Ұйымдастырушылық-ізденушілік. Рефлексті түзетушілік. | Кіріспе әңгіме. - Балалар қазір біз саяхаттап келеміз. (үн таспадан құстардың дауысы естіледі) - Мұқият тыңдайықшы, көздерімізді жұмамыз, көз алдымызға естігенімізді елестетеміз. - Балалар не естідіңдер? - Дұрыс айтасыңдар. Қандай құстарды білесіңдер? (Слайд қосылыды, сауысқан, әтеш, балапан, шымшық, тауық, тоқылдақ, қаз, үйрек, қарлығаш суреттері көрсетіледі) - Балалар осы аталған құстар қандай екі топқа бөлінеді? - Дала құстарымен үй құстарының арасында қандай айырмашылық бар? - Үй құстарына үнемі адамның күтімі қажет,ал дала құстары табиғатта өз бетінше тіршілік етеді. - Құстарды сипаттап беріңдерші. Барлығы бірдей ме? - Олардың ортақ қасиеттерін атап беріңдерші. (Барлығында қанаттары, тұмсықтары,көздері, аяқтары, қауырсындары бар, олар ұшады, жұмыртқалайды.) - Адамдарға құстардың пайдасы бар ма? (құрт-құмырсқаларды жейді,ағаштарымызды қорғайды.) - Құстар жайлы қандай өлең білеміз? Білсең артық болмас. - Жарайсыңдар құстар жайлы қанша біледі екенсіңдер. - Бүгін мен сендерді бір өте қызықты құс жайлы тереңірек таныстырғым келеді. Ол-Қарлығаш құсы. (слайттан суреті көрсетіледі) Қарлығаш – қанаттары ұзын, құйрығы айыр , кішкене ала құс, әр түрлі жерде тіршілік етеді. Қарлығаш жәндіктерді тек қана ұшып жүріп әуеде аулайды. Қарлығаш жерге тым сирек қонады. Олар аяқтарымен жақсы жүре алмайды. Тіпті суды да ұшып бара жатып тұмсығымен іліп ішеді. Ұяларын адамдарға жақын жасайды. Үйлердің шатырларында, қоралардың ішінде жасайды. Сыйын сәт: (көңілді музыка ойналады, есікті тықылдатып сиқыршы келеді) Сиқыршы: Сәлеметсіңдерме балалар, мені таныдыңдар ма? Мен сиқыршымен. Сендердің бүгін құстар туралы сөйлесіп жатқандарыңды білемін. Сол үшін құр қол келген жоқпын. Сендер сыйлық алуды жақсы көресіңдер ме? Сиқыршы: Мен сендерге сыйлыққа ертегі алып келдім. Қазір сиқырлы таяғымен ертегіні қосып беремін. (сиқыршы ертегіні балалармен бірге көреді) Сиқыршы: Ертегі сендерге ұнады ма? Сиқыршы: Ал енді мен кеттім, мені басқа балалар да күтіп қалды. Қош сау болыңдар, білімді ұл-қыздар болып өсіңдер. Сегіту сәті - Қане балалар орнымыздан тұрып,сергіп алайық. «Қарлығаш» өленің айтып қимыл жасаймыз. Дидактикалық ойын: «Құстарды ажырат» Дала және үй құстары.(Үстелдің үстінде құстардың суреттері жатады. Екі мольберт тұрады. Біреуінде «Ағаш» екіншісінде «үйдің» суреті салынған. Балалар үй құстарын үйдің суреті салынған мольбертке іледі, ал дала құстарын ағаш салынған мольбертке іледі.) «Құстар қалай дыбыстайды» - Балалар, құстар дыбас шығаратының біз білеміз . Қай құс қалай дыбыстайтынын айтып беріндерші. Ойын-саяхат. Сөйлеу тіліне жат дыбыстармен жұмыс. Қане балалар, машинаға отырайық, қауіпсіздік белбеуін салдық, жылдамдықты ұлғайтайық: қ-қ-қ...қ. машина кетті. Кетті... Ық-Ық!!! Машина тоқтап қалды! «Не болды?!» - «Алдымыздан кішкентай балапан шықты. Балапан қорқып, отыра қалды. Қәне балалар, балапанға бидай шашайық! (балар саусақпен бидай шашқандай қимыл жасайды. «Балапан жем шоқиды» (балалар саусақпен балапанның тұмсығын салып, «жем шоқиды»: Қыт-қыт-қыт-қыт... шаршады балапан. демалады-(тыныс алу). балапан су ішті (балалар су ішкендей ішіне ауа тартып). тамағын шаяды: Ғ-ғ-ғ...ғ». Балапан сендерге рахмет айтады. Ал балалар, машинаға отырайық , жылдамдықты көбейттік: қ-қ-қ...қ, Машина тоқтап қалды: Ық-ық. «Не болды?!». Алдымыздан әтеш шықты. Балалар, әтешке жем шашайық (балалар саусақпен әтешті салып, тұмсығымен жем шоқиды). Қыт-қыт-қыт-қыт...қыт. әтеш су ішті (балалар ішіне ауа тартып. тамағын шайды). Ғ-ғ-ғ-...ғ». Әтеш сендерге рахмет айтады. Шығармашылық жұмыс. Кіріспе әңгімесі: Құстарымызды тамақтандырмас бұрын менің сұрақтарыма жауап беріңдерші. - Қазір бізде қандай жыл мезгілі? Айларды атаңдаршы. - Қазір қыстың қай айы? - Құстар қыста тона ма? - Тонса не болу мүмкін? - Тонбау үшін не істейміз? (балалардың назарын құстың үлгісіне қарату) - Құсымыздың көзі мен тұмсығын саламыз. Ал көзбен тұмсық не үшін керек? - Құстардың тұмсығы қандай? - Неліктен қатты және үшкір? - Құстар немен қоректенеді? - Өте жақсы жұмысымызға кірісейік. Өздігімен жұмыс. - Балалар өткенде жасалған құстың пішініне көз бен тұмсық саламыз. Жұмыстарыңды аяқтап болған соң жемсалғышқа өз құстарыңды отырғызасындар. - Екі ыдыста құстардың тамақтары тұр, біреуінде нанның қоқымы, ал екіншісінде жем. Сол тамақтардан алып құстарға саламыз. - Нан қоқымың баспандар деген өлеңді айтып берейікші. Міне балалар біз үлкен жұмыс жасадық. Құстарға қомқоршылық білдірдік. Ең біріншіден құстарды қалай тамақтандыру керек екенін үйрендік, ал екіншіден жемсалғыш істедік. Серуенге шыққан кезде далаға іліп қоямыз. Сонда біздің құстарымызға далада тонып жүрген құстар келіп қосылады . Осы ісімізбен біз құстарға қамқыршылық жасаймыз. Ал құстар рахметтерін білдіріп табиғаттымызды көркейтеді, әсемдік сыйлайды. Біз не туралы сөйлестік және нені білдік? - Бүгін барлықтарын өте жақсы жұмыс істедіңдер, сендерге үлкен рахмен. | Балалар үн таспадан құстардың дауысын тыңдайды. Көздерін жұмады, көз алдарына естігендерін елестетеді. Балалардың жауаптары. (құстардың дауыстарын) Слайдтан құстардың суреттерін көреді. Өздіріне таныс құстарды айтады. Балалар жауап береді. Балалар қойылған сұраққа екі топтағы құстардың айырмашылығын айтып береді. Балалар құстарды сипаттап береді. Құстардың қандай пайдасы бар екенін ойланады. Өз білген өлеңдерін айтып береді. Торғай,торғай,торғайсың Қолға келіп қонбайсың Жем шашайын тойып ал Сонда торғай тонбайсың. Жылы жаққа ұшпайтын Біздің жақта қыстайтын Құстар журсе жанында Жем шашуды ұмытпа. Қазым, қазым қаңқылда, Көлде жүзіп салқында. Жем шашайын жейсіңбе? Кәмпит берші дейсің бе? Жоқ, жоқ, жоқ. Кәмпит тәтті болмайды ас, Арпа менен бидай шаш. Слайдтан әңгіменің мазмұнына байланысты қарлығаштың суреттерін көреді. Балалар сыйқыршымен амандасады. Балалар сиқыршының сұрақтарына жауап береді. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісін көреді. Сұрақтарға жауап береді. Балалар сиқыршымен қоштасады. Балалар орындарынан тұрып, «Қарлығаш» өлеңін айтып, мазмұнына байланысты қимыл жасайды. Балалар дала және үй құстарын ажыратып мольбертке іледі. Торғай: шыр-шыр деп шырылдайды, Көгершін: гу-гу деп гуілдейді, Қарға: қар-қар деп қарқылдайды, Қарлығаш: шық-шық деп шықшықтайды, Тауық: құт-құт деп құтқұттайды. Балалар ойынның мазмұныныа сәйкес қимыл жасап, дыбыстарды айтады. Балалар жауап береді. Балалар құстың үлгісін қарайды. Сұрақтарға жауап береді. Балалар үстел бастарына барады, тапсырманы орындайды. Жасап болғандар келіп жемсалғышқа құсын отырғызып тамақтандырады. Тапсырманы орындап болған балалар бір бірінің жұмыстарын бақылап тұрады. Балалар шеңберге тұрып «Нан қоқымын баспаңдар» атты өлеңін айтып береді. Нан қоқымын шашпаңдар Жерде жатса баспаңдар Жинап алып қастерлеп, Торғайларға тастаңдар. Балалар өткенді естеріне түсіреді. Құстар туралы. Оларды тамақтандырдық, қарлығаш жайлы ертегі көрдік. |