kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект открытого занятия по математике

Нажмите, чтобы узнать подробности

конспект занятия по математике подготовительная группа

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект открытого занятия по математике»

Ашық сабақ

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: ҚМҰҚ

Тақырыбы: «Профессор Білгіштіңзертханасында»

Мақсаты: Көлем өлшемдері туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: Балаларды шартты өлшемдерді қолдана отырып, тармақтарды және әртүрлі заттарды өлшеуге және оларды салыстыруға үйрету. Тәжірибе мен эксперименттерді өткізу арқылы берілген міндеттерді өздігінен шешім табуға үйрету. Анализ жасауға, шешім қабылдауға үйрету; өзара қарым-қатынас заңдылықтарын орнату. Көлемдерді заттың қасиеті ретінде қарастыруға үйрету. Ойлап табу, салыстыру, бір сөзбен атау, көз мөлшерлерін, ой-өрістерін және сөйлеу дағдыларын дамыту. Математиканы ғылым ретінде қарастыруға қызығушылықтарын ояту.

Сөздік: қарыс, шынтақ, өлшем

Билингвалды құрауыш: көлем – volume; өлшем – measure; ұзындық – lenght.

Көрнекіліктері: жіптер, түрлі – түсті таспалар, қайшы, жай қарындаштар, фломастерлер, теледидар. Шартты өлшем, үстелдің ұзындығы мен енін өлшеуге арналған карточкалар. Мескедегі бұршақ, стакандар, мензуркалар, кішкентай қасықтар, көлемді өлшеуге арналған карточкалар. «Ойлайтын қалпақ»


Сабақ барысы

1. Психологиялық дайындық «Шаттық шеңбер»

Шеңбер болып тұрамыз

Алақанды ашамыз.

Күннің нұрын салайық

Таза ауаны жұтайық

Жүректің жылы шуағын

Қонақтарға шашайық!

2. – Балалар, сендер профессор Білгіштің зертханасына барғыларың келеді ме?

- Қалай ойлайсыңдар, зертхана деген не? Онда кім жұмыс істейді? (балалардың жауаптары) Оны біз қазір зертханаға барғасын білеміз.

- Білгіштіңзертханасына тезірек жету үшін біз қандай жолмен өту керекпіз? (қысқа жолмен)

Тәрбиеші балалардың зейіндерін таспалардан жасалған, едендегі жолдарға назарларын аудартады – ирек, түзу және сынық.

- Балалар, біздің алдымызда үш жол бар екен. Ол жолдарды біз қалай өлшей аламыз? Олардың қайсысы қысқа? (балалар ойлайды)

Ұзындықты өлшеу реті:

- өлшемнің шетін белгілеу;

- өлшем толық жайылғаннан кейін, жіпті кесу;

- алынған нәтижені салыстыру.

(Балалар жіпті жайу арқылы жолдардың ұзындығын өлшейді де, салыстырады. Соңында барлық жолдардың ұзындығы бірдей болып шығады)

- Балалар, біз қандай нәтижеге келдік? Сонымен, қандай жолмен барамыз? (балалар өздеріне ұнаған жолды таңдайды)

3. Міне балалар, біз зертханаға келдік. (балалардың назарларын теледидарға аударту) Балалар, мұнда теледидар бар екен, оны қыстырып көрейікші... (теледидарды қосу)

Білгіш теледидардан балаларды қарсы алады:

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер жаңа және қызықты білім алғыларың келеді ме?

- Балалар біз бүгін профессор Білгіштің зертханасында көптеген қызықты тапсырмаларды орындаймыз. Бірінші тапсырманы тыңдаңдар, сендер дене шынықтыру сабақтарында сапқа бойдың ұзындығы бойынша тұрасыңдар. Ал қазір біз шаштарымыздың ұзындығы бойынша сапқа тұрамыз.Ең ұзын шаштан бастап, ең қысқы шашқа дейін.

- Балалар, ағылшын тілде «ұзындық» сөзі – «lenght» деп аударылады.

Балалар шаштың ұзындығы бойынша сапқа тұрады.

Білгіш теледидардан сөйлейді:

- Жарайсыңдар балалар! Тапсырманы жақсы орындадыңдар. Енді екінші тапсырманы мұқият тыңдаңдар. Тіктөртбұрышты үстелдердің ұзындығы мен енін өлшеп алу керек.

Тәрбиеші:- Балалар, қазір біз «Өз бұрышыңды тап» деген ойын ойнаймыз. Мен сендерге екі балаға бір-бір карточкалардан таратамын, ал сендер үстелдердің жиегіндегі түстер бойынша тұрасыңдар.

Балалар өз орындарын тауып, үстелдің қасына тұрады.

- Балалар, үстелдің ұзындығы мен енін өлшем заттарсыз қалай өлшеуге болады?

- Дұрыс балалар, баяғы заманның адамдары барлығын дәл солай өлшеді. Қазір біз өлшеу атауларымен танысамыз – екі саусақтың арасықарыс деп аталады. Екі саусақтың арасын толық ашқанда, ол өлшемді қарыс деп айтады.

- Балалар, ағылшын тілінде «өлшем» сөзі – «measure» деп аударылады.

Балаларға қарыспен өз үстелдерінің ұзындығы мен енін өлшеуге ұсыну. Жауаптарын карточкаларға таяқшаларды жазып, алған нәтиженің санын торкөзге жазу.

- Балалар, келесі өлшем атауы шынтақ деп аталады. Шынтақпен мен өз үстелімнің ұзындығы мен енін өлшеймін. Алған нәтижелерін карточкаларға белгілеп жазып отыру керек.

Балаларға шынтақпен қалай өлшеп карточкаларға белгілеуді көрсету. Балалар шынтақтарменөлшейді. Жауаптарын карточкаларға жазып отырады.

- Балалар, сендерде қандай жауаптар шықты? (балалардың жауаптары)

Білгіш теледидардан сөйлейді:

- Өте дұрыс, балалар! Енді келесі, үшінші тапсырманы тыңдаңдар. Жұмысты екі-екіден жасайсыңдар. Себілетін көлемді, ол бізде бұршақ, әртүрлі өлшемдермен өлшеп алып, оны салыстыру керек. Әрине, барлық жауаптарыңды карточкаларға жазып, белгілеп отыру қажет.

Тәрбиеші:- Балалар, мына заттарды бір сөзбен қалай атауға болады? Стақан және мензурка. (өлшем)

- Балалар, сендердің үстелдеріңде ыдыстар бар. Оларды біз өлшем ретінде қолданамыз.Жұмысты біз жұппен жасағаннан кейін, бөліп аламыз. Менің оң жағымдағы балалар өлшейді, ал сол жағымдағы балалар санап карточкалармен жұмыс жасайды. Мысалы бұршақ неше стақан? (балалардың жауаптары) Мен картокаға бір таяқшаны саламын, ол бір стақан бұршақ дегенді білдіреді. Содан кейін торкөзге қандай санды жазамын? (балалардың жауаптары) Енді сол стақаннан қасықпен бұршақты мензуркаларға сеуіп өлшеп, неше мензурка бұршақ шықты, жауаптарын карточкаларға жазып отырасыңдар.

Әрбір бұршақтың өлшемі біріншідегі сияқты, екінші өлшемде дәл сондай толып тұру керек екеніне назарларын аударту.

Дәл солай барлық бұршақты сеуіп тастау керек. Карточкалардағы белгілердің барлығын санап болғаннан кейін, балалар қанша стақан мен мензурка шыққанын айтады. Шешім қабылдап, анализ жасайды.

  • Балалар, ағылшын тілінде «көлем» сөзі – «volume» деп аударылады.

Тәрбиеші:- Балалар, қандай өлшемдер көп болып, қандай аз болып шықты? Немен өлшегенде көп болды? Немен өлшегенде аз болды? Яғни, өлшем неғұрлым үлкенірек болса, өлшем саны, соғұрлым кем болады. Ал өлшем неғұрлым кішкентай болса, өлшем саны соғұрлым артық болады.

Зерттеу жұмысынан кейін жартылай шеңберге тұрып, зерттеу әрекетін қорытындылауға жиналады.

Білгіш теледидардан сөйлейді:

- Ұзындық өлшемдері мен көлем өлшемдерінің қорытындылары бойынша біз қандай шешімге келеміз?

Балалар карточкаларын қарастырып, келесі шешімге келеді:

  1. Өлшем неғұрлым үлкенірек болса, өлшем саны соғұрлым кем болады.

  2. Өлшем неғұрлым кішкентай болса, өлшем саны соғұрлым артық болады.



  1. Рефлексия «Ойланатын қалпақ»

-Балалар, бұл қалпақты киген бала бүгінгі сабақта жаңадан не біліп алғаны туралы, қандай әсер алғаны туралы айтады.

- Мысалы, «Маған бүгін сендердің сабаққа қатысқандарын өте ұнады. Мен сендердің өте ақылды, өте талапты, өте тәртіпті балалар екенін біліп алдым!»

Балалар қалпақты киіп сабақта не біліп алғандарын және алған әсерлері туралы айтады.


Білгіш теледидардан сөйлейді:

- Балалар, сендер бүгін жұмысты өте жақсы жасадыңдар. Мен сендерге өз алғысымды білдіремін. Көптен-көп рахмет сендерге, балалар. Менің зертханам сендерге ұнаса, маған қонаққа жиі келіп тұрыңдар. Ал менің сендерге деген сыйлығым бар. Сау болыңдар, балалар!!!

Балалар Білгішпен қоштасып, балабақшаға оралады.

Балаларға арналған сыйлықтарды тарату.































МҚКК «Павлодар қаласының № 29 сәбилер бақшасы»














«Жыл тәрбиешісі» қалалық конкурсына арналған сабақ конспектісі

Тақырыбы: «Профессор Білгіштің зертханасында»

Дайындаған: Ж.Е.Туртулова

























2015 жыл




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Конспект открытого занятия по математике

Автор: Туртулова Жанар Еркиновна

Дата: 19.01.2017

Номер свидетельства: 381389

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(177) "Конспект открытого занятия по математике в подготовительной группе «Занимательная математика»"
    ["seo_title"] => string(93) "konspiektotkrytoghozaniatiiapomatiematikievpodghotovitielnoighruppiezanimatielnaiamatiematika"
    ["file_id"] => string(6) "299838"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1456598110"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(206) "Конспект открытого занятия в подготовительной группе по ФЭМП. Тема : Повторение и закрепление  изученных знаний."
    ["seo_title"] => string(124) "konspiekt-otkrytogho-zaniatiia-v-podghotovitiel-noi-ghruppie-po-femp-tiema-povtorieniie-i-zakrieplieniie-izuchiennykh-znanii"
    ["file_id"] => string(6) "278855"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453137846"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(143) "Конспект открытого занятия по математике в старшей группе «В гостях у сказки»"
    ["seo_title"] => string(80) "konspekt_otkrytogo_zaniatiia_po_matematike_v_starshei_gruppe_v_gostiakh_u_skazki"
    ["file_id"] => string(6) "476606"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1535541144"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(191) "Конспект открытого занятия по образовательной области "ФЭМП" : Нашествие пиратов на страну: "Математика"."
    ["seo_title"] => string(80) "konspiekt_otkrytogho_zaniatiia_po_obrazovatiel_noi_oblasti_femp_nashiestviie_pir"
    ["file_id"] => string(6) "469880"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1526488281"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(214) "Методическая разработка открытого занятия по дисциплине «Математика» на тему: «Решение логарифмических уравнений»"
    ["seo_title"] => string(80) "metodicheskaia_razrabotka_otkrytogo_zaniatiia_po_distsipline_matematika_na_tem_1"
    ["file_id"] => string(6) "498565"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1549379788"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства