Білім беру саласы: Әлеумет. Пән: Өзін-өзі тану Өтпелі тақырып: «Қазақстанда қыстайтын құстар» Тақырыбы:Құстардың пайдасыТәрбиелік: Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.Дамытушылық: Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамыту. Оқыту: Балаларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу.
Педагогикалық технологиялар: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру. Ресурстармен қамтамасыз ету: құстардың суреттері, Билингвалдық компонент: құстар-птицы, пайдасы-польза
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Құстардың пайдасы"»
Ересектер «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған
оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 30.11.2018
Тәрбиеші:Абенова М.К
Білім беру саласы: Әлеумет. Пән: Өзін-өзі тану Өтпелі тақырып: «Қазақстанда қыстайтын құстар» Тақырыбы:Құстардың пайдасыТәрбиелік: Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.Дамытушылық: Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамыту. Оқыту: Балаларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу.
Педагогикалық технологиялар: әңгімелесу, сұрақ-жауап, түсіндіру. Ресурстармен қамтамасыз ету: құстардың суреттері, Билингвалдық компонент: құстар-птицы, пайдасы-польза
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. «Шаттық шеңбері» Қайырымды жандар айнала,
Шеңберге келсін жайлана.
Жалықпастан қайта біз,
Махаббат сөзін айтамыз.
Сүйеміз барлық әлемді,
Әлемдегі бар елді.
Бақыттымыз осы біз
Қасымызда досымыз!
ІІ. Негізгі бөлім. Балалар, енді «Жақсы, жаман» деген ойын ойнайық. Мақсаты: Жаман әдеттерден аулақ болуға, жақсы-жаманды ажыратып, қоршаған ортаға қамқор болуға тәрбиелеу. Қойылған сұрақтарға балалар дауыстап «жақсы», «жаман» деп жауап береді. Тәрбиеші:- Ағаштың бұтағын сындыру жақсы ма?- Гүлдерге су құю жаман ба? - Достарыңды ренжіткен жақсы ма?- Құстарға көмектесу жақсы ма?- Құстарға ұя жасау жаман ба? Тәрбиеші:Міне тамаша, балалар, ненің жақсы, ненің жаман екенін дұрыс айттыңдар.Бүгінгі сабағымызда құстардың табиғатқа пайдасы туралы әңгімелесеміз.Тәрбиеші: Балаларға жалпы құстардың пайдасы жайында мағлұмат беру.Балаларға құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. Табиғатты құрайтын бөліктердің бірі – құстар. Халық ежелден – ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы көретін адамды құсқа теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян етеді. Халық өз ортасынан шыққан саңылақ ұлдарын сұңқарға теңесе, төгілте ән шырқайтын әншісін бұлбұлға, ел үшін, отан үшін жанын қиятын батырларын – қыранға, елден асқан сұлуды – аққуға теңейді. Құс – табиғат байлығы. Байлықтың көзі – құстарды әркез қорғай білу керек. Олар табиғат байлығын ағаштарды, өсімдіктерді зиянды жәндіктерден тазартады. Сонда ағаштар жайқалап өседі.Құстардың ұялары туралы түсінік беру.Мыс:Қарылғаш ұясын шатырға салады,бүркіт тау басына,тауық өз кетегіне,торғайға ағашқа ұя жасаймыз.
Тәрбиеші: Дала құстарына қандай құстар жатады?
Торғай, қарлығаш, сауысқан, қарға,тоқылдақ,аққу,бүркіт т.б. көптеген құстар жатады. Ал, үй құстарына қандай құстар жатады?
Тауық, қаз, үйрек, әтеш, балапан. Слайд Балалар құстар жайлы айтылған мағұлматтарды мұқият тыңдайды.Тәрбиеші:Балалар енді мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.Кәне бәріміз бірге жұмбақтың шешімін табуға асығайық. (Дамыта оқыту технологиясы)Жұмбақ шешімін жасырамын:1.Шарлап келіп даланы, Үйіме үйін салады. (Қарылғаш)
ІІІ. Қорытынды.
-Балалар, құстардың табиғатқа қандай пайдасы бар екен?