Бірінші кіші «Балапан» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.
Өткізу күні
04.10..2018ж.
Тәрбиеші:Абдибекова З.Ж
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Ас атасы нан»
Тақырыбы:Қуыршаққа арналған тоқаш
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Үлкендердің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Үлкендердің еңбегін бақылау, дағдыларын дамыту
Оқыту: Ұн тағамы туралы түсінік беру, тоқаштын жасау жолын айту.
Педагогикалық технологиялар: Дамыту технологиясы, түсіндіру, көрсету.
Ресурстармен қамтамасыз ету:Суреттер, тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Тақпақ жаттау:
Нан қиқымын шашпандар
Жерде жатса баспандар
Теріп алып қастерлеп
Торғайларға тастандар.
Балалар тақпақ не туралы? Наннын қиқымын не істемендер дейді?
2. Негізгі бөлімі
Жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде неше ай бар? Күзде жеміс –жидектер ,көкөністер піседі. Күзде ауа райы салқын болады, адамдар жылы киімдерін киіп күз мезгіліне дайындалады.
Күз туралы қандай тақпақ білеміз?
Алма, алмұрт,қарбыз,қауын
Бәрі бақта піседі
Жапырақтар сусып- сусып
Жерге жаймен түседі
Сурет көрсету. Түрлі тоқаштардың суреттерін көрсету.
Нанды пісіру үшін балалар бізге ұн қажет, ал ұнды жасау үшін біз бидайды пайдаланамыз
Ұннан түрлі тәтті тоқаштар, тағамдар пісіреміз.
Сергіту сәті:
Қане балалар тұрамыз
Үлкен шеңбер құрамыз
Қолды алға созамыз
Отырып бір тұрамыз
Оңға,солға бір қадам
Артқа қарай бір қадам
Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық.
3.Қорытынды
Тоқашты балалар неден пісіреді? Қандай тоқаш түрлерін білесіңдер? Ұннан тағы қандай тағамдар пісіруге болады?