойнайық.Қар мен мұзды ауызға салуға болмайтынын туралы айтып өтеді.
-Қар қатып неге айналады?
-Мұзда қандай ойын ойнаймыз?«Қысқы болжамдар»
Қысқа түн .Үйлердің мұржасын түтін түзу шығуда»- келесі күні ауа райы жайлы болады. Ит бұйығып ұйықтап жатыр- ауа арай бұзылады.
- Балаларға судыр қағаздан жасалған жолдармен жүріп өтіп, сықырлаған қардың дыбысын естуді ұсынады
3.Қортыныды:«Жақсы-жаман» ойыны арқылы оқу қызметін қорытындылайды.
-Қыс жақсы.
Неге?
-Қыс жаман.Неге?Балалардың еңбегін бағалап, мадақтайды.
Бірінші кіші «Балдәурен» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Өткізу күні: .18.01.2019ж.
Тәрбиеші:Бопылова Н.Ж
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Пән: Дене шынықтыру
Тақырыбы Тақырыбы: Қиғаш тақтайдан өту. Жерге қойылған тақтайдан төрт аяқтап еңбектеу, алақанмен табанға таянып.
Мақсаты: Қиғаш тақтайдан жүруге үйрету, алға қарап шағын алаңда мүсінді сақтау. Қол мен аяқтың қимылын сәйкестендіру.
Ойын: «Қарлығаш»
Педагогикалық технологиялар: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап.
Ресурстармен қамтамасыз ету «Қарлығаш» беру ойынын ұйымдастыру.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Сабақтың мазмұны
Тәрбиешінің басқарымдық
қызметі
Балалардың іс-әрекеті
уақыты
І – Ұйымдастырылған кезең
Спорт залына кіру,жүру, амандасу,бұрылу, жүгіру,дем алу, дамыту жаттығуларын бір тізбек жасап жүру.
Спорт залына балаларды шақыру, бір-бірінің артынан жүргізу, бір қатарға тұрғызу, амандасу, сабақтың тақырыбын айту, жаттығу жасағанда балаларға көмек жасау.
Бір тізбек жасап кіреді, бір қатарға тұрады, амандасады, мұғалім айтқан тақырыпты тыңдайды,мұғалімнің есебін айтқызбай орындау, жаттығуларды жасау.
3 рет
3 рет
ІІ- Негізгі кезең
Қиғаш тақтайдан өту. Жерге қойылған тақтайдан төрт аяқтап еңбектеу, алақанмен табанға таянып.
Ойын: «Қарлығаш»
Қиғаш тақтайға тырмысып шығу, бір ашық аралығыан келесі ашық аралығына диагональ бойымен өте отырып,төмен түсу.Жерге қойылған тақтайдан тырмысып төрт аяқтап еңбетеу.
Ойынға түсініктеме беру:
Бауырымен еңбектеу және қиғаш тақтайдың үстімен жорғалау.
Қарлығаш,қарлығаш,қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Есенбике жеңгелер,
Күміс тонын түймелер.
3 рет
4 рет
ІІІ- қорытынды:
Дем алатын жаттығулар, қатарға тұру, сапқа тұру, сабақты қорыту.
Балалармен құралдарды бірге жинау, сабақты қорыту.
Құралдарды жинап болғаннан кейін балалар өз пікірін сабақ туралы айтылады.