kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ыс ?ызыгы

Нажмите, чтобы узнать подробности

?ыс ?ызы?ы – сыр?ана?

?ыс. Б?л мезгілде адамдар таби?атты? ??пиясын, ерекше бір ?мытылмас с?ттерін тамашалайды. «?ысты? к?зі ?ырауда» деген хал?ымызды? тамаша с?зі осы бір мезгілді айна-?атесіз баяндап т?р?андай немесе Абайды? «а? киімді, денелі, а? са?алды…» деп келетін ?ле? жолдары да ?ысты? бас?а жыл мезгілдерінен ерекшелігін паш етеді.

 Таби?атты? ?рбір маусымы ерекше болатыны с?зсіз. ?р маусым?а т?н сейіл-серуені де болады. Жазда адамдар су?а шомылып, к?нге ?ыздырынса, ?ыста шаналарын ар?алап, биік жоталар?а, таулы ?ыраттар?а бет т?зейді. Дала т?сінде ?олдан сыр?ана? жасайтын ?ызы?ты с?ттер де – ?з алдына бір ??гіме. Барлы?ы ?ысты? суы?ты?ын емес, бейнебір жылы н?рын, ысты? тартар с?улесін тауып ал?андай ?уанысады. Биік ?ыраттан т?мен ?арай аппа? ?арды? ?стінде ізін ?алдыратын шанасымен ыз?иды.

 ?а?тар айыны? ал?аш?ы к?ндері, міне, осындай ?уанышты ша?тар?а толы. К?н с?улесі Жер-ана?а шуа?ын т?гіп, барша адамдарды ?зіні? жылы н?рына б?леп, ?ыс?ы суы?ты? бетін ?айтару?а бел шеше кіріскендей. Алыста?ы таулы ?ыраттардан ар?ан бойы ?зап шы??ан дала ??стары ?сем таби?атты? осынау ?ажап ша?ына мейілінше ??марта ?анат ?а?ады. Алыс ?ия-белдердегі ?алы? ?ар к?ктемні? жылы лебі келгенше бас?а тіршілікке орын босататын емес. Таби?атты? ?демі мезгілі – ?ысты? ерекше к?рінісімен ?ріле т?скен.

 Даланы? таби?аты тып-тыныш ?алпынан, маужыра?ан к?йінен серпіле т?скендей к?йде. Алатауды? сілемдері мен биік жоталарында?ы ?ыс к?ріністері к?зді? жауын алып, жан баурайды. ?ыс мезгіліні? аязды к?ндерімен де ?оса, ерекше бір жылылы? сыйлайтын к?ндері аз емес. ?рбір т?рт мезгілді? ?н бойында бірімен-бірі астасып, ?абаттасып жат?ан орта? к?н райы бар. ?а?тар айы жа?ажылды? к??іл к?йді одан арі к?тере т?сіп, ?зіні? жылы к?ндерін аямай-а? сыйлап жатыр. Мейірімін т?ккен Жер-ана да адам ?шін ?зіні? ішкі сырларын а?тар?андай тылсым сырмен ?н ?атады. К?гілдір аспанда?ы шарбы б?лттар да ?здеріні? ба?ытын бір с?т тежеп, бейнебір сырласып т?р?ан арулардай. А?аштар ?ыс мезгіліне дайындалып, шымырлана т?скен. Олар к?ктем келісімен б?р жарып, айналаны к?к бояу?а б?леуге ?зір т?р. Алыстан м?нарлана к?рінген тау б?ктерлеріндегі ?алы? ?арлар да бір с?т тыныстап, тере? ой?а шомады. Аспанмен талас?ан Алатауды? ас?а? шы?дары айнала?а сабырлы к?збен барлай ?арайды. ?зі биік т??ырда бол?анымен, т?мендегі тіршілік атаулы?а к?з тастап, ?ыс?ы ?ажайыптарды бір ?зіні? бойына жия т?скендей. ?ысты? ?ажайып ?мытылмас ша?тары адам жанына шуа?ын шашып, н?рын т?ге т?скендей, к?тері?кі к??іл к?й сыйлайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ыс ?ызыгы»

Қыс қызығы – сырғанақ





Қыс. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды. «Қыстың көзі қырауда» деген халқымыздың тамаша сөзі осы бір мезгілді айна-қатесіз баяндап тұрғандай немесе Абайдың «ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» деп келетін өлең жолдары да қыстың басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігін паш етеді.

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымға тән сейіл-серуені де болады. Жазда адамдар суға шомылып, күнге қыздырынса, қыста шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты сәттер де – өз алдына бір әңгіме. Барлығы қыстың суықтығын емес, бейнебір жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанысады. Биік қыраттан төмен қарай аппақ қардың үстінде ізін қалдыратын шанасымен ызғиды.

Қаңтар айының алғашқы күндері, міне, осындай қуанышты шақтарға толы. Күн сәулесі Жер-анаға шуағын төгіп, барша адамдарды өзінің жылы нұрына бөлеп, қысқы суықтың бетін қайтаруға бел шеше кіріскендей. Алыстағы таулы қыраттардан арқан бойы ұзап шыққан дала құстары әсем табиғаттың осынау ғажап шағына мейілінше құмарта қанат қағады. Алыс қия-белдердегі қалың қар көктемнің жылы лебі келгенше басқа тіршілікке орын босататын емес. Табиғаттың әдемі мезгілі – қыстың ерекше көрінісімен өріле түскен.

Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алып, жан баурайды. Қыс мезгілінің аязды күндерімен де қоса, ерекше бір жылылық сыйлайтын күндері аз емес. Әрбір төрт мезгілдің өн бойында бірімен-бірі астасып, қабаттасып жатқан ортақ күн райы бар. Қаңтар айы жаңажылдық көңіл күйді одан арі көтере түсіп, өзінің жылы күндерін аямай-ақ сыйлап жатыр. Мейірімін төккен Жер-ана да адам үшін өзінің ішкі сырларын ақтарғандай тылсым сырмен үн қатады. Көгілдір аспандағы шарбы бұлттар да өздерінің бағытын бір сәт тежеп, бейнебір сырласып тұрған арулардай. Ағаштар қыс мезгіліне дайындалып, шымырлана түскен. Олар көктем келісімен бүр жарып, айналаны көк бояуға бөлеуге әзір тұр. Алыстан мұнарлана көрінген тау бөктерлеріндегі қалың қарлар да бір сәт тыныстап, терең ойға шомады. Аспанмен таласқан Алатаудың асқақ шыңдары айналаға сабырлы көзбен барлай қарайды. Өзі биік тұғырда болғанымен, төмендегі тіршілік атаулыға көз тастап, қысқы ғажайыптарды бір өзінің бойына жия түскендей. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
?ыс ?ызыгы

Автор: Н?р?ожаев Бекжан Отар?лы

Дата: 30.12.2015

Номер свидетельства: 271400


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства