Б.қ. –аяқты айқастыра шеңбер ішінде отыру, қол басында;
1-2- оңға иілу, оң қолды шеңберге тигізу;
3-4- б.қ.; 5-6- келесі жаққа;
7-8- б.қ.
«Шеңбер алда»
Б.қ. н.т. шеңбер кеуде алдында;
1-2- отырып, шеңберді алға созу;
3-4- б.қ.
«Секіру»
1-8- шеңберді айнала секіру;
9-16- орнында жай жүру;
«Бауырсақ»
Мен бауырсақ, бауырсақ
Балалар басын оңға,солға иеді;
Мен сары бауырсақ,
Қаймақ қосып иленген,
Саусақтарды ашып жабу,
Қолды жоғары- төмен түсіру.
Пеште пісіріп, терезеде суытқан.
Отырып аяқ ұшына көтеріле қолды жоғары көтеру.
Атамнан да мен қаштым,
Әжемнен де мен қаштым,
Орнында жүру.
Қояннан да құтылдым,
Қасқырдан да құтылдым.
Екі аяқпен орнында секіру.
Аюдан да мен қаштым,
Аяқты алшақ қойып, қолды екі жаққа қою.
Оңға, солға тенселу.
Қу түлкі алдап, мені жеп қойды.
Терең тыныс алу, тез дем шығару.
«Құстар»
Балалар гим. қабырғаға мініп тұрады. «Құстар ұшты» деп белгі бергенде, залды айнала ұшады. «Дауыл соқты» дегенде, баспалдаққа өрмелеп шығады. «Дауыл басылды, күн шықты» дегенде, баспалдақтан түсіп, залды айналып ұшады.
«Түлкі мен құстар»
Балалар –құстар биікке шығып отырады. Бұл құстардың ұясы. Залдын бір шетінде түлкінің іні. Құстар биіктен жерге келіп қонады, қанаттарын қағып бір жерден екінші жерге секіріп ұшып тамақ іздейді. Нұсқаушы «түлкі» деп дабыл соққанда, құстар өз ұяларына қайта ұшады. Түлкі інінен шығып құстарды ұстауға тырысады. Балалар шапшаң ұшып биікке көтерілуі тиіс.
«Сыйлық»
Балалар қол ұстасып үлкен шеңбер құрады, бір бала ортада тұрады. Шеңбердегі балалар мына сөздерді қайталайды:
«Бәріне біз сыйлық алдық,
Кім қаласа, сол алады
Әдемі қуыршақ, сүйкімді құлыншақ
Зырылдауық және ұшақ»
Ортадағы бала аталған ойыншықтардың біреуін атап алғысы келеді, егер ол құлыншақты атаса, балалар шеңбер бойымен атша шауып жүреді, қуыршақты атаса- билейді, зырылдауықты атаса- шыр айналады.
Балалар мына сөздермен қимыл жасайды:
«Құлыншақ шауып келеді,
Тұяқтары тарсылдап
Чок, чок, чок.
Биле, биле қуыршақ
Шолпыларын сылдырап.
Зыр зыр етіп зырылдақ,
Айналады, айналады
Ызылдап тоқтайды.
Аспанда ұшақ ұшады,
Батыл ұшқыш басқарады»
Ортадағы бала жаңа ойыншыны сайлайды, ойын қайталанады.
«Қияр, қияр»
Ойын басқарушы бала залдың шетінде тұрады. Ойыншылар жерге жеңіл отырып,мына сөздерді айтады:
«Қияр, қияр анау жаққа барма
Ол жақта тышқан бар,
Көріп қойса, жеп қояр», сөз аяқталғанда, балалар залды айнала жүгіріп қашады, ойын бастаушы оларды қуалайды белгіленген жерге дейін.
«Көбелекті ұста»
Таяқшаның шетіне көбелек, немесе басқа зат байланады. Балалар шеңбер құрып тұрады, нұсқаушы таяқшаны көтеріп шеңбер ортасында тұрады, таяқшаны көтеріп,түсіріп шеңбер бойымен айналдырады. Балалар биікке секіріп, көбелекке қолын жеткізе ұстауға әрекеттенеді. Бала басын артқа тастамау үшін, көбелекті балалардың алдына қарай көтере айналдыру керек.
«Қояндар»
Қоян – балалар үш төрттен шеңбер ішінде тұрады – бұл тор. Тор жерден орындық үстіне көтеріліп қойылады. Нұсқаушы тордың жанына келіп қояндарды шығарады. Тордан шыққан қояндар жүгіріп, секіріп ойнайды. «Торға кіріндер» деп дабыл соғылғанда, шеңбер астынан торға кіреді.
«Ормандағы аю»
Залдың бір шетінде аюдың үйі орналасады. Екінші шетінде балалардың үйі орналасқан. Нұсқаушы : «Балалар, келіндер, орманға барайық, жеміс,жидек жинайық.» Балалар шашырап, көбелек қуып, жидек тереді де, мына өлең шумағын айтады:
«Ормандағы аюдың, құлпынайы көп екен
Теріп алып бір бірден, себетке біз салайық.
Аю ұйықтап жатқан жоқ
Сақ болындар, аю тұрды қашындар»
Аю балаларды қуып,ұстайды. Қолы тиген баланы өзімен алып кетеді.
«Түрлі түсті көліктер»
Залдың көлденең бойымен қолдарына түрлі түсті шеңбер ұстап тұрады – бұл руль. Нұсқаушы қолына екі түсті жалаушаны ұстап тұрады. Бір түсті жалаушаны көтергенде, сол түске сәйкес көліктер әр бағытта жүреді, бұрылады, гуілдейді. Жалауша түскенде, барлығы өз орындарына қайтады. Нұсқаушы басқа түсті көтергенде, сол түске сәйкес көліктер шығады. Екі түсті жалаушаны көтеруге болады, ол кезде барлық көліктер шығады. Көліктер бір бірімен соқтығысып қалмауы керек.
«Ұшқыштар»
Балалар үш, төрт топқа бөлінеді. Олар бір колоннамен, топ басшысының артында тұрады. Колонна залдын әр бұрышында орналасқан және түрлі түсті жалаулармен белгіленген. Бұл – аэродром. Нұсқаушының «Ұшақты дайындаңдар!» деген дабылына балалар әр бағытқа жүгіріп, өз ұшақтарының жанына келіп жанармай құйып, қолдарын айналдыра моторды қосады, қолды екі жаққа созып ұшады. «Қоныңдар» деп дабыл соғылғанда, өз тобын жинап, бір қатарға келіп аэродромға қонады. Бірінші қонған топ жеңімпаз атанады.
«Шеңберде қалып қойма»
Еденде үлкен шеңбер сызылады. Балалар шеңбердің бір жақ сыртында тұрады. Нұсқаушы шеңбердің ортасында орналасады. Балалар шеңберге кіріп, келесі жаққа тез өтуге тырысады, нұсқаушы оларды ұстап алуға тырысады. Шеңберге кіруге қорыққан балалардың жағына қарамай көрмеген сияқты болады, олар шеңберге батыл кіріп шығуы үшін.
«Допты тордан лақтыр»
Тордың екі жағында топтасып балалар тұрады. Тор балалардың көтерген қолдарының бойымен тартылады, 1-1.5 метрдан.Балалар допты бір біріне лақтыра бастайды. Немесе ойыншы төртеу болса, бір бала допты тордан асыра келесі жаққа лақтырады, қағып алған бала допты көршісіне лақтырады, ол допты тордан келесі бетке лақтырады. Нұсқаушы қай жаққа доп жерге көп түскенін санайды.
«Такси»
Екі бала шеңбер ішіне тұрады: біреуі шеңбер алдында, екіншісі – артында. Бірінші бала жүргізуші, екінші –жүргінші. Залды айнала жүреді, біраз уақыттан кейін орнымен ауысады.
«Қоймадағы тышқандар»
Бала –тышқандар залдын бір шетіне жиналады, бұл олардың үйі. Залдың ортасында бір неше доға қойылады, көлденең қойылған баспалдақтан жіп тартылады – ол қойма. Оның сыртында мысық жатады. «Мысық ұйқыда» деп дабыл соғылғанда, тышқандар доғадан, жіп астынан өтіп қоймаға жүгіреді, өздеріне тамақ іздейді, жүгіреді, шоқайып отырады. «Мысық оянды» деп дабыл соғылғанда, қоймадан қашып шығады. Мысық тышқандарды ұстауға әрекеттенеді.
«Құстар мен мысық»
Үш, төрт бала құстар, қалғандары балапандары. Бір бала - мысық. Ойын алдында құстармен балапандары биік орындықта отырады. Мысық 20-30қадамдай жерде шеңбер ішінде отырады. Құстар ағаштан ұшып,жерге қонады, жем іздейді, ұшады. «Мысық» деп дабыл соғылғанда, құстар биікке секіріп қонады. Мысық құстарды ұстап алуға әрекеттенеді.
«Ұлпа қарлар»
Ойынға қатысушылар шашырап тұрады. Ойыншылар өзін айнала немесе бір жерден бір жерге айнала ұшады. Біраз уақыттан кейін желдін бағыты өзгерді дегенде, балалар басқа жаққа айналып ұшады. Нұсқаушы:
«Ұлпа қарлар қалықтап ұшып шаршады, айнала ұшуды тоқтатты, жерге қонып демалды».
Ойыншылар тоқтап жерге отырады. (Отырғанда тепе- тендік сақтайды).
Ойынды әрі қарай жалғастырады.
«Ақ қоян жуынады»
Балалар қол ұстасып шеңбер құрып өлең создерін айтып айналады, ақ қоян ортада тұрып қимылмен көрсетеді.
«Ақ қоян қонаққа жиналды
Кел бірге жуынайық.
Беті қолды жуайық.
Өзі сондай тілалғыш.
Құлағын жуды, таранды
Орамалмен сүртінді.
Тез киініп, жиналды
Секіріп жетті қонаққа»
Қоян кімнің үйіне қонаққа барса, сол қоян болып ойынды жалғастырады.
«Біз көңілді балалар»
Балалар залдын бір шетінде, сызықтың арғы жағында тұрады. Залдан сәл алшақ қуғыншы орналасады. Ойыншылар мына сөзді айтады:
Біз көңілді балалар,
Жүгіргенді, секіргенді
Өте жақсы көреміз.
Ал кәнеки, ұстап көр
1,2,3- ұста!
Осы сөздерден кейін келесі бетке жүгіріп қашады, қуғыншының қолы тиген бала ойыннан шығады. Қуғыншы сызықтан асып кеткен баланы ұстамайды.Екі,үш жүгіргеннен кейін балалар саналып,жаңа қуғыншы сайланады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Б.қ. –аяқты айқастыра шеңбер ішінде отыру, қол басында;
1-2- оңға иілу, оң қолды шеңберге тигізу;
3-4- б.қ.; 5-6- келесі жаққа;
7-8- б.қ.
«Шеңбер алда»
Б.қ. н.т. шеңбер кеуде алдында;
1-2- отырып, шеңберді алға созу;
3-4- б.қ.
«Секіру»
1-8- шеңберді айнала секіру;
9-16- орнында жай жүру;
«Бауырсақ»
Мен бауырсақ, бауырсақ
Балалар басын оңға,солға иеді;
Мен сары бауырсақ,
Қаймақ қосып иленген,
Саусақтарды ашып жабу,
Қолды жоғары- төмен түсіру.
Пеште пісіріп, терезеде суытқан.
Отырып аяқ ұшына көтеріле қолды жоғары көтеру.
Атамнан да мен қаштым,
Әжемнен де мен қаштым,
Орнында жүру.
Қояннан да құтылдым,
Қасқырдан да құтылдым.
Екі аяқпен орнында секіру.
Аюдан да мен қаштым,
Аяқты алшақ қойып, қолды екі жаққа қою.
Оңға, солға тенселу.
Қу түлкі алдап, мені жеп қойды.
Терең тыныс алу, тез дем шығару.
«Құстар»
Балалар гим. қабырғаға мініп тұрады. «Құстар ұшты» деп белгі бергенде, залды айнала ұшады. «Дауыл соқты» дегенде, баспалдаққа өрмелеп шығады. «Дауыл басылды, күн шықты» дегенде, баспалдақтан түсіп, залды айналып ұшады.
«Түлкі мен құстар»
Балалар –құстар биікке шығып отырады. Бұл құстардың ұясы. Залдын бір шетінде түлкінің іні. Құстар биіктен жерге келіп қонады, қанаттарын қағып бір жерден екінші жерге секіріп ұшып тамақ іздейді. Нұсқаушы «түлкі» деп дабыл соққанда, құстар өз ұяларына қайта ұшады. Түлкі інінен шығып құстарды ұстауға тырысады. Балалар шапшаң ұшып биікке көтерілуі тиіс.
«Сыйлық»
Балалар қол ұстасып үлкен шеңбер құрады, бір бала ортада тұрады. Шеңбердегі балалар мына сөздерді қайталайды:
«Бәріне біз сыйлық алдық,
Кім қаласа, сол алады
Әдемі қуыршақ, сүйкімді құлыншақ
Зырылдауық және ұшақ»
Ортадағы бала аталған ойыншықтардың біреуін атап алғысы келеді, егер ол құлыншақты атаса, балалар шеңбер бойымен атша шауып жүреді, қуыршақты атаса- билейді, зырылдауықты атаса- шыр айналады.
Балалар мына сөздермен қимыл жасайды:
«Құлыншақ шауып келеді,
Тұяқтары тарсылдап
Чок, чок, чок.
Биле, биле қуыршақ
Шолпыларын сылдырап.
Зыр зыр етіп зырылдақ,
Айналады, айналады
Ызылдап тоқтайды.
Аспанда ұшақ ұшады,
Батыл ұшқыш басқарады»
Ортадағы бала жаңа ойыншыны сайлайды, ойын қайталанады.
«Қияр, қияр»
Ойын басқарушы бала залдың шетінде тұрады. Ойыншылар жерге жеңіл отырып ,мына сөздерді айтады:
«Қияр, қияр анау жаққа барма
Ол жақта тышқан бар,
Көріп қойса, жеп қояр», сөз аяқталғанда, балалар залды айнала жүгіріп қашады, ойын бастаушы оларды қуалайды белгіленген жерге дейін.
«Көбелекті ұста»
Таяқшаның шетіне көбелек, немесе басқа зат байланады. Балалар шеңбер құрып тұрады, нұсқаушы таяқшаны көтеріп шеңбер ортасында тұрады, таяқшаны көтеріп ,түсіріп шеңбер бойымен айналдырады. Балалар биікке секіріп, көбелекке қолын жеткізе ұстауға әрекеттенеді. Бала басын артқа тастамау үшін, көбелекті балалардың алдына қарай көтере айналдыру керек.
«Қояндар»
Қоян – балалар үш төрттен шеңбер ішінде тұрады – бұл тор. Тор жерден орындық үстіне көтеріліп қойылады. Нұсқаушы тордың жанына келіп қояндарды шығарады. Тордан шыққан қояндар жүгіріп, секіріп ойнайды. «Торға кіріндер» деп дабыл соғылғанда, шеңбер астынан торға кіреді.
«Ормандағы аю»
Залдың бір шетінде аюдың үйі орналасады. Екінші шетінде балалардың үйі орналасқан. Нұсқаушы : «Балалар, келіндер, орманға барайық, жеміс,жидек жинайық.» Балалар шашырап , көбелек қуып, жидек тереді де, мына өлең шумағын айтады:
«Ормандағы аюдың, құлпынайы көп екен
Теріп алып бір бірден, себетке біз салайық.
Аю ұйықтап жатқан жоқ
Сақ болындар, аю тұрды қашындар»
Аю балаларды қуып ,ұстайды. Қолы тиген баланы өзімен алып кетеді.
«Түрлі түсті көліктер»
Залдың көлденең бойымен қолдарына түрлі түсті шеңбер ұстап тұрады – бұл руль. Нұсқаушы қолына екі түсті жалаушаны ұстап тұрады. Бір түсті жалаушаны көтергенде, сол түске сәйкес көліктер әр бағытта жүреді, бұрылады, гуілдейді. Жалауша түскенде, барлығы өз орындарына қайтады. Нұсқаушы басқа түсті көтергенде, сол түске сәйкес көліктер шығады. Екі түсті жалаушаны көтеруге болады, ол кезде барлық көліктер шығады. Көліктер бір бірімен соқтығысып қалмауы керек.
«Ұшқыштар»
Балалар үш, төрт топқа бөлінеді. Олар бір колоннамен , топ басшысының артында тұрады. Колонна залдын әр бұрышында орналасқан және түрлі түсті жалаулармен белгіленген. Бұл – аэродром. Нұсқаушының «Ұшақты дайындаңдар!» деген дабылына балалар әр бағытқа жүгіріп, өз ұшақтарының жанына келіп жанармай құйып, қолдарын айналдыра моторды қосады, қолды екі жаққа созып ұшады. «Қоныңдар» деп дабыл соғылғанда, өз тобын жинап, бір қатарға келіп аэродромға қонады. Бірінші қонған топ жеңімпаз атанады.
«Шеңберде қалып қойма»
Еденде үлкен шеңбер сызылады. Балалар шеңбердің бір жақ сыртында тұрады. Нұсқаушы шеңбердің ортасында орналасады. Балалар шеңберге кіріп, келесі жаққа тез өтуге тырысады, нұсқаушы оларды ұстап алуға тырысады. Шеңберге кіруге қорыққан балалардың жағына қарамай көрмеген сияқты болады, олар шеңберге батыл кіріп шығуы үшін.
«Допты тордан лақтыр»
Тордың екі жағында топтасып балалар тұрады. Тор балалардың көтерген қолдарының бойымен тартылады, 1-1.5 метрдан.Балалар допты бір біріне лақтыра бастайды. Немесе ойыншы төртеу болса, бір бала допты тордан асыра келесі жаққа лақтырады, қағып алған бала допты көршісіне лақтырады, ол допты тордан келесі бетке лақтырады. Нұсқаушы қай жаққа доп жерге көп түскенін санайды.
«Такси»
Екі бала шеңбер ішіне тұрады: біреуі шеңбер алдында, екіншісі – артында. Бірінші бала жүргізуші, екінші –жүргінші. Залды айнала жүреді, біраз уақыттан кейін орнымен ауысады.
«Қоймадағы тышқандар»
Бала –тышқандар залдын бір шетіне жиналады, бұл олардың үйі. Залдың ортасында бір неше доға қойылады, көлденең қойылған баспалдақтан жіп тартылады – ол қойма. Оның сыртында мысық жатады. «Мысық ұйқыда» деп дабыл соғылғанда, тышқандар доғадан, жіп астынан өтіп қоймаға жүгіреді, өздеріне тамақ іздейді, жүгіреді, шоқайып отырады. «Мысық оянды» деп дабыл соғылғанда, қоймадан қашып шығады. Мысық тышқандарды ұстауға әрекеттенеді.
«Құстар мен мысық»
Үш, төрт бала құстар, қалғандары балапандары. Бір бала - мысық. Ойын алдында құстармен балапандары биік орындықта отырады. Мысық 20-30қадамдай жерде шеңбер ішінде отырады. Құстар ағаштан ұшып ,жерге қонады, жем іздейді, ұшады. «Мысық» деп дабыл соғылғанда, құстар биікке секіріп қонады. Мысық құстарды ұстап алуға әрекеттенеді.
«Ұлпа қарлар»
Ойынға қатысушылар шашырап тұрады. Ойыншылар өзін айнала немесе бір жерден бір жерге айнала ұшады. Біраз уақыттан кейін желдін бағыты өзгерді дегенде, балалар басқа жаққа айналып ұшады. Нұсқаушы:
«Ұлпа қарлар қалықтап ұшып шаршады, айнала ұшуды тоқтатты, жерге қонып демалды».
Ойыншылар тоқтап жерге отырады. (Отырғанда тепе- тендік сақтайды).
Ойынды әрі қарай жалғастырады.
«Ақ қоян жуынады»
Балалар қол ұстасып шеңбер құрып өлең создерін айтып айналады, ақ қоян ортада тұрып қимылмен көрсетеді.
«Ақ қоян қонаққа жиналды
Кел бірге жуынайық.
Беті қолды жуайық.
Өзі сондай тілалғыш.
Құлағын жуды, таранды
Орамалмен сүртінді.
Тез киініп, жиналды
Секіріп жетті қонаққа»
Қоян кімнің үйіне қонаққа барса, сол қоян болып ойынды жалғастырады.
«Біз көңілді балалар»
Балалар залдын бір шетінде , сызықтың арғы жағында тұрады. Залдан сәл алшақ қуғыншы орналасады. Ойыншылар мына сөзді айтады:
Біз көңілді балалар,
Жүгіргенді, секіргенді
Өте жақсы көреміз.
Ал кәнеки, ұстап көр
1,2,3- ұста!
Осы сөздерден кейін келесі бетке жүгіріп қашады, қуғыншының қолы тиген бала ойыннан шығады. Қуғыншы сызықтан асып кеткен баланы ұстамайды.Екі ,үш жүгіргеннен кейін балалар саналып ,жаңа қуғыншы сайланады.