Просмотр содержимого документа
««Қуыршаққа арналған тоқаш»»
Бірінші кіші «Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.
Өткізу күні: 02.10.2018ж.
Тәрбиеші:Абдибекова З.Ж
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Пән: Сурет салу
Өтпелі тақырып: «Ас атасы нан»
Тақырыбы:Бауырсақ
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Нанды қастерлеуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Нанның қандай еңбекпен дастарханға келетінің, балалармен бірге қайталай отырып, нанға деген сүйіспеншілігіін арттыру.
Оқыту: Затты қылқаламмен дөңгелек пішін етіп салуды үйрету.
Педагогикалық технологиялар: Дамыту технологиясы, түсіндіру, көрсету,мүсіндеу
Ресурстармен қамтамасыз ету:Суреттер, тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Тақпақ жаттау:
Нан қиқымын шашпандар
Жерде жатса баспандар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастандар.
Балалар тақпақ не туралы? Наннын қиқымын не істемендер дейді?
2. Негізгі бөлімі
Жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде неше ай бар? Күзде жеміс –жидектер ,көкөністер піседі. Күзде ауа райы салқын болады, адамдар жылы киімдерін киіп күз мезгіліне дайындалады.
Күз туралы қандай тақпақ білеміз?
Алма, алмұрт,қарбыз,қауын
Бәрі бақта піседі
Жапырақтар сусып- сусып
Жерге жаймен түседі
Сурет көрсету. Түрлі тоқаштардың суреттерін көрсету.
Нанды пісіру үшін балалар бізге ұн қажет, ал ұнды жасау үшін біз бидайды пайдаланамыз
Ұннан түрлі тәтті тоқаштар, тағамдар пісіреміз.
Сергіту сәті:
Қане балалар тұрамыз
Үлкен шеңбер құрамыз
Қолды алға созамыз
Отырып бір тұрамыз
Оңға,солға бір қадам
Артқа қарай бір қадам
Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық.
Тәрбиеші өзі мүсіндеген жұмысын көрсетеді. Бауырсақты мүсіндейді. Домалатып,жұмсартып бауырсақты мүсіндеу.
3.Қорытынды
Тоқашты балалар неден пісіреді? Қандай тоқаш түрлерін білесіңдер? Ұннан тағы қандай тағамдар пісіруге болады? Біз бүгін нені мүсіндедік? Не арқылы?