kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қотыр торғай ертегісі

Нажмите, чтобы узнать подробности

қотыр торғай ертегісінің тех картасы

Балалар, бүгін ерекше күн! Себебі бізге көптеген қонақтар келіп отыр, қанеки орнымыздан тұрып амандасайық.

Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашады
Құтты қонақ келіпті


 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қотыр торғай ертегісі»

Ересек топтың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



Тәрбиеші: Касабаева С.Н. Тексерілді:_________________

Топ: «Қыран» ересек тобы

Күні 17 .01..2018ж

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі:Драма

Тақырыбы:Қотыр торғай..

Мақсаты

Білімділік:

Түрлі рөлдерді ойнай отырып, ертегінің түрлі кейіпкерлерінің бейнесіне енуге жағдай жасау

Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейтуге, табиғат байлығын қорғау сезімдерін дамыту.

Дамытушылық: _____Сөздік қорларын молайту.Есте сақтауын,зейінін қалыптастыру._______

Тәрбиелік: ___Достыққа,татулыққа,табиғатты сүюге тәрбиелеу.__________

Сөздік жұмыс: _ шеңгел, жүн иіру, құйын. 
Үштілдік компонент: _торғай-.воробей-sparrow

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Сурет бойынша ертегінің мазмұнын әңгімелеуді. 
Болу керек: ертегі кейіпкерлерін, сипаттауды сөздерді дұрыс қолданып, ойларын дәл жеткізеді 
Істей білу керек: дұрыс тыныс алуды, оның маңызын, сұрақтарды дұрыс қойып. Оған дұрыс жауап беру. Ертегі кейіпкерлерін ажыратуды, сипаттауды, ертегіні рөлдерге бөлініп ойнауды, дауыстарын құбылта отырып ертегіні сахналауды.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Мотивациялық-

қозғаушылық







Ұйымдастыру– іздестіру

Балалар, бүгін ерекше күн! Себебі бізге көптеген қонақтар келіп отыр, қанеки орнымыздан тұрып амандасайық.

Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашады
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал, қанекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Балалар ал енді орындарына жайғаса қойындар.

«Қуаныш шеңберінде» тұрып, жіпті лақтырып, тілек айту. «Мен өз сүйіспеншілігімді саған білдіремін. Бүкіл әлемдегі барлық балаларға жақсылық тілеймін». Жіпті бір-біріне лақтырып, шетін әр бала алып, тор пайда болады, ең соңында қайшымен қию керек. Әр баланың қолында жіп қалады.



Амандасады.

Тәрбиешімен бірге айтады.












































Есік ашылып,топқа қыс апай кіреді.

Сәлеметсіңдерме балалар ,мен сонау орманнан келдім.Өзімнің қыстап қалатын құстарымды іздеп келемін.

Тәрбиеші:Сәлеметсізбе қыс апай

Сіздің құстарыңыз біздің жақта олар жем іздеп келіпті .Біздің балалар құстарыңызға қамқорлық жасайды.

Ой сендерге көп рахмет мен өзімнің құстарымды тауып алдым.

Ендеше мен сендерге жақсы ертегімді сыйға тартамын .

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларыңа қыс туралы тақпақ айтып беріңдерші. Өте жақсы
 Бүгінгі тыңдайтын ертегіміз торғай туралы. «Қотыр торғай» ертегісін тыңдайтындарын айтады. 

Ертегімді бастайын,
Қиялдап бір тастайын,
Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөртеде,
Ертегіні сурет бойынша айтып береді, мазмұны бойынша 

Бір қотыр торғай шеңгелге қонып отырғанда, жарасының қара қотырланған аузын шеңгелдің тікенегі сыдырып кетіпті.

         Торғай ашуланып:

         — Қап, бәлем, сені ешкіге айтпасам ба! – деп, ешкіге келеді.

         — Ешкі-ешкі, ана шеңгелдің сылдырмағын неге жемейсің?

         Ешкі:

         — Оны жемек түгіл, өзім лақтай алмай жатырмын.

         Торғай:

         — Қап, бәлем, сені қасқырға айтпасам ба! – дейді де қасқырға барады.

         — Қасқыр-қасқыр, ана ешкіні неге жемейсің?

         — Оны жемек түгіл, байдың жабағысын жеп, тауыса алмай отырмын.

         Торғай:

         — Қап, бәлем, сені жылқышыға айтпасам ба! – дейді.

         — Жылқышы-жылқышы, ана қасқырды неге ұрып алмайсың?

         Жылқышы:

         — Оны ұрып алмақ түгіл, өзімнің ұйқым қанбай жүр.

         Торғай:

         — Қап, бәлем, сені байға айтпасам ба! – дейді.

         — Байеке-байеке, ана жылқышыңды неге сабамайсың?

         Бай:

         — Оны сабамақ түгіл, өзім қоспамды тауыса алмай отырмын. Торғай:

         — Қап, бәлем, сені тышқанға айтпасам ба! – деп, тышқанға келеді.

         — Тышқан-тышқан, байдың қоспасын неге жемейсің?

         Тышқан:

         — Оны жемек түгіл, өзім інімді қаза алмай жатырмын.

         Торғай:

         — Қап, бәлем, сені балаларға айтпасам ба! – дейді.

         — Балалар, балалар, ана тышқанды неге ұрып алмайсыңдар? Балалар:

         — Оны ұрып алмақ түгіл, өзіміз асығымызды ойнай алмай жатырмыз.

         Торғай:

         — Қап, бәлем, сендерді кемпірге айтпасам ба! – дейді.

         — Кемпір, кемпір, ана балаларды неге ұрмайсың?

         Кемпір:

         — Оларды ұрмақ түгіл өзім жүнімді сабай алмай жатырмын. Торғай:

         — Қап, бәлем, сені құйынға айтпасам ба? – дейді де құйынға барады.

         — Құйын-құйын, кемпірдің жүнін неге ұшырмайсың? Құйын соғып, кемпірдің жүнін ұшырады, кемпір балаларды ұрады, балалар тышқанды ұстап алады, тышқан байдың қоспасын түгеседі, бай жылқышыны сабайды, жылқышы қасқырды ұстап алады. Қасқыр ешкіні жейді, ешкі шеңгелдің сылдырмағын жей алмай, қотыр торғай шеңгелден өшін ала алмаған екен дейді.

сұрайды: 
-Ертегі не жайында? 
-Ертегіде олардан басқа тағы қандай кейіпкерлер бар? 
-Торғай шенгелге неге ренжіді? 
-Ең бірінші кімге барды? 
-Ең соңынан кімге барды? 
-Ертегі торғай жайында. 
торғай-.воробей-sparrow.

Суретпен жұмыс 
Суретте ертегі бойынша кейіпкерлерді сипаттап айтады. 
Сергіту сәті: 
- Өте жақсы балалар
Ертегіні сахналау 

Логикалық  ойын:  «Құрастыр» 

Мақсаты: Логикалық  ойлау  қабілетін  дамыту  және  еңбекқорлыққа  баулу.

Барысы: Әр  балаға  құстар  суретінің  жалпы жобасы қиылған үлгі  таратылады

және  сонымен қатар сол құстың  қиынды суреттері беріледі. Балалар   сол  үлгінің  бетіне қиынды  суреттерден  құс  бейнесін құрастырады   Оның  атын  атайды

     Дамытушылық  ойын:  «Жем шашайық» 

Мақсаты: Балаларды  үй құстарына  қамқорлық  жасауға  баулу.

 Барысы: Педагог  себеттің  ішінен  ыдысқа  салынған  арпа  мен  тарыны  алып   шығып,  ол  құстардың  азығы  екенін  түсіндіреді. Балалар  музыка 

әуенімен  жерде  шашылған  дақылдарды  арнайы  ыдысқа  салады

Дидактикалық ойын: Жұмбағымды шеш» 
Кейіпкерлерді сипаттауға үйрету. Ертегі кейіпкерлерінің суретін теріс қаратып, үстел үстіне жайып қояды. Балаларға бір суретті алып оны сипаттау керектігін, басқа балалар оның қай кейіпкер екенін табу керектігін түсіндіреді. 
Ойлануға жетелеу. 
-Қотыр торғай ұқсап елдің мазасын алуға бола ма? . 
Бәрі бірге айтады, қайталайды. 
Сұрақтарға ойланып жауап береді. 


Қыс апаймен амандасады.









Қыс мезгілі

Тақпақты айтып береді.



Ертегіні мұқият тыңдайды.































































































Ертегіні сұрақ жауап арқылы талқылайды






3 тілде жаттайды.


Барлығы орындарынан тұрып,сергіті сәтін жасайды.

Басқа киюге дайындалған ертегі кейіпкерлерінің суреттерін таратып, ертегіні сахналатады. 

Ертегіні рөлдерге бөліп ойнайды.


Берілген құстардың суретін құрайды.


.  Музыка  тоқтағанда  көп  дақыл  жинағандарын  мадақтап және  оны  құстарға  тарту етеді.  Ойынды  бірнеше  рет  қайталауға  болады.



Балалардын жауаптарын тыңдайды, мақұлдайды, бағыт береледі


Тәрбиешімен бірге айтады.

 Сұраққа жауап береді.

Рефлексивті– түзетушілік



  • Қорытындылайды: 
    -Бүгін біз не туралы әңгімелестік? 
    -Қандай ертегі айттық? 
    Белсене қатысқан балаларға педагогикалық баға берді, мақтады. 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Қотыр торғай ертегісі

Автор: қасабаева Самал нурдрахмановна

Дата: 19.11.2018

Номер свидетельства: 486536

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(25) "Ертегі ты?дау "
    ["seo_title"] => string(17) "iertieghi-tyn-dau"
    ["file_id"] => string(6) "243694"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1445786983"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(52) "«Тор?ай мен тыш?ан» ертегісі "
    ["seo_title"] => string(33) "torg-ai-mien-tyshk-an-iertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "155594"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421304135"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Ашық сабақ: Бір уыс мақта"
    ["seo_title"] => string(26) "ashyk_sabak_bir_uys_mak_ta"
    ["file_id"] => string(6) "381540"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484892497"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) "Конспекта урока  "Ертегілер еліне саяхат""
    ["seo_title"] => string(47) "konspiekta-uroka-iertieghilier-ielinie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "287666"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1454515022"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(41) "« Ертегі еліне саяхат»"
    ["seo_title"] => string(23) "ertegi_eline_saiakhat_1"
    ["file_id"] => string(6) "542578"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1584033911"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства