kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қоршаған ортамен таныстыру

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балаларды балабақша қызметкерлерінің еңбегімен таныстыруды жалғастыру. Балаларға қамқорлық көрсетуді, ересектердің еңбектерін қадірлеуге тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қоршаған ортамен таныстыру»

Күні:

Білім беру салалары: «Әлеумет»

Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Таныс болыңдар, балабақша»(балабақшаға саяхат: топ, асхана, кір жуатын бөлме)

Мақсаты: Балаларды балабақша қызметкерлерінің еңбегімен таныстыруды жалғастыру. Балаларға қамқорлықкөрсетуді, ересектерді ңеңбектерін қадірлеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, мадақтау, ойын.

Көрнекі құралдар: Сюжетті суреттер, слайд, бейнетаспа.

Сөздік жұмыс: Көрпе тысы, ожау.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Мен бақшаға барамын,

Ойнаймын ән саламын.

Тәрбиеші әпкелер,

Досы барлық баланың.

(Ф. Оңғарсынова)

- Балалар бұл өлең кім туралы, не туралы екен?

- Иә, өте дұрыс.

- Сендерді балабақшаға келгенде кім қарсы алады?

- Балалар сіздерге балабақшаға келген ұнай ма? - Балалар балабақшамыз өте үлкен, топтар да көп. Осы балабақшада тәрбиешіден басқа кімдер қызмет етеді?


Шаттық шеңберіне тұрады.




- Балабақша,балалар және тәрбиеші туралы.

- Тәрбиеші, күтуші қарсы алады.

(Балалар жауабы)


- Дәрігер, тәрбиешілер, ән-саз жетекшісі т.б.

Іздену - ұйымдастырушы







Сурет бойынша әңгіме:

- Балалар мына суреттерге қарайықшы. Мына суреттен некөріп тұрсыңдар?

- Бұл біздің тобымыз.

- Тобымыз қандай әдемі, ойыншықтар көп, кең, таза.

- Біздің тобымызда қандай бөлмелер бар.

- Балалар ұйықтайтын бөлмеде нелер бар?

- Біздің ұйықтайтын жастық, көрпеміздің тысын апта сайын кімтазалап жуады?

- Балалар мына суретке қарайықшы, мынау біздің кір жуатын бөлмеміз.

Сергіту сәті:

Бала,бала баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа,

Батамыз да қаламыз.


Қабдікәрім Ыдырысов

Аспаз

Біздің бұл бақшада,

Бар әсем асхана.

Бар онда аспазшы,

Ақ көңіл, жақсы апа.

Әлде май құймақ па?

Борщ па, сорпа ма?

Әлде бал, қаймақ па?

Тұрады ортада.

Тәп-тәтті тағамы,

Апам ас маманы.

Пісіре білгенге

Астың жоқ жаманы.

- Өлең кім туралы айтылған?

- Дұрыс, ендеше мына суретке назар аударайық. Бұл асхана.Мен сіздерді бүгін асханамен таныстырамын. Асханада бізге тамақ әзірлейтін апайлар бар. Ол апайларды аспазшылар деп

атаймыз. Олар бізге тәтті тағамдар, тоқаштар пісіреді.

Дидактикалық ойын: «Кімге не қажет»

Шарты: Берілген суреттерді рет-ретімен орналастыру керек




(Жауаптары)


- Ойын, ұйықтайтын бөлмелер бар.

(жауабы)






Сергіту сәтін орындайды.





Өлеңді тыңдайды.










- Аспазшы.

Суретке назар аударады.






Берілген суреттерді рет-ретімен орналастырады.

Рефлексті - Коррекцялаушы


Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Балабақша туралы білуі керек.

Болуы керек:Суреттерді рет-ретімен орналастыруды игереді.

Қолынан келуі керек:Балабақша қызметкерлерінің еңбегін білді.



















































Күні:

Білім беру салалары: «Әлеуметтік орта»

Бөлімдері:Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Бір отбасында»

Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасында өмір сүретін түрлі халықтар туралы білімін кеңейту. Қатарластарына қатысты достық сезімдерін тәрбиелеу. Халық өнеріне Қазақстанда өмір сүретін халықтардың мәдениетіне және әдеби кітаптарына қызығушылығын дамыту. Достық сыйластық, әдептілік мінездерін қалыптастыру.

Әдіс – тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, мадақтау.

Көрнекі құралдар: слайд (әр ұлттың киімін, салт-дәстүрі көрсетілген)


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық


Балаларға өлең оқып береді.

Достықпен тыныштық

Аспанда күн ыстық,

Ал жерде кім ыстық?

Әке мен шешеміз.

Сүйікті тым ыстық,

Әркімге туыстық.

Туған қыз, ұл ыстық,

Бәрінен тыныштық.

Деген сөз тыныштық,

Деген сөз тым ыстық.

Тасынан тыныштық,

Достық пен тыныштық.

Ә. Табылдиев


Өлеңді мұқият тыңдайды.






Іздену - ұйымдастырушы












Міне балалар, біздің кең байтақ Қазақстан Республикасында достық пен тыныштықты қатар ұстаған бірнеше ұлттар өмір сүреді.

- Біздің Республикамыз қалай аталады?

- Қазақстан Республикасының негізгі халқы кімдер?

- Қазақстанда тағы басқа қандай ұлттар тұрады?


- Әрине Қазақстанның тұрғылықты халқы біз қазақтар.Сонымен қатар әзірбайжан, кәріс, ұйғыр, татар, орыс, қырғыз, украин, өзбек т.б. тату-тәтті өмір сүреді.

Слайд бойынша әңгіме:

«Әр халықтың өз ұлттық киімдерін киген бейне суреттер көрсете отырып сол халықтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы түсіндіріледі».

Би: «Бір шаңырақ астында»

Шарты: Әр ұлттың әуеніне сай, шаңырақты айнала билейді. Әуен тоқтағанда уық болып иіліп, керегені керіп шеңбер жасап тұрады.


Достық туралы мақал-мәтелдер:

Досы көпті жау алмайды.

Ақылы көпті дау алмайды.

Досыңды сатпа,

Аққуды атпа.




-Қазақстан Республикасы

-қазақтар.

-өзбек, ұйғыр, орыс, кәріс, түрк т.б.






Слайдқа назар аударады.




Әр ұлттың әуеніне сай, шаңырақты айнала билейді. Әуен тоқтағанда уық болып иіліп, керегені керіп шеңбер жасап тұрады

Мақал-мәтелдерді қайталайды.





Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Өзінің Отанын білуі керек.

Болуы керек:Билеуді игереді

Қолынан келуі керек:Қазақстан Республикасында тұратын халықтар туралы білді.





Күні:

Білім беру салалары: «Әлеуметтік орта»

Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Мен кіммін, мен қандаймын» (әңгіме, практикалық жаттығулар)

Мақсаты: Өзі және өзінің жай күйі туралы түсінігін кеңейту. Өзін-өзі тану талаптарын мадақтау. (Дене мүшелерін, көру, есту, дәм, иіс сезімдерін, эмоцияларын). Басқа балалардың сыртқы келбеттеріне жүріс-тұрысының, әдеттерінің ерекшеліктері бойынша ажырата білуін дамыту. Бір-біріне ілтипатты болуды тәрбиелеу

Әдіс-тәсілдер: әңгіме, көрсету, түсіндіру, ойын, мадақтау.

Сөздік жұмыс: Адамгершілік,ілтипат,сыйластық.

Көрнекі құралдар: Ойыншық жүрекше.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық


Шаттық шеңбері:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

Қабақ түйген не керек,

Көңілді болып жүрейік


Шаттық шеңберіне тұрады.

Іздену - ұйымдастырушы












Ал енді балалар біз әдемі, дене сау болып өсу үшін денелеріңді түзу ұстап бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар. Көздерімізді жұмып таза ауамен тыныс аламыз. Ауада бақыт, денсаулық, мейірім, адамгершілік мол. Енді

көздерімізді ашайық.

Ойын: «Мен қандаймын»

Шарты: Балалар өздерінің бойындағы жақсы қасиеттерін кезекпен айтып өтеді.

Мен осындай адаммын

Мені ешкім жалқау демейді,

Еңбекке бердім кезекті,

Жинадым өзім төсекті.

Гүлдерге де су құйдым,

Ойыншықтарды жинадым,

Анама гүл сыйладым.

Мен осындай баламын,

Кінә тағар маған кім?

- Балалар, бұл өлеңдегі бала қандай екен?

Сергіту сәті:

Бас,иық, тізе, саусақ,

Саусақ, саусақ, саусақ.

Көз, мұрын, құлақ, ерін,

Жылдам- жылдам көрсет бәрін.

Аяқтарым, қолдарым,

Аман болсын достарым!

Ғажайып сөздер:


Көздерін жұмып, тыныс алады.






Өздерінің бойындағы жақсы қасиеттерді айтады.

Өлең жолдарын қайталайды.








(жауаптары).

Сергіту сәтін орындайды.






Шеңбер бойында тұрып жүрекшені ұсынып бір-біріне жақсы сөздер айтады


Рефлексті - Коррекцялаушы


Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Өзі және өзінің жай күйі туралыбілуі керек.

Болуы керек:Бір-біріне ілтипатты болуды игереді.

Қолынан келуі керек:Дене мүшелерін, көру, есту, дәм, иіс сезімдерін білді.







Күні:

Білім беру салалары: «Әлеуметтік орта»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қоршаған ортамен танысу

Тақырыбы: «Көлікті кім жүргізеді» (жүргінші жолға саяхат)

Мақсаты: Жүргізушінің еңбегі туралы білімін кеңейту. Көлікпен таныстыруды жалғастыру. Көліктің бөлшектерін білу және атау. Сөйлегенде жүргізуші, шофер, жеңіл және жүк көлігі деген сөздерді белсендіру. Жолда қызмет ететін ересектердің еңбектеріне қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Жүргізуші, жеңіл көлік, жүк көлігі, жолаушылар тасымалдайтын көлік.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, мадақтау, сурет.

Көрнекі құралдар: Тақырыпқа байланысты суреттер

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Көлікпін өте мықтымын,

Көтерем ауыр жүкті тым.

Қилы-қилы жолдарды,

Қысы-жазы бір тынбай,

Бағындырып келемін.

- Балалар өлең не туралы айтылған?







- Көлік туралы.

Іздену - ұйымдастырушы







Топ бөлмесінде жеңіл көліктің картоннан жасаған макеті тұрады.

- Балалар бұл не?

- Иә. Дұрыс, жеңіл көлік.

- Көлікті кім жүргізеді?

Сурет бойынша балаларды жеңіл көліктің макеті бойынша бөлшектерімен таныстырылады. (Тежегіш, рөл, дөңгелек, айна, терезе, алдыңғы, артқы есіктері).

- Балалар жеңіл көліктен басқа жүк көліктері, адам

тасымалдайтын көліктер де бар. Жүк көлігі олар ауыр көлік, ал автобус адам тасымалдайтын көлік. Көлікті жүргізуші жүргізеді.

Сергіту сәті:

Трактормын дыр-дыр,

Қарап маған тұр-тұр

Менің мына келбетіме,

Көңіліңді бұр-бұр.

Автобусқа мініп ап,

Аралаймыз қаланы,

Сияды оған бар бала,

Іші үлкен кең дала.

Дидактикалық ойын: «Көліктерді ата»

Жолың болсын!

Атам шықса сапарға,

-Жолың болсын!- дейді апам.

Апам шықса сапарға

-Жолың болсын,-дейді атам.

-Жолың болсын,- дейді олар,

Үлкенге де кішіге.

Н.Айтов


Көліктің макетіне назар аударады.



- Бұл көлік.










Сергіту сәтін орындайды.








Көрсетілген көліктердің атын атайды.

Өлеңді мұқият тыңдап, тәрбиешімен бірге қайталайды.



Рефлексті - Коррекцялаушы


Оқу қызметін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Көліктің аттарын атай білуі керек.

Болуы керек:Көлікке қатысты сөздерді айтуды игереді.

Қолынан келуі керек:Көліктің бөлшектерін атай білді.





Күні:

Білім беру салалары: «Әлеуметтік орта»

Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Адам – тіршілік иесі» (видеороликтерді көру, практикалық жаттығулар)

Мақсаты: Өзін адам әлемінің өкілі ретінде алғашқы түсінігін кеңейту. Адамдардың бір-біріне ұқсастығы және айырмашылығы болатынын түсінуге үйрету (сыртқы түрлерінде, әдеттерінде, әр түрлі сезімдерді бастан кешіреді, көңіл күйлері әр түрлі болады). Өсу үшін адамға су, жарық, жылу, ас, қимыл мен демалыс, күтім мен махаббат қажет. Адамдар бірдей сезім бастан кешеді: қуаныш, ауру, реніш. Ересектер мен ақ ниетті болуды тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: әңгіме, көрсету, түсіндіру, ойын, мадақтау.

Сөздік жұмыс: көңіл-күй түрлері.

Көрнекі құралдар: смайликтер


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық


Шаттық шеңбері:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік,

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік!

Бейнеролик көрсету


Шаттық шеңберіне тұрады.

Іздену - ұйымдастырушы












Балалар бүгін біздер өзіміз туралы әңгімелейміз.

- Біз кімбіз?

- Біз өмір сүру үшін не қажет?

- Иә, дұрыс айтасыз. Біз өмір сүру үшін ауа, су, жарық, жылу керек. Сонымен бірге денсаулығымыз мықты болу үшін,қимылдап, шынығу керек, уақытында тамақтану керек, өзімізді күте білу керек. Шаршамау үшін демалу керек.

- Балалар айтыңдаршы, адамдар бір-біріне ұқсай ма?

Пантомимо ойыны

Шарты: дене мүшелерін ымдап, ишарамен көрсетеді. Әрбір дене мүшенің қызметін айтып береді.

Сергіту сәті:

Жер

Ауа

Су

От

Ойын «Сезіміңді көрсет»

Шарты: Суреттер бойынша балалар көңіл-күйді көрсетеді.

Балалардың көңіл-күйін білу үшін тапсырмалар береді.

- Балалар, сендердің ата-аналарың келгенде, сыйлық алып

бергенде қалай қуанатындарыңды білгім келеді. Қане көрсетейік.

- Ал, егер ренжісеңдер көңіл-күйлеріңді қалай көрсетесіз?

- Егер қолыңды немес аяғыңды ауыртып алсаңдар, не істейсіңдер?

- Жоқ.

- Қане, бәріміз шеңберге тұрып, бір-бірімізге жақсы тілек тілейік!

- Сіздер бір-біріңізге қандай тілек айтар едіңдер?

- Ендеше мен сендерге әдептілік ережесін айтайын. Оны

естеріңде сақтаңдар.

- Сәл нәрсеге ашуланба!

- Үлкеннен бұрын сөйлеме.

- Үлкенді сыйла


-Адамбыз.

-Ауа, су, жарық.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.





- Дене мүшелеріміз ұқсайды, бірақ түріміз ұқсамайды.

Ымдап, ишарамен көрсетеді. Әрбір дене мүшенің қызметін айтады.


(Балалар отырады)

(Қолдарын жоғары көтереді)

(Қолдарымен толқынды бейнелейді)

(Орындарында тұрып айналады).





Көңіл-күйлерін бет әлпетімен көрсетеді.





- Денің сау болсын, ауырма,

- Денсаулығың мықты болсын...


Әдептілік ережелерін мұқият тыңдайды.




Рефлексті - Коррекцялаушы


Балаларды мадақтайды. Оқу іс-әрекетін сұрақ–жауап арқылы қорытындылайды

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Адамның көңіл-күйлерін білуі керек.

Болуы керек:Көңіл-күйлерін көрсетуді игереді.

Қолынан келуі керек:Адам тіршілік етуге қажетті жағдайларды білді.




















































Күні:

Білім беру салалары: «Әлеуметтік орта»

Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Дәрігер бізді қызылшадан емдейді» (дәрігер кабинетіне саяхат)

Мақсаты: Дәрігер қызметі және оның еңбек әрекеттері туралы білімдерін кеңейту. Дәрігер балалардың денсаулығын қадағалайтыны, ауырған жағдайда емдейтіні туралы білім беру. Дәрігер қызметінде қолданатын құралдармен таныстыру. Еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу

Сөздік жұмыс: Дәрігер, қызылша ауруы.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, мадақтау.

Көрнекі құралдар: дәрігер қызметінің құралдары


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Ақ халатты абзал жан,

Адам жанын ұғынған.

Ауырғанға шипа боп,

Дәрі-дәрмек ұсынған.

Дәрігер сыйлығы.

- Балалар өлең кім туралы?


Шаттық шеңберіне тұрады.






- Дәрігер


Іздену - ұйымдастырушы







Ендеше бүгін біз дәрігер бөлмесіне қонаққа барамыз.

Дәрігердің қызметімен танысамыз.

- Балалар дәрігер апаймен барлығымыз амандасайық.

- Балалар мынау дәрігер бөлмесі. Мынау біздің дәрігер

апайымыз. Дәрігер апай біз ауырсақ бізді емдейді. Біздерге дәрумендер береді. Балабақшадағы бізге берілетін ас мәзірін дәрігер қадағалайды. Тазалықты тексереді.

- Дәрігер бүгін сіздің қызметіңізмен танысуға келдік. (Дәрігер өз қызметі туралы, дәрігер бөлмесіндегі құрал-жабдықтар туралы әңгімелейді).

- Ауырмау үшін не істеу керек?

Сонда сендер ауырмайсыңдар. Тіпті қызылша ауруымен де ауырмайсыңдар.

Сергіту сәті:

Мөлдір-мөлдір су,

Мөлдір суға бетіңді жу.

Бетіңді жусаң әрдайым,

Аппақ бетің маңдайың.

Қолымызды сабынмен

Жақсылап бір жуайық.

Тазалықты сақтайық.

Біз ұқыпты болайық.

Дидактикалық ойын: «Дәрігер»

Шарты: заттардың ішінен дәрігерге керекті заттарды топтастыру.

- Балалар сіздер дәрігерге керекті құрал-жабдықтарды жақсы топтастырдыңдар. Дәрігер балаларды мадақтап, дәрумендер таратады


(дәрігер бөлмесіне саяхат).


(Амандасады).







- Тазалықты сақтау керек, үнемі қолды сабынмен жуу керек, жеміс жидектерді жуу керек, т.б.


Сергіту сәтін орындайды.










Дәрігерге қажетті заттарды ажыратады.




Рефлексті - Коррекцялаушы


Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Дәрігердің еңбегін қадірлей білуі керек.

Болуы керек:Дәрігерге қызметінде қолданатын құралдарды ажыратуды игереді.

Қолынан келуі керек:Дәрігер қызметі мен оның еңбек әрекеттерін білді.




Күні:

Білім беру салалары: «Әлеуметтік орта»

Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Отбасында барлығы еңбек етеді» (Бейнеролик көру)

Мақсаты: Балаларға отбасы бұл бірге тұратын, бірін-бірі жақсы көретін, бір-біріне қамқор болатын адамдар екені туралы түсініктерін кеңейту. Балалардың отбасындағы еңбек әрекеттері туралы түсініктерін байыту. Ересектердің еңбектеріне деген қызығушылықты және оның нәтижесін қадірлеуді тәрбиелеу. Отбасы мүшелеріне туған үйіне инабатты және қамқор қатынасын тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, сұрақ-жауап, ойын, мадақтау, өлең.

Көрнекі құралдар: бейнеролик


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Кел, санайық екеуміз.

Бас бармағым-атам,

Балаң үйрек-апам,

Ортан терек-ағам,

Шылдыр шүмек-мен.

Кішкене бөбек-сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.


Саусақ арқылы санамақты орындайды.

Іздену - ұйымдастырушы







«Менің отбасым» атты бейнеролик қарау.

Сергіту сәті:

Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме мен құдықтан,

Су әкеліп беремін.

Еденді де жуамын,

Шаң-тозаңды қуамын.

Ата

Аппақ күміс сақалды,

Жақсы көрем атамды,

Ардақтаймын өмірде,

Асқар таудай атамды.

Әжем

Таусылмайтын өлеңі

Күнде айтып береді

Барған сайын бір жаққа,

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені өйткені

Өте жақсы көреді.

Серікбай Оспанов

Мақал-мәтел:

Ата, әже - отбасы тірегі.

Үлкенге ізет,

Кішіге ілтипат.

Үлкендерді үнемі сыйлау керек.

Дидактикалық ойын: «Кім жоқ»

Шарты: Тәрбиеші тақтаға отбасы мүшелерінің суреттерін іледі. Балалар көздерін жұмады. Көздерін ашқанда балалар қандай сурет жоқ екенін тауып айтады.


(Отбасы мүшелері туралы әңгімелеу).


Сергіту сәтін орындайды.







Өлең жолдарын тыңдап, тәрбиешімен бірге қайталайды.











Мақал-мәтелдерді қайталайды.






Көздерін жұмады. Көздерін ашқанда қандай сурет жоқ екенін тауып айтады

Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.


Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Отбасы мүшелерін атай білуі керек.

Болуы керек:Дидактикалық ойынды ойнауды игереді.

Қолынан келуі керек:Отбасы мүшелерінің еңбек әрекеттерін білді.




Күні:

Білім беру салалары: «Әлеуметтік орта»

Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Дүкенде кім қызмет етеді» (саяхат)

Мақсаты: Ересектердің еңбегімен таныстыруды жалғастыру. Сатушының, кассирдің қызметі туралы білімдерін кеңейту. Ересектердің еңбектеріне деген қызығушылықты, дүкенде қызмет ететін адамдарға инабатты қатынасына тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын,мадақтау.

Сөздік жұмыс: дүкенші,кассир, сатушы.

Көрнекі құралдар: Ақтау қаласындағы «Атаба» супермаркеті, слайд, құралдар, тағамдар.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Армысыз алтын күн!

Армысыз қайырымды аспан ана!

Армысыз мейірімді жер ана!

Қуанайық шаттанайық бәріміз,

Күліп атты таңымыз!

Шаттық шеңберіне тұрады.

Іздену - ұйымдастырушы







Балалар қай қалада тұрамыз?

- Ақтау қаласы қандай?

- Балалар Ақтау қаласындағы қандай дүкендерді білесіңдер?

- Дүкенде кім қызмет етеді?

Слайд бойынша әңгімесі:

«Мына дүкен өте үлкен. Бұл дүкенді супермаркет деп атайды. Супермаркетте сөрелер бар. Сөрелерде тағамдар, тұрмыстық заттар жиналып тұр. Олар рет-ретімен орналастырылған. Дүкенде керек нәрсеңді салуға арналған арбалар бар. Біздерге қызмет ететін

мамандар жұмыс жасайды. Олар сатушылар мен кассирлер».

Сергіту сәті:

Бір саусағым тіпті де,

Іле алмайды жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Тағам қолға ілікті.

Өнерлі екен он саусақ,

Дүкен салсақ, үй салсақ.

Сюжетті-рөлді ойын: «Дүкен»

Шарты: Тәрбиеші сатушы болады, балалар сатып алушы болады.

- Сәлеметсіз бе!

- Міне сізге шоколад.

- Кассирге барып төлейсіз.

- Рахмет сау болыңыз.

- Ақтау қаласында.

(жауаптары).

(жауаптары).


- Дүкенші.


Слайдқа назар аударып, тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.







Сергіту сәтін орындайды.









-Сәлеметсіз бе!

- Маған тәтті шоколад керек.

- Бағасы қанша тұрады?

- Рахмет сау болыңыз.


Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.


Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Ересектердің еңбегін білуі керек.

Болуы керек:Сатып алушы рөлін ойнауды игереді.

Қолынан келуі керек:Дүкеншінің қызмет әрекетін білді.











Күні:

Білім беру салалары: «Әлеуметтік орта»

Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: «Сізге хат келді» (поштаға саяхат)

Мақсаты: Пошта қызметтерінің іс-әрекеті және еңбек әрекеттері туралы түсініктерін кеңейту. Пошта қызметкерлері хаттарды, сәлемдемелерді жіберіп, газеттерді таратындары туралы білім беру. Ересектердің еңбектерін қадірлеуге өзі еңбек етуге ынтасын арттыру.

Сөздік жұмыс: пошташы, хат, газет-журнал.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгіме, көрсету, түсіндіру, мадақтау.

Көрнекі құралдар: Тақырыпқа сай суреттер.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотиватциялық- қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір.

Жаттығулар жасасақ,

Жақсы сергіп қаламыз.


Шаттық шеңберін қимыл-қозғалыс жасау арқылы орындайды.

Іздену - ұйымдастырушы







- Балалар, бізге конферт келіпті. Ол конферт ішінде хат бар, кәне ашып оқиық.

- Сәлем хат балалар, бұл хатты жолдаған пошта қызметкерлері.

(хатты оқу).

- Бізді өз жұмыс орнына қонаққа шақырыпты. Барамыз ба, балалар?

Топ ішінде арнайы жасақталған пошта пунктіне келіп, пошта қызметкерлерімен танысады.

Пошта қызметі туралы, хат туралы, сәлемдеме, газет-

журналдар байланыс құралдары туралы әңгімелейді.

Сергіту сәті:

Қызыл, сары , жасыл, көк,

Алуан, алуан гүлдер көп.

Бір, екі , үш, төрт, бес,

Әдемі болып өс!

Өлең оқу:

Достарымнан таныссаң,

Ата,көке,әженің.

Әкеледі алыстан,

Ыстық-ыстық сәлемін.

Оған ортақ әр үйдің,

Қуанышы,шаттығы.

Бәрі оны таниды,

Хатқа толы қапшығы.

Хат тасушы:

Ол жатқа біледі, қаланы

Бар көше, бар үйге барады

Біздің де ауланы табады.

Әркез кеп есікті қағады.

Ағама,тәтеме, атама, әжеме, көкеме, апама,

Көк-көп хат келеді алыстан,

Достардан, тумадан, таныстан


Хатты мұқият тыңдайды.


Хатты мұқият тыңдайды.




- Иә, барамыз.






Сергіту сәтін орындайды.





Өлең жолдарын тыңдап, тәрбиешімен бірге қайталайды.

Рефлексті - Коррекцялаушы

Оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:Өлең жолдарын қайталай білуі керек.

Болуы керек:Шаттық шеңберін қимыл-қозғалыс жасау арқылы игереді.

Қолынан келуі керек:Пошташының қызмет әрекетін білді.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Қоршаған ортамен таныстыру

Автор: Қайырбай Амангүл Бекболатқызы

Дата: 04.02.2019

Номер свидетельства: 498438

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Таным. ?орша?ан ортамен таныстыру «Б?лме г?лдері»"
    ["seo_title"] => string(46) "tanymkorshaganortamientanystyrubolmieghuldieri"
    ["file_id"] => string(6) "311785"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459254882"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "Таным. ?орша?ан ортамен таныстыру «Б?лме г?лдері»"
    ["seo_title"] => string(47) "tanymkorshaganortamientanystyrubolmieghuldieri1"
    ["file_id"] => string(6) "311786"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459254889"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) "?орша?ан ортамен таныстыру "Мені? ?йімдегі б?лме г?лдері" ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(77) "k-orshag-an-ortamien-tanystyru-mienin-uiimdieghi-bolmie-ghuldieri-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "202821"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429338719"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "?орша?ан ортамен таныстыру.?й жануарлары"
    ["seo_title"] => string(39) "korshaganortamientanystyruuizhanuarlary"
    ["file_id"] => string(6) "321201"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1461238189"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(164) "?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті:?орша?ан ортамен таныстыру,экология.Та?ырыбы:?она??а барамыз. "
    ["seo_title"] => string(105) "u-iymdastyrylg-an-ok-u-is-riekieti-k-orshag-an-ortamien-tanystyru-ekologhiia-tak-yryby-k-onak-k-a-baramyz"
    ["file_id"] => string(6) "190560"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1427192977"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства