Просмотр содержимого документа
«"Қош келдің әз, Наурыз"»
Зеленов ауданы, Щапов ауылы «Бөбек» бөбекжайы
Тәрбиеші: Мендіғази Г.М
2019ж
Жыл басы -Наурыз!
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін
қалыптастыру.
Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.
Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады. Залда әсем әуен ойнап тұрады.
Жүргізуші:Наурыз құтты болсын аталарға
Наурыз құтты болсын аналарға
Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи
Наурыз құтты болсын
Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар.
Ал Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұ күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы»,
Той құтты болсын! Ақ мол болсын! Армысыздар құрметті қонақтар. «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды
Ортаға екі бала шығады.
Еркебулан: Ассалаумағалейкум Ұлыс оң болсын Ақ мол болсын!
Диас: Уағалейкумссалам Ұлыс оң болсын Пәле – жала жерге енсін! Екі бала төс қағыстырып аман – саулық сұрасады.
Жүргізуші:Балалар бұл біздің салт-дәстүріміздің бірі төс қағыстыру. Амал күні бір-бірімізбен құшақ жая көрісіп жыл құтты болсын айтып жақсы лебіздерін білдіреді екен.
Ортаға балдар шығып бір-бірімен көрісіп төс кағыстырады.
Екінші салт-дәстүріміз балалар ол Наурызда шашу шашу.
(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. Әжесі шашу шашады) Әже: Наурызым , құт әкелсін елімізге Береке, ырыс кірсін жерімізге «Ит» қуанышпен шығарып сап Бақыт боп «Доңыз» кірсін елімізге Жаңа жыл елімізді жарылқасын Қиналып әр отбасы тарықпасын Ата – әже келгенде қуанғандай Немерелерім сендерді қуаныштан арытпасын. Наурыз қыз: Жасай бер жаңа күн! Туа берсін жаңа күн Дүр сілкінсін дала бір Құтты болсын жаңа жыл!! Құтты болсын Наурыз – той, Құтты болсын Жаңа жыл! Жүргізуші: Жарайсыңдар,балалар Наурыз тойымызды енді әнмен бастайық.
Ән: «Наурыз»
Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Аянат: Ұлы күні кәрі- жас, Құшақтасып көріскен. Жаңа ағытқан қозыдай, Жамырасып өсірген. Наурыз той құтты болсын!
Айару : Сені тойлап қарсы алып, Бар әлемге жар салып, Сәлем бердік, біз сізге!
Санжар: Оу, халайық халайық Әсем әнге салайық Наурыз тойын көңілді Бірге қарсы алайық
Мансур: Би биледік бәріміз! Егін өңін толқытқан, Елдің көңілін шалқытқан. Бас иеміз- Наурыз!
Инабат: Наурыз тойы-береке, Наурыз тойы-жыр аңыз. Қызып дулы мереке Қызық думан құрамыз.
Тәрбиеші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған. Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық:
Әнуар: Салт дәстүрі жараса
Қайта құрып жаңаша
Жарыса өнер көрсетіп
Той тойлайық тамаша
Мадина: Ақ түйенің қарны жарылды
Наурызды елім сағынды
Үлкен-кіші сағынып
Бұл тойға бәрі жиналды
Әнуар:Бақта бұлбұл сайрасын
Сәнді көктем нұрымен
Наурыз тойы жырымен
көңіл гүлдей жайнасын
Мадина: Наурыз тойы салтымыз Аман болсын халқымыз Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын Наурыз құтты болсын!
Тәрбиеші: Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді. Тақпақтарымызды жалғастырайық.
Батыр: Наурыз келсе,құт келгені, халайық! Есік ашып,шашу шашып, Ел боп қарсы алайық..
Қайсар: Бүгін күн мен түн теңелді, Жер шуаққа көгереді, Соны тойлап ел енді. Қуанышқа кенеледі
Нурасыл: Наурыз той салтымыз, Көгерсін деп халқымыз Көшеге тал егеді. Бағымызда бұлбұлымыз сайрайды.
Ислам Б: Егін өңін толқытқан, Елдің көңілін шалқытқан. Бас иеміз - Наурыз! Сені тойлап қарсы алып
Ислам Қ:Наурыз тойым, Наурыз тойым. Құтты болсың халайық! Қане, достар, қане, достар, Шырқап әнге салайық.
Шахзода:Осыншама жақсылық Алып келген Наурызым Төрлет бізге нұр беріп, Шуақ шашып ақ жүзің!
Ойын: «Орамал тастамақ»
Тақпақ:
Исламбек:Наурыз шаттық әніміз Салтанатты сәніміз Ән саламыз бәріміз Би билейміз бәріміз
Ақбота:Наурыз айы - гүл айы Наурыз айы - нұр айы Наурыз айда халқымның Құлпыра түсер шырайы
Ақмерей: Уа, халайық, халайық! Әсем әнге салайық Наурыз тойын көңілді Бірге қарсы алайық
Кәусар:Жыл басы - Наурыз мереке, Ақ нұрға әлем боянды. Наурыз тойы береке, Тіршілік таңы оянды.
Қолғанат:Уа, жарандар, келіңдер! Той қызығын көріңдер! Наурыз тойға бас иіп, Күнге сәлем беріңдер!
Әже: Ал қонақтар мына немерелеріміз шетінен өнерлі екен. Немерелерімізде әжелерінің әлдиін сағынған болар. Қонақ кәде сұрап отырғаным. Әннен шашу шашайық. Былтыр өмірге келген немерем жасқа толып тәй-тәй басып жүр. Қазағымның ырымымен салт-дәстүрімен тұсау кескелі отырмыз.
«Тұсау кесу»
Жүргізуші: Әже тойыңыз тойға ұлассын немереңіз білімді елін жерін қорғар азамат боп өссін.
Би: «Тарту биі»
Жүргізуші: Ән қосылып әніңе
Сән қосылып сәніңе
Ырысты боп жаңа жыл
Бақ дарысын бәріңе
Ой қосылып ойыңа
Бой қосылып бойыңа Аман-есен жетейік
Келесі Наурыз тойына!- дей келе ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Көп-көп рахмет!’